Бозашыда Үлек қауымында Мұрат ата, Көсем ата деген әулиелер бар, бұлар киелі орындар болып саналады. Мұрат Есеннің Өтебайының баласы болса, Көсем Сейіттің Бәйденінен туылған немересі. Екеуі де ауырғандар басына түнейтін қасиетті орындар ретінде қастерленеді.

Мұратты Сүйінғара батырдың ауылын шабуға келе жатырған Түрікпендер көшіп келе жатырған жол үстінде өлтіріпті. Көшіп келе жатырған ауылдар ілгері кетіп, Мұрат ата малшылармен келе жатады. Бір бөлек түрікпендер соларды көреді де, Мұрат атаны найзамен шаншып өлтіреді. Арттарынан келіп жеткен түрікпендер Мұрат атаның денесінен қан орнына сүт ағып жатырғанын көреді. Іштеріндегі бір үлкені: \” Әй болмаған екен. Түсімде осы кісі аттың мойнына қыл байлап еді. Көрген түсімді ішімнен жаратпап едім: \” Не болар?\”- деп. Осыған көрінген екенғой . Бұл құр адам емес, әулие кісі болды. Көрдіңдер ме, қанның орнына сүт ағып жатырғанын?! Енді біздің ісіміз оңға баспайды. Бізге енді елде, жерде жоқ, сүйегіміз айдалада қалады. Түнде аттың мойнына байланған қыл осы болды. Аттарыңның басын кері бұрыңдар! депті де өзіде атының басын кейін қарай бұрып, келген іздерімен кері жүріп кетіпті. Қасындағыларда басшыларының сөзін тыңдап кейін бұрылып жүре бергенде, көп ұзамай қалың тұманға тап болыпты. Сол арада жаңбыр жауады. Бұлардың Мұрат атаны өлтірген жері сордың жағасы екен. Бұл сордан Ақшымырауға қарай шығар жол. Әлгі түрікпендер бағытынан адасып қалады. Мезгіл ұлы бесін екен дейді. 

Малды айдап келе жатырған қойшы өлген Мұрат атаны да, малды да тастап, кеткен көшті қуып жетіп, болған оқиғаны айтады. Көшті осы араға қондырыңдар. Кейін кеткен жауды қууға жақын маңдағы ауылдарға тез адам шаптыру керек дейді. Сол жерде ауыл ерулеп кідіріп, жақын маңдағы ауылдарға хабар айтылады. Мұрат атаны жерлеген соң батырлар ақылдаса келе, Мұрат атаны өлтірілген жерінен бастап ізге түсіп түрікпендерді қуып жолға шығады.

Қазақтың батырлары ізбен барса түрікпендер адасып, аттары балшықтан діңкелеп, таудың үстіне шығар жол таба алмай бір жерге тоқтап иіріліп тұрған жерлерінен үстерінен тап береді. Қазақтың батырлары сол жерде бәрінде бауыздап өлтіреді. Сол жер кейін өлген түрікпендер санымен: \” Қырық қырмақ \” аталып кетеді… 

Мұрат әулие
Tagged on: