Айтумыстан бір ұл бар

Есімі оның Шылым-ды.

Жас күнінде сол Шылым

Қасиеті жұртқа білінді.

Абыройы соншалық,

Халық аузына ілінді…

\”Тоғыз тақта \” Шылымды

Енді айтайын тақталап,

Сөз сөйлейін төтелеп,

Сөзді сөзге еселеп,

Тоқтатпаса бір білгір, 

Қатесін тауып кеселеп.

Бәйбіше, тоқал-екі әйел

Алған жары Шылымның

Турасын айтсақ жекелеп,

Ағасы Жомарт өлгесін,

Алдасай рұқсатын бергесін

Ақсұқсырдай келінін,

Үстіне алды некелеп.

Ыбырайым ахұн Құлбайұлы

Әлнияздың ( Бұзау) баласы Айтумыстан Шылым жалғыз екен дейді. Айтумыс, біздің пайымдауымызша, баласы Шылымның әлі жас кезінде, балиғатқа толмай тұрған кезінде фәниден өткен тәрізді. Кеңес дәуірінде Ата-тек ке қатысты солақай саясаттың әлегінен кейінгі ұрпақтың көпшілігіне Айтумыс есімі тосындау болғаны жасырын емес. Айтумыс туралы көп әңгіме естілмеуін біз оның тым жас кезінде бақилық болғанынан деп түсінеміз. Айтумыс атаның бүгінгі ұрпағы Әбішұлы Сәбиттің шежіресінде осы Айтумысқа мынандай дерек келтіреді. \”… Айтумыстан Шылым жалғыз. Айтумыс соғыста жастай өлген. Айтумыстың тағдыры жөнінде мына дерекке назар аударуға болады. Қазақтарды Еділ өзенінің батыс бетінен шығысына ығыстырған сонау хv-хvi ғасырдағы ойраттармен (қалмақтар) болған қанды қырғын соғыстардың бірінде Қазақтар ойсырай жеңіліс табады. Қашып ұрыс сала жүріп елді, жасақтардың басым бөлігін Еділден өткізу кезінде азғана қолымен тосқауылда қалған Айтумыс батыр сол соғыста жасақтарымен бірге шейіт болады. Бірақ, өз міндеттерін абыроймен атқарып, ел-жұртын аман-есен Еділден өткізіп үлгереді. Сол күнгі қанды қырғын соғысты ойрат шежірешісі былай суреттейді: \”17 жастағы жаудың (Қазақтың) жауынгері Айтумыш баһадүр жүз қаралы жауынгерімен әскердің негізгі бөлігін судан (Еділден) өтіп шегінгенше бізді (қалмақты) кідіртіп әскерін түгел қырылудан аман сақтап қалды. Сол жауынгерлер түгелімен қаза болды. Соғыс болған жер Қалмақтардың есінде мықтап сақталып қалғандығы сондай, \” Айтумыш иәзигі\” ( Айтумыс жазығы) деп атап кеткен. Қәзірдің өзінде осы тарихи орынды иеленуші орыстар \”Язики\”, ал олардың көнекөз қариялары \” Айтмешев-язык\” деп атайды. 

Жас қалған Шылым әкесінің тумаласы Жеменейдің тікелей тәрбиесінде болып, кәмілетке толған шағында ағасы Жеменей үйлендіріп, өз алдына отау тігіп бөлек шығарған. Шылым атамыздың жеке басы туралы үлкендерден жеткен шежіре баяндарыда оның бай болғанын  айғақтайды. Тағыда Әбішұлы Сәбит ағамыздың жазбасына үңілсек: \” Айтумыс та, Шылым да өте бай адамдар болған. Шылымның шетсіз-шексіз көгала  жылқысы өзіне де, Әлнияздан тараған ағайындардың ішуіне де, жеуіне де жетсе керек. Кәріқұлақ шежіреші ақсақалдардың ауызында: \”Жомартты Жомарт атандырған Шылымның көп жылқысы\” деген сөзде бар… Әлнияз бабамыз дәстүр бойынша кіші баласы Жеменейдің  қолында тұрып, сол қарашаңырақ-үлкен үйден бақилық болып , ақсақалды сағалаған келіп, кетушілер көбіне Жеменей ауылының үстінде болғанға ұқсайды. Айтумыс аты көп аталмай, екеуінен өрбіген үрім-бұтақ сол заманнан күні бүгінге дейін қалыптасқан дәстүр бойынша \”Жеменейміз\” деуден жаңылмай келеді…

Шылым
Tagged on: