Уәйіс Байжанұлы (1796 – 1876) – би. 1831 жылы Ресей өкіметі Ұлытау өңірін болыстық басқару жүйесіне көшіргенде, Уәйіс бағаналы руының ішінен тұңғыш рет болыс болып сайланды.

Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын белсене қолдады. Сол үшін патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырады. Уәйіс басшылығындағы ел мекендерінен қуылып, олардың жерлері казактар иелігіне өтті. 1858 жылы Ұлытау станицасы жабылғаннан кейін, бағаналылар ата қонысына көшіп барды. Бұл мәселе Уәйіс пен Ерден Сандыбайұлының табандылығы арқасында ғана шешілді. Уәйіс өз заманында талай дауға түсіп, айрықша беделге ие болған. Ел аузында Қарасарт бидің “Қайыс созылса да, Уәйіс созылмайды”, Қарадос бидің “Уәйіс дегенше барыс десеңші” деген оның әділдігін бағалаған сөздері сақталған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.

Уәйіс
Tagged on: