Менің атам, Мұхамбеталиев Жылқыбай Ізтілеуұлы, 1909 жылы Ақтөбе облысының, Шалқар қаласында дүниеге келген. Бала кезінде Шалқар қаласында,  мешіт жанындағы медреседе оқып,, арабша сауат ашып, молдалардан дәріс алған. Елімізде ашаршылық зұлматы басталғанда, 1932 жылы Қарақалпақ АКСР,  Мойнақ ауданы Үрге елді мекеніне көшіп келіп, қоныс тепкен. Сол жердегі балық зауытына жұмысқа орналасып,  балық қабылдаушы болып біраз уақыттар қызмет атқарған.               1956 жылы Қоңырат қаласына қоныс аударып көшіп келген. Сол жердегі балық зауытында әртүрлі жұмыстар жасаған және ауыл молдасы болған. Әжеміз Қалдан Төлешқызымен отбасын құрып, жұбайы екеуі 2 ұл, 2 қызды дүниеге әкеліп оларды ел қатарлы тәрбиелеп өсірген. Олардан тараған 15 немере, 32 шөбересі бар. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған. Қазір олардың  барлығы да бақытты отбасы. Қызы Бибіхан фермада қызмет атқарған, қазір зейнеткер. Ақтөбе облысы, Мартөк ауданы, Қаратоғай ауылында тұрады. Ұлы Серікбай балық зауытта шаруашылық меңгерушісі қызметін атқарған, қазір зейнеткер. Қарақалпақ Республикасы, Қоңырат ауданының Жаслық ауылында тұрады. Қызы Сәбила – тігінші. Қарақалпақ Республикасы, Мойнақ ауданында тұрады. Ұлы Абылай – дәнекерлеуші. Қарақалпақ Республикасы,  Қоңырат қаласында тұрады. Атам әрдайым халыққа қараса отырып, қолынан келген көмегін ешкімнен аямаған. Ағайынға қамқор, жомарт кісі болған. «Бір сом беретін ата» деген лақап атпен танылған. Кішкентай балалардың барлығы атамызды жақсы көрген. Қай баланы көрсе де, қолына 1 сом ақша ұстатын болған. Сондықтан оны кішкентай балалар «Бір сом беретін ата» – деп атап кеткен.

 1985 жылы 4 наурызда өмірден озып, Дәуіт ата қойымшылығына жерленген.           

Жаныңыз жәннатта болғай, аяулы ата!!! Иман байлығын берсін!!!

 

                                                                                                Немересі Мұхамбетәлиева Аякөз

Жылқыбай
Tagged on: