Атам Егізбаев Аманғали 1921жылы Қарақалпақ АССР, Қоңырат қаласында дүниеге келген. Атамның азан шақырып қойған аты –  Аманғали, құжат бойынша Есенғали болып кеткен. Бұл жерде де бір сыр жатқан сияқты. Соғыс жылдары өзгерген фамилиясы. Соғыс басталған жылы, 20жасында майданға аттанған екен. Москва, Севастополь, Брянск, Витебск, Ленинград, Будапешт қалаларын азат етуде, ұрыс даласында болған екен. Москва түбіндегі жанкешті соғыста бүкіл бір полктан азғантай адам қалған. Сол аман қалғандардың ішінде менің атам да бар екен. 1943 жылы Ржев маңындағы майданда снарядтың жарқыншағы басына тиіп бір өлімнен қалған. Ес-түссіз жатқан жерінен ит тауып алыпты. Көрер жарығы бар екен. Госпитальда жатып емделген. Құлағы естімей, тілі байланып қалғасын, қасына 1 мейірбикені қосып еліне қайтарыпты. Сол елге келгеннен кейін, 6 айдан соң қалпына келгесін, майданға қайта алып кеткен. Сол кеткеннен, 1945жылы Латвияның Лиепая деген қаласында Жеңіс  күніне жетіп, елге аман сау оралыпты. Соғыста Бауыржан Момышұлы атамызды көрген. Оның «Будапешті азат еткені үшін», «Ерлігі үшін» және т.б. медальдары болған. Бірақ, өкінішке орай, бәрі жоғалып кетті.  Соғыстан кейін ауылда жұмыс жасап, 1956 жылы үйленіп, 4 ұлды болған-Таңжарбай, Әділбай, Жаңабай, Темірбай деген. Мен бұл деректерді әкем Таңжарбайдан жазып алдым. Атам 1974 жылы, әкем 17 жаста болғанда кайтыс болыпты. Әкемнің есінде қалғандары осы ғана. Атамыз соғыс туралы көп айта бермейді екен.  Атам Аманғалидың документтері Москваның ЦАМО архивінде сактаулы.   Міне, менің атам осындай батыр, қайсар мінезді, екі сөйлемейтін адам болған. Атамды осы Жеңіс мерекесі қарсаңында еске аламын. Ата жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын!!!

Жанат Таңжарбайқызы!

Аманғали
Tagged on: