Тасболатұлы Сабырбай -1917 жылы 12 сәуірде Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылында дүниеге келген. Соғыс ардагері, педагог, ұлағатты ұстаз. Балалық шағы осы ауылда өткен. Әкесі Тасболат он үш жасында қайтыс болып, анасы Таубайдың қолында тәрбиеленген. 1937 жылы Красноводск қаласындағы қазақ педогогикалық техникумын бітірген. 1941 жылы Германия мен Кеңес Одағы арасындағы соғыс басталып, ер-азаматтар топ-топ болып соғысқа аттанып жатты. Сол сүрлеумен 1942 жылы жиырма бес жасында Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыс кезінде ауыр жараланып, госпитальда көп емделеді. Арқасына және аяғына тиген оқ, оны екінші топтағы мүгедек қылады. 9 мамыр – Жеңіс күнін сол жерде естиді. Екінші топтағы мүгедек болып, 1945 жылдың жазында елге оралды. Кеудесінде «І-дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендері мен «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және көптеген мерейлік медальдары жарқыраған Тасболатұлы Сабырбай елге оралған соң 1945 – 1953 жылдары Маңғыстау ауданында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, 1953 жылдан Маңғыстау ауданы комитетінде жауапты қызметкер болып еңбек еткен.1963-1966 жылы тұтыну одағының бастығы қызметін адал атқарған. 1957-1958 Жармышта колхоз партия комитеті болған, 1958-1961 аудандық партия комитетінің 1 хатшысы болған. 1961-1962 Ұштаған ауылында Совет қызметін атқарады. 1963 жылы Таушык елді мекенінде ағарту ісімен айналысқан. 1966-1970 жылы қайтадан Ұштаған ауылында Совет қызметін қолға алған. 1970 жылдан бастап Ұштаған ауылында Ленин орта мектебінде орыс тілі пәнінің мұғалімі болып, ұзтаздық қызметін жалғастырған. Сонымен қатар өмірінде Тигенде мектеп директоры, үгіт насихат бөлімімің басшысы секілді жауапты қызметтерді атқарды. Жыл сайын Ұлы Жеңіс мерекесінде көкеме алғыс хаттар келіп түсетін, осы мерекені ерекше қуанышпен қарсы алатын. Үнемі ақ көйлек ақшыл костюммен мұнтаздай болып жүретін, өте таза адам еді.
1940 жылы құдай қосқан қосағы Кәдірбайқызы Талшынмен екеуі бас қосып отау құрады. Талшын әжем 14 құрсақ көтерген батыр ана, өмірдің қиын жағдайында, елдің қиыншылық уақытында бес баласы жастай шетінеген).. тоғыз перзентті өсіріп, ұядан ұшырып елу жеті жыл бойы тату-тәтті өмір сүрген еді. Балаларының бәрі жоғары оқу орнындарын бітіріп, елдің ағарту және мәдени қызметтерінде елеулі қызмет атқарады. Өмірінің соңғы жылдарында ауылдың мұң мұқтажын, ойларын жиналыстарда қорғап елдің жайына белсене араласқан. Қазірде ұрпақтары көкемнің жолын жалғап ұстаздық қызметте жасайды. Осы мерекеде көп нәрсе есіме түсіп,  немересі ретінде еске алып отырмын. Өмірдің бұралаң жолдарында аяғын шалыс баспай өз бейнесін таза сақтап, абыройлы адал қызмет етуі қазіргі қоғамда таптырмас қасиет деп білемін. Көбіне орысшаны жақсы меңгерсе де, бірақ қазақша тәлім-тәрбиені қатаң сақтайтын жүрегі иманға толы жан еді. Кете кеткенше немерелеріне Құран сүрелерін жаттатып, тәртіп пен тәрбиенің қоғамда бірге ұштасып өмір сүретінін үйреткен. Мен өз атамды мақтан тұтамын. Ұлы Отан соғысының ардагері Тасболатұлы Сабырбайдың өнегелі өмірінде Отанына, халқына жасаған қызметін Маңғыстау жұртшылығы ұмытпақ емес.

Ұлы Жеңіске -75 жыл!

Ешкім де ешнəрсе де ұмытылмайды!

Барлық Отан үшін от кешкен Аталарымызға,
Маңғыстаулық соғыста болған, тылда еңбек еткен ата -аналарымызға,
Ұштағандық
Тағаниязов Жаулы,
Садуақасов Жолдекеш, Бекжанов Жəли ағайларымызға , соғыс уақытында еңбек еткен барлық ауыл адамдарын еске алып, ұрпақтар атынан алғыс айтамыз!

Əлемде БЕЙБІТШІЛІК болғай!

Əкеміз Тасболатұлы Сабырбайдың рухына арналады

ƏКЕМ МЕНІҢ!

Ұлы тұлға – Əкем менің
Ұл-қызына сүйікті əке
Ұлы Отан соғысы ардагері
Ұлағатты ұстаз еді. ..

Соғыс ашып фашист елге
Соғыс жалмап жастығын
Соғыс өрті салып жара
Сұм ажалдан қапты аман. ..

Елім жерім ұрпағым деп
Етігімен су кешіп
Отан үшін отқа түсіп
Оққа тосты кеудесін

Оралды елге аман -есен
Омыртқада- жарақатпен
Ота жасап, оқты алдырып
Оралды ол мүгедек боп

Омырауы Орден, Медаль
Отыратын есіне алып
Оқушылар ұйып тыңдап
От пен оқты елестетіп

Соғыс бітіп қиын кездер
Сауат ашу ел ішінде
Сусындатып білімімен
Сыйлы болды еңбегімен

Үлкенге де кішіге де
Ұстаз болды беделді
Үлгі тұтар істері көп
Ұстаздардың ұстазы

Екі тілде білім беріп
Ел еңсесін тіктеді
Бағаланып сол еңбегі
Басшылыққа көтерді

Көшті, қонды бала оқытып
Қомдап жүгін атанға
Қиырлады Маңғыстауды
Қызмет етіп халқына

Əкесінен он үш жаста қалыпты
Əжеміз сол жеткізіпті, бағыпты
Əке болып бір кез өзі жүрсе де
Əкем жоқ деп кей кездері налыпты. …

Əжеміздің үмітін де ақтапты
Əлдиімен немерелер бақ тапты
Əкем -анам қос бəйтерек жайқалған
Əп-əдемі шөбере де көріп кетті!

Жетіп кетті тірлігінде арманға
Жазмышына жазылған сол маңдайға
Жақсылықпен жаққан еді халқына
Жұмағынан жай бергей кең Алла да!

Еске алушы ұрпақтары атынан :

Рысгүл Т.С
9 мамыр 2020 ж
Ақтау қаласы

Сабырбай
Tagged on:

Тасболатұлы Сабырбай  – 1917  жылы 12 сәуірде Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылында дүниеге келген. Соғыс ардагері, педагогБалалық шағы осы ауылда өткен. Әкесі Тасболат он үш жасында қайтыс болып, анасы Таубай әжеміздің қолында тәрбиеленген. 1937 жылы Красноводск қаласындағы қазақ педогигалық техникумын  бітірген. 1941 жылы Германия мен Кеңес Одағы арасындағы соғыс басталып, ер-азаматтар топ-топ болып соғысқа аттанып жатты. Сол сүрлеумен 1942 жылы жиырма бес жасында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс кезінде ауыр жараланып, госпитальда көп емделеді. Арқасына және аяғына тиген оқ, оны екінші топтағы мүгедек қылады.  9 мамыр – Жеңіс күнін сол жерде естіді. Екінші топтағы мүгедек болып, 1945 жылдың жазында елге оралды. Кеудесінде «ІІ-дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», ордендері мен «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және көптеген юбелейлік медальдары жарқыраған Тасболатұлы Сабырбай  елге оралған соң 1945 – 1953 жылдары Маңғыстау ауданында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, 1953 жылдан Маңғыстау ауданы комитетінде жауапты қызметкер болып еңбек еткен. 1963-1966 жылы тұтыну одағы бастығы қызметін адал атқарған. 1957-1961 Аудандық партия комитетінің 1 хатшысы болды. 1961-1962 Ұштаған ауылында Совет қызметінде болды. 1963 жылы Таушык елді мекенінде ағарту ісімен айналысқан. 1957-1958 Жармышта колхоз партия комитеті болған. 1966-1970 жылы қайтадан Ұштаған Совет қызметін қолға алды. 1970 жылдан бастап Ұштаған ауылында Ленин орта мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі болды. Сонымен қатар өмірінде Тигенде мектеп директоры, үгіт насихат бөлімімің басшысы секілді жауапты қызметтерді атқарды. Ұлы Отан соғысы меркесінде үнемі алғыс хаттар келіп, қуанышпен қарсы алатын. 

1940 жылы құдай қосқан қосағы Кәдірбайқызы Талшынмен бас қосып, отау құрған. Талшын әжеміз14 құрсақ көтерген, батыр ана. Өмірдің қиын жағдайында, елдің қиыншылық уақытында бес баласын жерге тапсырып)  екеуі тоғыз перзентті өсіріп, ұядан ұшырып елу жеті жыл бойы тату-тәтті өмір сүрген еді. Балдарының бәрі жоғары оқу орнын бітіртіп, елдің ағарту және мәдени  қызметтерінде елеулі қызмет атқарды. Өмірінің соңғы жылдарында ауылдың мұң мұқтажын, ойларын жиналыстарда қорғап  елдің жайына белсене араласқан. Қазірде ұрпақтары көкемнің жолын жалғап ұстаздық қызметте орналасқан. Қазіргі мерекеде көп нәрсе есіме түсіп, немересі ретінде еске алып отырмын. Өмірдің бұралаң жолдарында аяғын шалыс баспай өз бейнесін таза сақтап, абыройлы адал қызмет етуі қазіргі қоғамда таптырмас қасиет деп білемін. Көбіне орысша ойлайтын, бірақ қазақша тәлім-тәрбиені қатаң сақтайтын жүрегі иманға толы жан еді. Кете кеткенше немерелеріне Құран сүрелерін жаттатып, тәртіп пен тәрбиенің қоғамда бірге ұштасып өмір сүретінін үйреткен. Мен өз атамды мақтан тұтамын. Ұлы Отан соғысының ардагері Тасболатұлы Сабырбайдың өнегелі өмірі мен Отанына, халқына жасаған қызметін аудан жұртшылығы ұмытпақ емес.

 

 

Əкеміз Тасболатұлы Сабырбайдың рухына арналады 

 

 

      ƏКЕМ МЕНІҢ!

 

Ұлы тұлға – Əкем менің 

Ұл-қызына сүйікті əке 

Ұлы Отан соғысы ардагері 

Ұлағатты ұстаз еді. ..

 

Соғыс ашып фашист елге 

Соғыс жалмап жастығын 

Соғыс өрті салып жара 

Сұм ажалдан қапты аман. ..

 

Елім жерім ұрпағым деп

Етігімен су кешіп 

Отан үшін отқа түсіп 

Оққа тосты кеудесін 

 

Оралды елге аман -есен 

Омыртқада- жарақатпен 

Ота жасап, оқты алдырып 

Оралды ол мүгедек боп 

 

Омырауы Орден, Медаль

Отыратын есіне алып 

Оқушылар ұйып тыңдап 

От пен оқты елестетіп 

 

Соғыс бітіп қиын кездер 

Сауат ашу ел ішінде 

Сусындатып білімімен 

Сыйлы болды еңбегімен 

 

Үлкенге де кішіге де 

Ұстаз болды беделді 

Үлгі тұтар істері көп 

Ұстаздардың ұстазы 

 

Екі тілде білім беріп 

Ел еңсесін тіктеді 

Бағаланып сол еңбегі 

Басшылыққа көтерді 

 

Көшті, қонды бала оқытып 

Қомдап жүгін атанға 

Қиырлады Маңғыстауды 

Қызмет етіп халқына 

 

Əкесінен он үш жаста қалыпты 

Əжеміз сол жеткізіпті, бағыпты 

Əке болып бір кез өзі жүрсе де 

Əкем жоқ деп кей кездері налыпты. …

 

Əжеміздің үмітін де ақтапты 

Əлдиімен немерелер бақ тапты 

Əкем -анам қос бəйтерек жайқалған 

Əп-əдемі шөбере де көріп кетті! 

 

Жетіп кетті тірлігінде арманға 

Жазмышына жазылған сол маңдайға 

Жақсылықпен жаққан еді халқына 

Жұмағынан жай бергей кең Алла да!

 

Еске алушы ұрпақтары атынан :

 

Рысгүл Т.С 

     9 мамыр 2020 ж 

        Ақтау қаласы

 

 

Сабырбай
Tagged on:

Тасболатұлы Сабырбай  – 1917  жылы 12 сәуірде Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылында дүниеге келген. Соғыс ардагері, педагогБалалық шағы осы ауылда өткен. Әкесі Тасболат 10 жасында қайтыс болып, анасы Таубай әжеміздің қолында тәрбиеленген. 1937 жылы Красноводск қаласындағы қазақ педогигалық техникумын  бітірген. 1941 жылы Германия мен Кеңес Одағы арасындағы соғыс басталып, ер-азаматтар топ-топ болып соғысқа аттанып жатты. Сол сүрлеумен 1942 жылы жиырма бес жасында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс кезінде ауыр жараланып, госпитальда көп емделеді. Арқасына және аяғына тиген оқ, оны екінші топтағы мүгедек қылады.  9 мамыр – Жеңіс күнін сол жерде естіді. Екінші топтағы мүгедек болып, 1945 жылдың жазында елге оралды. Кеудесінде «ІІ-дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», ордендері мен «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және көптеген юбелейлік медальдары жарқыраған Тасболатұлы Сабырбай  елге оралған соң 1945 – 1953 жылдары Маңғыстау ауданында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, 1953 жылдан Маңғыстау ауданы комитетінде жауапты қызметкер болып еңбек еткен. 1963-1966 жылы тұтыну одағы бастығы қызметін адал атқарған. 1957-1961 Аудандық партия комитетінің 1 хатшысы болды. 1961-1962 Ұштаған ауылында Совет қызметінде болды. 1963 жылы Таушык елді мекенінде ағарту ісімен айналысқан. 1957-1958 Жармышта колхоз партия комитеті болған. 1966-1970 жылы қайтадан Ұштаған Совет қызметін қолға алды. 1970 жылдан бастап Ұштаған ауылында Ленин орта мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі болды. Сонымен қатар өмірінде Тигенде мектеп директоры, үгіт насихат бөлімімің басшысы секілді жауапты қызметтерді атқарды. Ұлы Отан соғысы меркесінде үнемі алғыс хаттар келіп, қуанышпен қарсы алатын. 

1940 жылы құдай қосқан қосағы Кәдірбайқызы Талшынмен бас қосып, отау құрады, Талшын әжеміз (14 құрсақ көтерген. Өмірдің қиын жағдайында, елдің қиыншылық уақытында бес баласын жерге тапсырып)  екеуі тоғыз перзентті өсіріп, ұядан ұшырып елу жеті жыл бойы тату-тәтті өмір сүрген еді. Балдарының бәрі жоғары оқу орнын бітіртіп, елдің ағарту және мәдени  қызметтерінде елеулі қызмет атқарды. Өмірінің соңғы жылдарында ауылдың мұң мұқтажын, ойларын жиналыстарда қорғап  елдің жайына белсене араласқан. Қазірде ұрпақтары көкемнің жолын жалғап ұстаздық қызметте орналасқан. Қазіргі мерекеде көп нәрсе есіме түсіп, немерелерінің бірі ретінде еске алып отырмын. Өмірдің бұралаң жолдарында аяғын шалыс баспай өз бейнесін таза сақтап, абыройлы адал қызмет етуі қазіргі қоғамда таптырмас қасиет деп білемін. Көбіне орысша ойлайтын, бірақ қазақша тәлім-тәрбиені қатаң сақтайтын жүрегі иманға толы жан еді. Кете кеткенше немерелеріне Құран сүрелерін жаттатып, тәртіп пен тәрбиенің қоғамда бірге ұштасып өмір сүретінін үйреткен. Мен өз атамды мақтан тұтамын. Ұлы Отан соғысының ардагері Тасболатұлы Сабырбайдың өнегелі өмірі мен Отанына, халқына жасаған қызметін аудан жұртшылығы ұмытпақ емес.

Сабырбай
Tagged on: