Нәзірдің ата-бабасы Түркістан облысы, Қандөз ауылының төл баласы. Болашақ кеңес дипломаты, мемлекеттік қайраткері, ғалым 1892 жылы мақта саудасымен айналысатын дәулетті отбасында дүниеге келген. Балалық, жастық шағын Қоқан қаласында өткеріп, осындағы медреседе, орыс-түзем мектебінде оқып, 1914 жылы Қоқан сауда училищесін бітіреді. Мәскеу сауда институтының 32 курсынан 1916 жылы өз еркімен Батыс майданының \”Земсоюз\” нұсқаушылығына сұранып, Орта Азия жастарының саяси күресін бастаған серкесіне айналды. Өз ғұмырын халық азаттығы жолындағы күреске арнаған Нәзір, 1917-1920 жылдары үгітшілік, сауат ашу т.б., идеологиялық жұмыстармен айналысып, \”Қазақ мұңы\”, \”Халық газетасы\”, \”Янги шарқ\” газеттерінде редакторлық жасады. Минск маңында Қазақстаннан барған жастардан \”Еркін дала\” атты жасырын ұйым құрады. Ұйымның мақсаты шығыс халықтарының ұлт-азаттық қозғалысына көмектесу еді.

1918 жылы РКП (б) қатарына өтіп, Қоқан автономиясын құлатуға қатысқан. Қоқан Ревком председателінің орынбасары және хатшысы болды. Ферғана облревкомының және Түркістан орталық атқару комитетінің председателі болды.

1920 жылы Түркістан КП Уақытша орталық комитетінің мүшесі және оның Атқару бюросының жауапты секретары қызметін атқарды.

1922 жылы Түркістан Республикасының оқу-ағарту комиссары болып сайланды. 

Нәзір қазақ, өзбек, тәжік, орыс, араб, парсы, неміс тілдерін үйреніп, сөйлей білген.

1922 жылдың қыркүйек айынан КСРО ОАК жанындағы Орталық баспаның басқарма бастығы, сонымен қатар Москваның жоғарғы оқу орындарында шығыс тілдерінде сабақ береді, ғылыми еңбектер жазды.  Оның \”Бұхара Советтік Халық Республикасы\”, \”Қоқан автономиясы\”, \”Ферғана мәселесі\” деген шығармалары бар. Өзбек мектебі үшін алғашқы оқулықтар жазды. 

1923 жылы \”Темірқазық\” журналын шығара бастады. Журнал қазақ әдебиетіндегі кенжелеп қалған сын мәселесіне көңіл аудара бастады.

\”Нәзір жолдастың сыны қазақ әдебиетіндегі алғашқы сын деп айтуға болады\”. (С.Мұқанов, \”Қызыл Қазақстан\” №16, 1923ж.)

1922 – 1928 жылы Мәскеуде КСРО Орталық Атқару Коммитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Бұл қызметке кіріскеннен кейін В.И. Лениннің қабылдауында болып, автономия алған халықтардың тілін мемлекттік тілге айналдыру мәселесін көтерді. Түркі тілдес халықтардың ортақ әліпбиін жасау жөніндегі комиссияға төрағалық етіп, араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшуді жақтады. Орталық баспа басқармасының төрағасы ретінде қазақ тілінде “Темірқазық” атты журнал шығаруды ұйымдастырып, оған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев секілді қазақ зиялыларын тартты.

1928 – 1932 жылы Хиджазда бас консул болды.

1932 – 1936 жылы КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі болып қызмет етті.

1932 жылы маусымда Сауд Арабиясы королінің мұрагері Фейсал әл-Саудтың КСРО-ға ресми сапарын ұйымдастырды.

Төреқұлов Нәзір елші болған жылдары араб тілін жетік меңгеріп, бірнеше мәрте кіші және үлкен қажылық рәсімін орындады.

1936 жылы КСРО Ұлттар кеңесінің жанындағы Орталық тіл және жазу ғылыми-зертханалық институтына қызметке орналасты.

1937 жылы шілдеде “халық жауы” ретінде айыпталып, ату жазасына кесілді.

1958 жылы 28 қаңтарда КСРО Жоғарғы сотының шешімімен ақталды.

Бүгінде АлматыШымкентҚызылорда қалаларында Төреқұлов Нәзір есімімен аталатын көшелер бар. Оның есімі ШымкенттегіТүркістандағы және Шолаққорғандағы орта мектептерге берілген. Түркістан қаласында Төреқұлов Нәзір мұражайы және мешіт-медресе бар.

 

Нәзір Төреқұлұлы
Tagged on: