Тойманов Алпамыс Ерболатұлы 1994 жылы желтоқсан айының 27 жұлдызында Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Әлия Молдағұлова көшесі №80 (қазіргі №122) үйде Тойбазардың қара шаңырағында дүниеге келген. Өзінен кейін 1997 жылы 16 шілдеде Гүлден есімді қарындасы дүниеге келсе, араға 17 жыл салып 2011 жылы 3 наурызда Әкежан есімді інісі дүниеге келеді. Айпақшы, есімін Әкежан деп, әкесі Ерболат Тойбазар әкесінің құрметіне қойған. 2000 жылы Тасбөгет кентіндегі №172 қазақ орта мектебіне оқуға қабылданып, 2009 жылы 9 сыныптық біліммен мектепті бітірді. 2010 жылы Қызылорда қаласындағы \”Абылай хан\” атындағы колледжіне \”Төтенше жағдайда қорғау\” мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2014 жылы оқуды бітірді. 2015 жылдың 4 мамырынан бастап қазіргі таңға дейін \”Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы\” мемлекеттік мекемесінде жұмыс жасауда. 2020 жылдың 8 тамызында Бүкіләлемдік індетке қарамастан, Төртқараның Сексенінен, Әлиқызы Шолпан есімді аруды өзіне жар етеді. Мақаланы 12.03.2021 жылы өз қолыммен толтырдым! Жалғасы бар…

Алпамыс
Tagged on: