Сәдібек Қастайұлы (1959-2020)

 

Қайшылы руынан және өзі осы қайшылыға рубасы болған кісі.

Сәдібек Қастайұлы 1990 жылдары Оңтүстік өңірде республикалық «Азат» қозғалысын басқарған, педагогика және психология ғылымдарының кандидаты, өмірінің соңына дейін Шымкенттегі өзі ашқан дарынды балалар мектебінің директоры болды.

 

Өз қаржысына республикалық «Ұлт Академиясы» және «Ұлт мектебі» ғылыми-көпшілік жорналдарын шығарып, жыл сайын Шымкентте ұлттық тәрбие, психология, ғылым мен білім беру методикаларын жетілдіру т.б. тақырыптарға ғылыми-конференциялар ұйымдастырып тұрды.

 

Облыстық және Шымкент қалалық ардагерлер қауымдастықтарын құрып, туған өңірдің өркендеуіне ерекше үлес қосты

Ойсылдың ұлы Төбеке батырдан туған

Сырымбеттің ұлы – Қайшылыдан тараған

ұрпақ – Төлтебаев Сәдібек Қастайұлы.

 

Ғайып болар дүние таныс шынар,

Төңкеріс, өзгеріске алып шыдар.

Бабалардың есімін ұмыттырмай,

Ұрпаққа айтып кету парыз шығар.

 

Дүние өте шығар, қас-қағымда,

Бір сөзді енді ғана бастадым ба?

Есітсін деп Ойсылдың ұрпақтары,

Ой бастадым, бар істі тастадым да.

 

Төбеке батыр Ойсылдың ұлы еді,

Төбекеден Сырымбет туылып еді.

Перзенттері: Қайшылы – Қарақұлдар,

Көш басын Қазығұртқа бұрып еді.

 

Бабаның жүрген жері бұлақ еді,

Қазығұрт пен Қаратау тұрағы еді.

Ал, Садібек Төлтебаев Қастайұлы,

Сырымбетұлы, Қайшылының ұрпағы еді.

 

Қайшылы, Сырымбеттің баласы еді,

Ұлының ішіндегі данасы еді.

Анасы: Алтын қайшылы, ізбике екен,

Дейтұғын әулеттері қарсы ал енді.

 

Ойсыл бабам ең түпкі сүйегім, – деп,

Жүрегіммен, жаныммен сүйемін, – деп.

Ойсыл сағанасын салуға ат салысты,

Тапқанымды бабам үйемін, – деп.

 

Риза болсын, деп рухы бабалардың,

Қосып жүр ғой құранмен араларын.

Сәдібек сынды ұрпағын атасының,

Жомарт жүректі мырзаға бағаладым.

 

Батасы бабалардың анық келсін,

Жанарыңа күн көзінен жарық келсін.

Отбасын Сәдібектің Аллаһ қолдап,

Арманын ниеттенген алып берсін

Нақыл сөздер өлеңдер В Контакте

Сәдібек
Tagged on: