Сыбанбайұлы Қуанышбек (1909-1990) Қазығұрт ауданы, Еңбекші ауылындағы \”Ащы\” жерінде өмірге келген. Арабша сауатты, оқи да, жаза да біледі. Ақын жыршылардың өлеңін, жырын жатқа айтатын, әзіл сықақты дәл басып ұтымды сөйлейтін. Партия мүшесі. Колхоз, совхозда қызмет атқарған кісі. Келесі бір қасиеті қарақұрт шаққан, жылан шаққан адамдарды оқып қайтаратын. Тісіме құрт түсіп ауырды, күні-тұні ұйқы жоқ деген адамдардың да ауыруын тоқтататын. Емдік қасиеттерді пайдаланып қышыма теміреткені де оңай жазатын. Атбұлақ, Үшқұдық, Рабат, Қызылдала елді мекендерінде имамгершілік жұмысты да атқарды. Дуагер, емші Қуанышбектің жоғарыда айтылған ауыруларға қарсы оқитын дуалары араб әрпімен жазбасы баласы Қуанышбекұлы Мелдебектің үйінде сақтаулы тұр 

 

Қуанышбек
Tagged on: