Жаңа Өзен қаласында Атаназар Төреханұлы Сүтбаев атты көне көз кария тұрады . Атасы Сүтбай кезінде бір ауыл жұртқа көлеңкесі түскен, кадірменді адам болған. 1928 жылы ел ішін ылаңға бөктірген компеске басталғанда алғашқылардың бірі болып, оның құрығына  iлiккенде марқұм Сутекең екен. Ынсапсыз Қызылжағалылар Сүтекеңнің мың қой , жүз түйе , жүз жылқысын сыпырып алғанымен қоймай , оты бықсып жатқан ошақтың басындағы көсеуге дейін алып кетіпті . Ташауыз түрмесінде бірнеше жыл тар қапаста отырған Сүтекең соғыс аяқталуға жақын қалғанда ғана ағайын- туманың арасына оралған. Сүйегі Шейхкабр қорымында . Марқұм Сутекең көргенін , естігенін ұмытпайтын саққұлақ адам болыпты . « Атмның айтқандарының он пайызығана есімде қалыпты » , -дейді Атекең . Әділеттілік тің асқақ туын желбіретеміз деп ұрандатқан Кеңес өкіметінің темір жол саласына Атекең қырық бір жылын арнапты . Он жеті жасынан бері намазын қаза қылып көрмеген Атекеңді тыңдасаң , біздің ауыл туралы білетініңді молайта түсесің . ( К.Тұманбайұлы «Балықшылар» кітабы.2008. 28-бет)

Сутбай ата туралы естелік мақала
Tagged on: