Құсайын ұлы Аман 1937 жылы 5 наурыз айында қазіргі Қарағаш Рассвет ауылының бір бөлімшесі Бесмаршал жерінде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келді. Кейін “Манадыр” станциясында өмір сүріп, сол жерде мектепке барды. Әкеден ерте айрылған шаруа баласы, қиыншылық кезде жұмысқа жастайынан араласты. Жаңарқа ауданында 10-жылдық орыс мектепте оқыды. Содан мектептен кейін “Гурьев” қаласында Педагогикалық институтқа сыртқы бөлімге оқуға түсіп “Қызыл-жар” станциясында 8-жылдық аралас мектепте Неміс тілі мен Орыс тілдерінен сабақ берді. Жазғы демалыста теміржолда жұмыскер болыпжұмыс жасап отбасын асырады.

1961-1962 жылдары Алматы Зооветеринарлық институтқа оқуға түсті. Сол жылдары институттың студенттер профсоюз ұйымының басшысы болып жұмыс атқарды. Кейін зооветеринарлық институттың жалпы профсоюз ұйымының жеке басшысы болып тағайындалды. Осы жылдары, яғни 1963 жылы қазан айында Алматы қаласында (Советский РК ҚП Казахстана) партия қатарына мүше болып алынды. 1967 жылы оқуды бітіріп Жезқазған облысының ауылшаруашылық өндірісінде жауапты қызметкер болып қызметін атқарды, оны дамытуға өз үлесін қосты. Атап айтқанда Жаңарқа ауданының райкомның бұйрығымен 1967-1968жж. “Көктың-Кульский”совхозының“Бас зоотехник” болып жұмыс атқарды.1969-1970 жылдары Көктыңкуль совхозының партия ұйымының секретары болып тағайындалды.

Совхоз шаруашылығының дамып өркендеуіне аянбай еңбек етті. Ауылшаруышылығын өркендету Құсайын ұлы Аманның ең басты азаматтық міндеті еді. Ол сол міндетті бұлжытпай орындады. Еңбегі жоғары бағаланып үкіметтің \”Еңбек қызылту\” орденімен және мақтау медальдарымен марапатталды. 1970 жылы “Көктың-Куль” совхозының партия ұйымы Ауылшаруашылық қызметкерлер күніне орай “Почетный грамота”“За высокие трудовые показатели” және “За доблестный труд” в ознаменование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина медальменмарапатталды. 1972 жылы Целиноград қаласында ауылшаруашылық институтының жанында ашылған “Ауылшаруашылық мамандарының 6-айлық Әдістемелік дайындау курсында” білімін жетілдірді.

1973-1976 жылдары Қазақстан КП Ақтоғай аудандық комитетінің екінші секретары болып жұмыс атқарды. 1977 жылы 22 қыркүйектен “Директором Джезказганского областного спец.гос.кооператив объединения по откорм и скота” Жезқазған облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 1978 жылы Жоғарғы партия мектебіне сырттай оқуға түсіп(ЦК КПСС кезінде) 1982 жылы бітірді. Бірнеше мәрте Қазақс ССР-нің Жезқазған облысындағы еңбекшілер депутаттарының “Ақтоғай”, “Жаңарқа”, “Жезді” аудандық Советінің депутаты болып сайланды. 1979-1980 жылдары Жезқазған облыстық КП Казахстан партия комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс атқарды. 1981 жылы 11 мамырдан Жезқазған облысы бойынша ауылшарушылық өнімінің сапасы және сатып алу бойынша бас мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды. 1987жылы Жезқазған облысы бойынша НЗС басшысы болып жұмыс атқарды. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігінің Республикалық еңбек жөніндегі норматив зерттеу станциясының ұжымы 60-жасқа толуына байланысты мақтау грамотасымен марапаттады. 1991 жылы “Ветеран труда”медаліне ие болды. Көпжылдық еңбегінің жемісі “Дербес зейнеткер” атпен зейнетақы тағайындалды.

Кейінгі жылы денсаулығына байланысты Жезқазған өңірінен Қарағанды қаласына қоныс аударды.

Құсайын ұлы Аман 2 ұлды, 1 қызды өсірген ұлағаты әке және ата.

Үлкен қызы Жанар Құсайынова жоғары дәрежелі маман 2 қыз, 1 ұлдың анасы. Жолдасы Әбішев Манас Сағидатұлы.

Ұлы Жанайдар Москва қаласында МГИ-ді бітіріп 40 жасында дүниеден озды. Артында 1 ұл Мадияр, 1 қызы Әйгерім өмір сүріп жатыр.

Ең кіші ұлы Бекайдар жоғарғы білімді маман болып Астана қаласында қызметін атқарып жүр. Отбасын құрған,  Жұбайы Стамқұлова Айнаш Жұмағадырқызы, 2 ұл (Дархан, Ерғожа), 3 қыздың (Зере, Аружан, Мөлдір)әкесі.

Жұбайы Аманбала Мамбетқызы жоғарғы білімді педагог зейнеткері, 10 немере, 2 шөбере көріп отырған әже.

Құсайынұлы Аман 2004 жылы 25 сәуірде дүниеден озды.

Құсайынұлы Аман
Tagged on: