Молдағалиев Отарбайдың өмірбаяны

          Молдағалиев Отарбай 1947 жылы, 25 қыркүйек айында , қазіргі Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық кеңесіндегі Айбас ауылында дүниеге келген. Әкесі Молдағали  1801 жылы дүниеге келіп, 1968жылы дүниеден озған. Анасы Сәлима 1807 жылы дүниеге келіп, 1957 жылы дүниеден өткен. Әкесі 1830 жылдан бастап өмірінің соңына дейін қырық жыл бойы жылқы баққан адам. Міне, Отарбай осындай қарапайым отбасынан шыққан азамат еді. Отарбай 1954-жылы «Ақ школ» жеті жылдық мектебіне бірінші класқа барды.1955- жылдан 2-4 кластарды Абай мектебінде жалғастырды. Новобогат селосындағы Амангелді атындағы орта мектебінен 5-8 кластарда білім алып, 9-11 кластарды Чапаев селосындағы М.Горький атындағы орта  мектептен оқып бітірді.

Отарбай анасынан сегіз жасында, әкесінен 20 жасында қалып, өз өміріне деген жауапкершілік міндеттері артылды.

         1966 жылы М.Горький атындағы орта мектепті бітіріп, Құлсары барлау экспедициясы кәсіпорнында бұрғышының көмекшісі болып еңбек жолын бастады.

         1967-1971 жылдары қазіргі Атырау политехникалық техникумында инженер-техник мамандығын игерді. Прикаспий барлау және бұрғылау экспедициясында 1971-1978 жылдары бұрғышы, бұрғышы шебері, аға шебер жұмыстарын атқарды. Геология саласында жүріп үлкен табыстарға жетті. Барлаушы ,бұрғылау шебері болып жұмыс атқарып жүргенде талай кен орындарын ашуға да үлкен өз үлесін қосты. Атап айтар болсақ, Марташы, Забурунье, Жаңаталап, Гран, Сазанқұрақ т.б кен орындары. Қазіргі уақытта бұл кен орындары еліміздің игілігіне пайдалануда.

Молдағалиев Отарбай 1978 жылдан бастап осы кәсіпорынның орталықтандырылған инженерлік қызмет саласында (ЦИТ-ке) инженерлік қызметке ауыстырылды. 1980 жылдары өндірісте аға шебер,

       1993-1998 жылдары   орталықтандырылған инженерлік қызмет саласында жауапты жұмыстар атқарды. Ол  қызмет бабында жауапты жұмыс атқара жүріп, өз ісінің шебері, мұнай саласында өзіндік орны бар биік адамгершілігімен , парасаттылығымен ерекшеленген қарапайым да, биік тұлға еді. Еңбек еткен жылдарында кәсіпорынның құрметті мамандар арасынан  орын алды. Жылма-жылғы еңбек қорытындысымен әкімшіліктің, басқарманың Құрмет грамоталарына, алғыс хаттарына ие болды.

1983 жылы еңбектегі жетістігі үшін КССРО Геология министрлігінің тарапынан кезектен тыс «Волга» автокөлігін иеленді. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -20 жыл» мерекелік медалімен, «Сазанқұрақ» ЖШС-нің 10 жылдығы төсбелгілерімен марапатталды. Өз мамандығы бойынша үнемі алыс-жақын шет елдерден білім жетістігін жетілдіріп отырған еңбекқор жан еді. 1973 жылы Маңғыстауда, 1976 жылы Оренбургте, 2005 жылы Пекинде қысқа мерзімді курстарда оқып, мамандығын жетілдіріп,  сертификатқа иеленді.  

         2010 жылдары «Алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері» жөнінде оқу бағдарламасы курсын нәтижелі аяқтағаны және білім деңгейі тексерісінен өткенін куәландыратын сертификатпен марапатталса, 2010 жылы   26 сәуір айында «Қауіпті өндірістік обьектілерде өрт қауіпсіздігі негіздері»  жөнінде оқу бағдарламасы бойынша білім деңгейін көтеру мақсатында білім жетілдіру курсының сертификатымен марапатталды.

         2009 жылы өзі атқарып отырған «Сазанқұрақ» ЖШС компания жұмысын жоғары деңгейде өсуіне өз үлесін қосқаны үшін «Жақсы маман» сертификатымен  Сазанқұрақ» ЖШС компанияның бас директоры Лю Гуанчунь марапаттады. Ал, 2011 жылы 30 желтоқсан айында «Сазанқұрақ» ЖШС компания ұжымы атынан бас директоры Лю Гуанчунь компанияға ұзақ жылдар бойы еңбегін сіңірген, ел экономикасының негізгі салаларының бірі- мұнай шаруашылығын өркендетуге барынша үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.

         Міне, Молдағалиев Отарбайды осындай тәжірибесі мол, адамгершілік қасиеттерімен қатар адал еңбекқор жан екенін мақтанышпен ауыз толтыра айтуға болады.

         Отарбайдың жеке өміріне шолу жасайтын болсақ, ол 1972 жылы Зайра Кеңесқызымен шаңырақ көтерді. Зайра Кеңесқызы 1949 жылы туған, мамандығы медбике. Ұзақ жылдар балабақшада медбикелік қызмет атқарды. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста.  Жұбайы екеуі жанұясына бес қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. Екеуінен тараған ұрпақтарынан 12 жиен, 3 немере сүйді. Үлкен қызы –Алмагүл , Атырау педагогикалық институтын бітірді, жолдасы Шананкулов Берікбай екеуі де Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның  музыка саласында жұмыс атқарады. Олардың отбасында бір  қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.Екінші қызы –Алтын, ол Оралдың дәрігерлік техникумының  фельдшерлік мамандығын бітірді. Жолдасы Алманов Тілек, олар Жылой ауданы, Құлсары қаласында тұрады. Алтын қазіргі таңда Алматы филиалы ЖШС «ИНВИВО»лабораториясының лаборанты. Екеуі бір ұл, бір қыз бар тәрбиелеуде. Үшінші қыз- Ақкүміс, Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық училищесін бітіріп, Алматы қаласындағы Абай атындағы жоғары оқу орнын тәмамдап, қазіргі таңда Геолог мекен-жайындағы «Галактика» бөбекжай-бақшасында директор лауазымы бойынша қызмет атақарады. Жолдасы – Жұмағалиев Нысанбай, Құрманғазы мәдениет үйіне қарасты Геолог клубында саз жетекшілік қызметін атқарады. Ол екеуінен  екі қыз, бір ұл бар.Төртінші қызы –Эльмира. Атырау медициналық училищесін және Атырау политехникалық  институтын тәмамдап, қазіргі таңда АО «Транстелеком» мекемесінде заңгер-кеңесші  мамандығы бойынша  қызметін атқарады. Жолдасы-Ажикенов Серік. Ол «Аджип ККО » компаниясында инженер болып қызмет атқарады. Отбасында үш қыз тәрбиелеп отыр. Бесінші ұлы- Ахмедияр Отарбаев- Атырау ауылшаруашылық техникумын  және Атырау политехникалық институтын бітірген. Ол әке жолын жалғастырушы- мұнайшы. Қазіргі таңда ЖШС «Сазанқұрақ» мекемесінде –коммендант болып қызмет атқарады.Жолдасы- Жүнісова Ляззат .Ол Құрманғазы мәдениет үйіне қарасты Геолог клубының меңгерушісі.Екеуінен екі ұл және бір қыз бар. Алтыншы қызы –Анар.Ол Атырау политехникалық институтын бітірген.Ол қазіргі таңда «Атырау көлік және коммуникация» колледжісінде экономика пәні педагогы. Анардың жолдасы- Қадірбеков Бекзат .Ол осы жылы өмірден өтті. Екеуінен бір қыз, бір ұл бар.

         Осылайша Отарбай жапырағы жайылып, жақсы жайсаңдармен құда-жекжат болып, бүгінде бір рулы ел болды.

         Міне осындай мейірімді , жанашыр әке, еңбекқор жан зейнеткерлік жасына жетіп, енді ары қарай өмірін балаларына, немере-жиендерінің қызығына  арнамақ болғанда, Тағдырдың ісіне көнбеске шара бар ма? Денсаулығы болмай сырқаттанып , сырқаты күннен-күнге созылып ,емге дауа болмай бір жылға созылған ауру дегеніне жетіп, ақыры ажал алып тынды. Жатқан жері жайлы болсын!!!

Молдағалиев Отарбай
Tagged on: