Қазақ хандығының тарихындағы ренессанс.   Хақназар хан,  Шығай хан,   Тәуекел хан   ( XVI ғасырдың екінші жартысы ).

 

 Мұхаммед Хайдардың Абдар-Рашид осы күнгі Қырғызстан аумағында қазақтарды жойды, осыдан кейін бұл халықтың атауы жойылды деген хабары XVI ғасырдың екінші жартысында Хақназар ханның тұсында Қазақ одағының \”қайта тууы\” туралы пайымдауға негіз берді. Қазақтар \”мүлдем ғайып болды\” дегенді айтқанда Мұхаммед Хайдар, сірә, Тақыр мен оның інісі Бұйдаштың иеліктерін ғана айтқан болса керек. \”Жамиғ ат-тауарихтың\” авторы Қадырғали би Жалайыридің деректері бойынша Бұйдаштан басқа  \”ол елде басқа да ұсақ хандар болды, олардың есімдері нақты мәлім емес. Нақ сол уақытта, хижраның 940 – 944 жылдарында (б.з. 1535 – 1538 жж.) хан деген атағы бар қазақ сұлтандарының арасында Тоғым хан , Ахмет хан, Хақназар хан  Наурыз-Ахмет хан деп аталады\”.

    Қазақтар 1537 жылы ерекше ауыр жеңіліске  душар болды, бұл жолы Тақырдың інісі Тоғым ханмен бірге 37 сұлтан қаза тапқан. Тоғым ханның бұл шайқасы қазақтар жеңіліске ұшыраған шайқастың бірі ғана болған, бірақ оның 1537 жылғы қазақ-моғол  шайқасына еш қатысы жоқ. Осы оқиғадан кейін іле-шала дереккөздерде моғолдардың \”қазақ пен қырғыздың ханы\” Хақназар ханмен шайқаста жеңілгені және Абд  ар-Рашидтің ұлы Абд ал-Латифтің  қазақтар мен қырғыздарға шабуылы және бұдан кейін оның қаза болғаны туралы айтылады. Сондай-ақ Абд ар-Рашид хан Ақсу мен Үштегі ұлық етіп тағайындаған Абд ал-Латифтің  кезекті жорықтан қайтып келе жатқанда қазақтар және қырғыздардың шайқаста әбден күйрей жеңілгені де белгілі болды.

    XVI ғасырдың 50-ші жылдарында Қасым ханның ұлы Хақназар  басқарған Қазақ  хандығының \”қайта өрлеуі\” басталды. Хақназар ханның шығу тегі туралы мынадай мәліметтер бар. Ғаффари \”Жахан арада\” Берді ханның ұлы Жәнібек ханның ұлы Сейдазы ханның ұлы Қасым хан 1523/1524 жылы қаза болды деп хабарлайды. Қасым ханның ұлы Хақназар хан әкесінен кейін Қазақ хандығының билеушісі болды. Хақназар ханның билігі отыз жылдан аса уақытқа жалғасты. Хикаят бойынша, Тақыр мен Бұйдаш билеген жылдары Хақназар ноғай мырзаларының бірінде өмір сүрген.

      Хақназар хан туралы ең ертедегі хабар (оның түрікмендермен шайқасы туралы) 1549 жылға қатысты. XVI ғасырдың екінші жартысында қарай Қазақ хандығы таусылмайтын соғыстардың, өзара қырқыстың салдарынан қатты әлсіреген еді. Хақназар  билеп тұрған кезеңде  бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси өмірінде айтарлықтай өрлеу байқалады. Бұдан әріде XVI ғасырдың соңғы ширегіне дейін Қазақ хандығы мен шайбанидтердің арасында тығыз және жан-жақты байланыстар орнады. Шайбанилер ІІ Абдаллах хан қазақтарды әсіресе өзіне қарсылас шайбанидтер орнығып алған аудандарда өз билігін нығайту үшін пайдалануға болатын әскери-саяси  күш деп білді. Абдаллах хан қазақтың Хақназар ханмен \”Анттасқан одақ\” жасасып,  бұл одақ екі тарапты бір-бірімен бейбіт қатынаста болуға міндеттеді. Қазақтардың Бұхара ханымен тығыз байланыстары 1579 жылға дейін жалғасты.

  1580 жылдан кейін деректемелерде Хақназар  хан туралы қандай да болсын айтылуы кездеспейді, ал қазақ  ханы деп оның немере інісі Шығай аталады. Шығай  ханның шығу тегі туралы мынадай деректер бар. Қазақ хандарының шежіресінде ол Жәдіктің ұлы делінеді. Жәдік сұлтанның ұлы деп ол Ораз-Мұхаммедтің шежіресінде де аталады. \”Орыс хан, оның ұлы Құйыршақ хан, оның ұлы Барақ хан, оның ұлы Жәнібек хан, оның ұлы Жәдік хан, оның ұлы Шығай хан, оның ұлы Ондан сұлтан, оның ұлы Ораз-Мұхаммед хан. Оның шешесі Абайқан-бикем болды\”. Мұхаммед Хайдардың хабарлауы бойынша Жәдік 1503 жылдан кейін көп ұзамай өлген. Шығай хан шамамен сексен жас жасап, ұзақ өмір сүрді алайда оның өмірі туралы үзік-үзік деректер бар.

   Хақназар хан өлгеннен кейін Шығай өзінің Абдаллах ханға адалдығын дәлелдеу үшін Баба сұлтанға  өз алдына қарсы шықты, тегінде ол болашаққа деген үміттерін осы Абдаллах ханмен байланыстырған болса керек.

      1581 жылы маусымда Шығай хан өзінің ұлдары Тәуекел сұлтанмен және де басқалармен Абдаллахтың қосынына келді. Абдаллах хан Шығай ханға зор құрмет көрсетті. Оған икта ретінде Ходжент жерін берді. Шын сеніммен көмектесуге уәде беріп, ұлан-асыр той берді. Шығай ханның Мауераннахрға  ұзауының себептері қазақтардың Талас өзенінің жағасында Баба-Сұлтанмен  (Абдаллах ханның немере інісімен) күресте жеңілуінен еді. Сыртқы саяси тұрғыдан әлсіреген олар екі бірдей қауіптің – бүлікшіл  Баба-Сұлтан мен моғол хандары шағатаидтердің тарапынан төнген қауіпке тап болды. Шығай хан мәжбүрліктен кеткен еді – оны қазақтың өзге хандары ығыстырған болатын. Шығайдың Абдаллах кетуіне бірнеше себеп болды және қазақ ханының бұл саяси қадамын  сол себептердің бәрі қосылып қана түсіндіреді алады.

   Абдаллахтың барша өзбекке ресми түрде хан болуы 1583 жылы ғана, яғни Шығай хан оның жағына өткеннен кейін ғана болған еді. Абдаллахтың кез-келген уақытта жоғарғы билікке ие бола алатын , тақ үшін күрестегі бәсекелестері көп болатын. Осы себепті ол Шығай ханның көмегі мен қолдауын мүдделі болды. Тәуекел шайбанилерге қарсы күреске белсене қатысты.

 Абдаллах ханның жаңа одақтастарын жақындатуға мүдделілігі Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Мауераннахрда иеліктер мен елді мекендер беруден көрінді. Абдаллахқа Хақназар хан көмектескені белгілі, ал Хақназар хан өлгеннен кейін Абдаллах  Шығай ханға көп үміт артты. Шын мәнінде де, Шығайдың, Тәуекелдің және басқа да қазақ сұлтандарының көмегімен ол ақырында Баба-Сұлтанды құрта алды.

      1882 жылдың басында Абдаллах хан Баба-Сұлтан мен оның жақтастарына қарсы кезекті Ұлытау жорығына аттанып, бұл жолы жеңіске жетті. Өзі үшін соңғы жорық  болған бұл жорыққа Шығай хан  да қатысты. Шығай мен Тәуекелден қашқан Баба-Сұлтан ноғайларға барды, сол жерде ол ноғай мырзаларын өлтіріп, олардың жерлерін алу үшін қастандық ұйымдастырды. Бұл қастандық әшкере болып, Баба-Сұлтан Ташкентті иелену жолындағы күресін қайта бастамақшы болып, Түркістан жаққа бет алды. Мұны Тәуекел сұлтан әлдеқалай біліп алды, оның жауынгерлері  Баба-Сұлтанның Түркістанға жіберген екі қалмағын ұстап алып, олар Баба-Сұлтан туралы және оның қайтып келгені туралы айтып берді. Тәуекел  тез арада оған қарсы әскер жинап алды. Болған қақтығыста Тәуекел Бабаны өлтіріп, басын Абдаллахқа әкеліп берді, ал Баба-сұлтанның ұлы Латиф сұлтан және кейбір әмірлер тұтқынға алынды. Бұған сый ретінде  Тәуекел  мол тарту-таралғыға қоса Африкент уәлаятын үлеске алды.

       Шығай хан  өлгеннен кейін 1582 жылы Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік  мұның тұсында да сақталды. Алайда 1583 жылдың басында-ақ Әндижаннан Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатып Тәуекел  ханның арам ниетінен күдіктеніп, одан кетіп Дешті Қыпшаққа келді.

       Тәуекел Сырдария  бойындағы қалалар үшін күрес бастады. 1586 жылы ол Ташкентті иеленуге әрекет жасады. Ташкентті иеленбек болған алғашқы әрекеті сәтсіз  болды. Қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиғалар  қатарына 1588 жылы Ташкент өңірінде болған көтеріліс қосылады. Олар қазақ сұлтаны Жаналыны хан деп жариялады. Біраз уақыттан кейін бүлікшілерге Хақназар ханның ұлдары Мұңғатай сұлтан мен Дінмұхамед  сұлтан қосылды. Олар Дешті Қыпшақтан Йассыға, одан кейін Сабран тарапына бет алды. Сабран маңында қазақ сұлтандары мен бүлікшіл әмірлер  тағыда жеңілді. Үш айға жуық созылған және бұлғақ сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды.

      1598 жылы қазақ ханы Тәуекел  Шайбанилер мемлекетіне шабуыл жасады. Мауераннахр  мен Бұхараға жаңа жорықты Тәуекел 1599 жылы Абдаллах хан өлгеннен кейін және оның ұлы Абд ал-Муминге қарсы жасады. Тәуекел бұлғақты  пайдаланып қалуға ұйғарып, Түркістан  мен Мауераннахр уәлаяттарын алды, інісі Есім сұлтанды  Самарқандта қалдырып, өзі Бұхараға бет алды. Он бір күн қоршағаннан кейін шешуші шайқасы болып, онда бұхаралықтар жеңді. Екінші шайқаста Тәуекелдің жеңілуімен аяқталды. Тәуекел хан  Мауераннахрды жаулап ала алмады, алайда Түркістан, Ташкент және Ферғана екі жүз жыл уақытқа Қазақ хандығының құрамына кірді.

 

Дереккөз: М.Қ.Әбусейітова, \\\”Қазақ хандығы\\\”, Алматы, 2015 жыл.

 

Мақаланы дайындаған: 

Сұрашов Ұзақбай Арапбайұлы

 

Поштасы  24122019n@gmail.com

Жайғын
Tagged on: