Қазақ хандығы XVII ғасырда. Есім хан, Тұрсын Мұхаммед хан, Жәңгір хан, Тәуке хан.

 

     XVI ғасырдың аяғы – XVII ғасыр – Қазақстан тарихындағы ерекше кезең, қазақ мемлекетілігі нығайған, қазақтардың көрші елдермен және халықтармен белсенді әскери-саяси, сауда және мәдени қатынастар жасаған уақыт. Бұл уақытта қазақтардың билігі Ташкентке, Түркістанға, Сауранға, Әндижанға жайылды, бұларды иелену үшін қазақ билеушілері мен Аштарханилер арасында үнемі соғыстар болып тұрды. Аштарханилер Шайбанилерден кейін (1500 – 1598)

кейін (1500 – 1598жж.) Мауераннахрды бір жарым ғасырдан астам (1598 – 1743 жж.) билеп тұрды.

 XVII ғасырдың бірінші жартысында қазақ сұлтандарының арасында өзара бәсекелескен бірнеше топ болды, бұларды Есім сұлтан (1598 жылы Тәуекелден кейін хан атағын ресми түрде алып, Түркістанда билік жүргізген)  Тұрсын, Абулай Хан-заде басқарды. Қазақ билеушілері  мен Аштарханилер  қатысқан XVII ғасырдағы саяси оқиғалар олардың қарым- қатынастарының тұрақсыз болуына себепші болды, олардың арасындағы қақтығыстар уақытша одақтармен алмасып отырды.

     1613 жылы Имамкули хан Тұрсынды Ташкенттің билеушісі етіп жариялаған еді. Кейінірек Тұрсын хан Аштархани Имамкули ханның сюзеренитетін мойындаудан  бас тартып өз монетін соға бастады және баж бен хараджды(жер салығы) өз пайдасына алатын болды. Осы оқиғалардан кейін және Тұрсын сұлтанмен өзара күрестен соң Есім хан өзіне бағынышты қазақ және қырғыз ұлыстарымен Қырғызстанға кетуге мәжбүр болды.

      1621 жылы Аштариханилердің әскерлері мен қазақтар мен қырғыздардың біріккен күші арасында  аса ірі шайқастардың бірі болды. Тұрсын хан 100 мыңға жуық әскер жинап, олардың 10 мыңын қырғыз тайпаларының билеушілері жасақтады.  Оның үстіне Аштариханилерге Әндижан билеушісі және Имамкули ханның қойған адамы қазақ сұлтаны Абулай өз әскерімен келіп қосылды. Қарсыластар Шахрухия қамалының маңында түйісті. Щайқастың бір уақытында Абулай сұлтан басқарған әскерлер ұрыс алаңынан кете бастаған кезде Бұхара әскерін үрей билеп, Имамкули хан шегінді.

      XVII ғасырдың  басында қазақ хандарының Моғолстан шағатаилерімен: Тұрсынның Яркенд пен Қашғар ханы Абд ал Латиф (Апақ) ханмен, Есімнің Чалыш пен Турфанның билеушісі Абд ар-Рахим ханмен одақтастық қатынастары болды. Оның бер жағында, сірә, қазақтардың жоғарғы ханы деп барша мойындамайды тұрған кезде болар, Есім хан Абд ар-Рахим ханға кетуге мәжбүр болып, бес жылдан аса уақыт бойы өз жасақтарымен осы хан жағында күреске қатысты. 

  Қазақ сұлтандарының өзара тартысы барған сайын күшейіп, билеушілер Есім мен Тұрсын-Мұхаммед арасында жаулық өршіді. Осының бәрі қазақ-қалмақ қатынастарының нашарлауына әкеліп соқты.  XVII ғасырдың 20-шы жылдарында қалмақтар қазақтар мен ноғайлардың (маңғыттардың) қанқұйлы жауына айналып, шығысынан моңғолдар мен қытайлықтар тықсырып, өте ауыр саяси жағдайға тап болған еді. Қазақтармен бітім   келіссөздерін жүргізу арқылы қиындықтан шықпақ болып,  олар Есім ханға елшілер жіберді. Алайда бітім келіссөздер болмай қалды. Келіссөздер кезінде кейбір қалмақ билеушілерінің қазақтарға шабуыл жасағанына ызаланған Есім хан елшілерді өлтіріп тастады. Қалың қол бастап барып, ол көптеген қалмақты қырды. 1625 жылы қалмақтар қазақтармен бітім жасасқанымен, ол баянды болған жоқ. 1627 жылы Есім хан қалмақтардың көші-қонына қайта шабуыл жасап, қалмақтар қазақ иеліктерінен шалғай көшіп кетуге мәжбүр болды.

  Махмуд ибн Уәли \”Бахр ал- асрарда\” қазақ сұлтандарының соғысын және Тұрсын ханның өлімін егжей-тегжейлі сипаттайды Есім сұлтан қалмақтарға шабуыл жасаған уақытта (1627/1628) Тұрсын сұлтан жағдайды пайдаланып Түркістанға, Есім ханның ордасына басып алу және адамдарын қыру үшін жасақ аттандырады. Бұл жасақ көптеген адамдарды өлтіріп, Есім сұлтанның әйелі мен балаларын тұтқынға алды. Тұрсын  сұлтан Есімді жоюға ұйғарды. Бұл уақытта Әндижанның билеушісі қазақ сұлтаны Абулай Бұхара ханы Иманкулидің  әмірлерімен бірігіп, Ташкентке бағынышты Бискентке шабуыл жасады: шайқастан кейін оны қазақтың Есқара сұлтаннан тартып алды. Бұдан кейін Шахрухияға барып, ол жерден қазақ Мұрат сұлтанды қуып шықты. Бұл жағдай Есім ханның құлағына жеткен кезде ол да Ташкентке аттанды.

 Ташкенттің түбінде қазақ хандары Есім мен Тұрсынның шайқасы болды. \”Бахр ал-асрардың\” хабарлауынша, Тұрсын сұлтан өлді, оны жақындары өлтірді. Бұдан кейін Бұхара ханы Есім сұлтанға оған Ташкентті, Түркістанда билеу құқығы тапсырылатыны туралы грамота берді. 1628 жылы Есім хан Тұрсынды өлтірумен бірге Тұрсынға бағынышты болған қатаған  қазақтардың қалғанын қырды.

      Қазақ хандары Есім мен Тұрсынның  XVII ғасырдың бастапқы ширегіндегі соғысына қырғыздардың қатысуы туралы аңыздар бойынша Тұрсын ханның өлімі мен оның әскерінің талқандалуы оның Есімге берген антын бұзғаны үшін тартқан сазайы. Қазақ тарихында Тәуке хан тұсында қырғыздарды Қоқым би Қарашорин басқарғаны айғақталған. Ш.Ш. Уәлиханов шамамен 1630 жылы өмір сүрген Есім ханның өз қарауында қырғыз ру басы Көкем бидің болғаны туралы,  осы бидің көмегімен ол қатаған мен шанышқылының Тұрсынын құлата алғаны туралы аңызды келтіреді. Қырғыздар мен қазақтардың одағын есте сақтау үшін Есім  Ташкентте мұнара тұрғызды, бұл мұнара қазір де бар және Көкемнің көк күмбезі деп аталады.

 

Дереккөз: М.Қ.Әбусейітова, \\\”Қазақ хандығы\\\”, Алматы, 2015 жыл.

 

Мақаланы дайындаған: 

Сұрашов Ұзақбай Арапбайұлы

 

Поштасы  24122019n@gmail.com

Айбын
Tagged on: