Абылаймен бірге.

 

        Аңырқай шайқасында жеңілген жоңғар қалмақтары біртіндеп есін де, күшін де жинап, 1734 жылы тағы бір жойқын шабуылға шыққаны тарихтан белгілі. Россия бодандығына бұдан бұрынырақ өтіп кеткен орта жүз жəне кіші жүз қазақтары негізінен осы алапаттан аман қалды да, жоңғарлардың бар əскері ұлы жүзге шүйлікті. Төле бидің шаңырағына қарлығаш ұя салып, көшпей қалатындығы, \”Қарлығаш əулие\”, \”Қарлығаш би\” аталатыны сол жолы болса керек.

        Сөйтсе де Төле бидің отбасына түскен аса зор ауыртпалық 1752 – 1753 жылдарға саяды.

        1734 жылғы шабуылда Төле бидің тоқалы, қожа қызы Бибімариямнан туған жас бала Қожабек тұтқында кетеді. Оның артынан қалмақ қонтəжісі Қалдан Сереннің  талабымен екі үйлі аманат ретінде Төле би кенжесі Жоланды жібереді. Он жеті – он сегіз жылдан соң қалмақтан қайтып келе жатқанда  серігі қырғыз Болат өз еліне қарай бұрады. Ал Болат Төле бидің қырғыз əйелінің інісі болатын. Бұл әйелден кейін белгілі би болған Қожамжар атты баласы туған болатын. Олжаға қызыққан Болат өзінің жанама жиені Қожабек пен Жоланды елінде талатады.

        Мұның аяғы қазақ-қырғыз  арасындағы үлкен қырғынға ұласқан.

        Қожабек пен Жоланның  бар мал-мүлік, көлігін тартып алғанмен өлтіруге батпаған  Содырбала манап аяқ-қолдарын кісендеп, қодас  өгізге мінгізіп қояды. Сол кезде қалмақ қонтайшысының жазғы ордасы Қара- қыстақ жайлауында екен.

        Алатаудың осы бір салқын жайлауын қазір қазақ-қырғыз малшыларының ауылда- ры іргелес, қойлары қоралас болып жайлайды. Жоланның аманаттан қайтар жолда қырғыз манабының  қолына тұтқынға түскенін естіп, Төле би Қойгелді бастаған шағын топпен Алатауға аттанады. Мұның алдында Ботбай – Қоралас Жауғаш батырды Абылай сұлтанға жаушы етіп жіберді. Жауғаш орта жүздің ханы Əбілмəмбет пен атақты Абылай сұлтанға жетеді.  Батырла- рымен көмекке келсін, – деген Төле бидің сәлемін Жауғаш батыр сол күйінде жеткізеді 

        Абылай бастаған жауынгерлер дабыл- дарын қағып, тұлпарларын баптап, бес қаруын сайлап аттанады. Абылай əскері  қазіргі Меркі жерінде Қойгелді жауынгерле- ріне қосылып, Жолан мен Қожабекті босата- ды. Бұл соғыс оңайға түспеген еді.

        Қырғыздар қолын Салып, Əтеке жырау, Жайыл батырлар басқарады. Алатаудың тау-тасына өздері де, аттары да əбден үйренген қырғыздар көпке дейін қазақтарға есе бермейді. Осы соғыста Жайыл батыр  жекпе-жекте қаза тауып, бес ұлы бірдей қолға түседі. Бұл тарихта Жайыл қырғыны\” деген атпен қалды. Əйтеке жырықта жекпе-жекте қаза табады. Əтеке қызының жоқтауы  қырғыздар арасында əлі күнге дейін айтылады. Атақты Кенен ақынның Базар – Назар атты екі ұлы бірдей өліп, кейін Үмбетəлі бастаған қырғыз ақындары жұбату айтқанда: \” О, Əтеке, Əтеке\” деп басталатындығы осыдан. Əтеке – осы Əтеке.

        Жолан мен Қожабекті қырғыздар тұтқынынан құтқарып, қазақтардың ата мекен жерін қайтару жолындағы жорықта Шақшаұлы Жəнібек, Əбдіқожа, Қойгелді, Мəмбет, Байтана, Шоқан батырлар ерекше көзге түседі.

        Кейін, 1781 жылы Абылай хан қаза болғанда ежелгі қазақ əдетімен алаш астанасы Түркістанға атан түйелер жеткізіп, хан сүйегін арулап қойғызудың басы қасында Қойгелді батыр да болған.

 

Дереккөз: Ел аузынан.

 

Мақала авторы: Сұраш Ұзақбай Арапбайұлы

 

Поштасы  24122019n@gmail.com

Қаржау
Tagged on: