Есіңізде болса, Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен 2019 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді.

Міне, сол чемпион отандасымыз осы жігіт.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында тұрады. Қарапайым Қазақстан азаматы тәрізді отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанды.

Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов әскер қатарына қосылды. Нұрдаулетов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ақтау қаласындағы № 6656 әскери бөлімінде әскери борышын өтейді. Боксшы әскери қызметін спорттық мансабымен үйлестіре отырып, қатардағы жауынгер қызмет атқарады. Еске сала кетейік, Бекзат Нұрдаулетов 81 келі салмақта былтыр чемпион атанды. Сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитеті өткізетін «Алтын Самғау 2019» сыйлығында ол өткен жылғы ең үздік спортшы деп танылды.

Бұл ақпарат төмендегі дереккөзден алынды

https://www.ktk.kz/ru/programs/newsfeed/138034/

Бекзат – чемпион
Tagged on: