1. Утенов Ғабділфаттах Жантемірұлы 1901 жылы 13 маусымда Павлодар облысы , Куйбышев ауданы № 14 ауылында (Қазіргі Ақтоғай ауданы , Жаңабет ауылында ) дүниеге келген.
      1941 жылы Новосибир облысы, Қарасуық ауданына қарасты әскери комиссариаттан Ұлы Отан соғысына аттанады. Қызылжар қаласында үш айлық әскери дайындықтан өткен соң, Москва бағытындағы соғысқа жіберіледі. Бұл ұрыста штабта пакет тасушы қызметін атқарады. Шайқас барысында қолынан жараланып, госпитальға түседі. Госпитальдан елге қайтарылады.
      Елге оралысымен Павлодар облысы, Ермак ауданына карасты Ленин –жолы совхозында директорлық қызмет атқарады. Алты айдан кейін әскери комиссиядан қайта өтіп, екінші рет соғысқа жіберіледі. Бұл жолы Москва түбіндегі Орск қаласындағы соғысқа кіреді. Сол соғыста иығынан жараланып, госпитальға түседі. Госпитальда оны соғысқа жарамсыз деп танып елге қайтарады. Қарасуық аудандық комиссариатына есепке тұрғаннан кейін, ел өміріне белсене араласа бастайды.
      1948 жылы Омарова Қауаш Ахметжанқызымен отбасын құрады. 1954 жылы Қарасуық ауданының әскери комиссариатынан есептен шығып, Павлодар облысының Кагановиче аудандық комиссариатына есепке тұрады. Сол ауданның райпотребсоюзында загатавитель боп жұмыс істейді.
      1973 жылы туған жері Жаңабет ауылына қайтып оралады. Ғабділфаттах Жантемірұлы жұбайы Қауаш Ахметжанқызымен бірге отбасында тоғыз бала тәрбиелеп өсіреді. Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты әке өзі туған ауылында 1977 жылы 26 шілде күні дүниеден өтті.
Ғабділфаттах
Tagged on: