Қақсал. Руы негізі Шегендік деген кісінен тарайтын. 15 ғасырдың соңында оның тұған атасы Мейрам \”сопы\” атауымен болғасынан, тұған аға-інілерімен Балқаш мекеннен шығып-көшіп, Солтүстікке қарай бас тартып, Қарқаралы аймағына кетіп, Шұбыртпалы, Тобықты мен Қанжығалы рулар арасында Оңтүстік Есілді өтіп, оң жаққа әрі шығып, Баян ауыл жерлерге аяқ басып, Қызылтау таулардың барысында жол тәмәмдейді. Анда бес ұл балалардың ақырылары Бегендік пен Шегендік бір таудың баурайында қалып, үлкені болса Тәңірберді, Сырым, Қозған туыдырып, кішісі жалғыз Қақсалды дүниеге әкеледі. Бірақ, сол маңы тек Қақсал мен Қозғанның Қарасы шаңырақ тұрғызған. Жылы кездер келе Ертістің жоғарғы жақтары Ақсу мен Екібастұз топырақты бұйырып, сол көктеуіден әрі қарай тартып, Об саясының, Ертіс өзеннің, Ом саласына шейін бара жайлауды тоқтатылған. 18 ғасырдың аяғында Абылай хан төр үстінде отырып болғасында, Наурызбай батырға былай дейді \”Осы Ресей империясының шабылуымен келгенінен, жергілікті тайпа рулары Арқасынан жол тартып жылы жерлерге барсын\” деп, бұйрық берген. Ханның оң қолы шешесі Қақсал руынан шыққасыннан, қақсал рулардың батыралры Делек пен Түлек аталары бүкіл руыдың тегілері жиналып, яғни Жылысай одан өздері бөлік саналып ағайынды Жамбол мен Есбол ағалары, сосын Болтай мен Шегемдер, басқа Қоңыр тағы Нәдір және Қырғызалылармен сұхбат өткізген. Баратындар – Нәдірдің Егізегі және де Жылысайдың тоқалынан ағалары, демек Қаракесек, Құтболды, Базарбай мен Түменбай кісілер өз отбасылармен арба тартып кетеді. Қарқаралыны өтіп Жаңаарқада күрке үйлерді кигіз үйлерге мәңгі оңалтылады. Жылысайдың тоқал балалары төменге түсіп, Орта Сыр бойына ауылдарды ұйымдастырады. Қалғандары 19 ғасырында Ресей патшылығының қазақ даласына қатал адамгершіліксіз ұстамдардың өкіметінен солтүстіктен және қазақ батырлардың көптеген төңкеріс көтерелеспен Кене тайшының 1837 жылда жеке бас көтеріп, қазақ халқынынан қолбасшы деп атағаннан, Дәулетбай батырына ақырындап көшу үшін сөз бергенінен, Қақсал бауырлары соңы мен қайтадан жайлау қоныстарға қайтып, анда Жамбол мен Есбол, Сарының Ақбота, Сарыбота мен Ботақараның тұқымдары аттанады, Қоңырдың Құттықадам мен Тәттіқадам, бірер Болтайдың Өмірі мен Шегемнің жанұялар кетіпті. Жер-анада қалғандары сол аздаған Шегем мен Болтайлары Қоңырдың Татайы мен Қырғызыалының немерелері шығады. Қараөткелді өтіп көне Атбасардың Жабай ағымды мен Жалтыр аумақтарда тоқтатып, арасымен жер тебеп жайлауларды жайғасып, қыс уақытта солтүстік қазақ даласыны жетіп, Кішкенекөл мен Талшық аумақтары қоныстаған екен. Егізек әулеттері Сарысумен төменнен жоғарғы Нұрасына дейін көшіп қоңған Жылысайдың тоқалдардағы оң жағалауды Сырдариямен Шиелі шөлейтпен Арал жағажайына кетіп қалады. Жайлауды Жылысайдың көбісі отырықты өміріне айналдыратын болса, басқалары Торғай айдаласына жорғамен айдайды. Мағынасы — кексе тартқан, қартая бастаған. (Дастан Жатқанов. Қақсал руының шежіре бас жинаушысы)

«Біздің қақ сал құдашалардың кеңілі кекте» (С. Бегалин, Замана.). «Қақсал» сөзінің төркініне жанастырарлық тұлғалар түркі тілдерінен де табылады. Мысалы, қырғыз тілінде какшаал — қатал, тағы (К. Юд., КРС, 1965, 327), хакастарда хахса — кебу, құрғау (Хак.-рус. сл. 1963, 282) мағыналарында қолданылады. Бірақ бұлардың тұлғалары «қақсал» сөзіне сәйкес келгенмен мағыналары өте алшақ. Сондықтан басқа бір тілдерден іздестіруге тура келеді. Парсы тілінде«коһан және «коһәнсал» тұлғалары «кәрі, жасы ұлғайған» әрі «кәрілігі жеткен өте кәрі» мағыналарында айтылады. Мұның бәрі адамның жасымен байланысты жұмсалады. Сөз тарихын одан әрі жалғастыра түссек, парсы тілінің өзінде «коһэнсал» екі сөздің бірігуінен пайда болған. Біріншісі —«коһән», екіншісі —«сал» (Пер.-рус. сл., 1983, II, 376, 12). Алғашқысының мағынасы «ескі», кейінгісі «жыл» деген үғымдарды береді. Егер екі сөздің қосындысын сөзбе-сөз аударсақ «ескі жыл» болады да, «көп жылдан келе жатқан» деген түсінікке мезгейді. Кім біледі, жоғарыда «қақсал» сөзінің мағынасын түсіндіру үшін келтірілген «кексе тартқан» деген тіркестегі «кексе» сөзінің езі де парсының осы «коһәнсал» сөзінің қазақ тілінде қысқара түскен қалпы болуы мүмкін.[1]

 

Қақсал
Tagged on: