Жаса мəңгі, Жаңатасым.!

 

Жаңатастың алда ғой атар таңы,

Көрініп тұр құлпырып жасарғаны.

Тұрақтылық елінде орын алған,

Тәуелсіздік қазақтың басты арманы !

 

Бүгінгі күн батыры, сенсің ерім,

Тау қопарып, тас жарған кеншілерім.

Қаратаудың фосфорын игерумен,

Орындай бер әрқашан ел тілегін !

 

Қаратаудың балқытқан қара тасын,

Қандай теңеу айтсам да жарасатын.

Сарысудың төрінде орналасқан,

Жаса мəңгі ! Жасай бер Жаңатасым !

 

Үлесіңді өңірге аз қоспапсың,

Ерен еңбек үлгісі \”Қазфосфатым\”.

Жыр жолдары жазылған аздық етсе,

Жанға жайлы арнайы саз қоспақпын.

 

Айта алман ашпын деп, жалаңашпын,

Жайын ойлап жүргем жоқ қара бастың.

Ел-жұртымның ерлігі арқасында,

Аты қалды тарихта, Жаңатастың !

                Пендешілік.

 

Ел пікірін жүргенің тым кеш ұғып,

Бар шындығын айтсаңшы сен де шығып.

Қаншалықты данышпан болсаң-дағы,

Жоқ нәрсені бар деуің пендешілік.

 

Халық билік бастауы, бұлақ тұнық,

Тыңдар адам қайдасың құлақ түріп.

Батыр тура бір күні бұл қазақтан,

Жұлып алар мойныңды бұрап тұрып.

 

Қаншалықты билікке құныққанмен,

Жемқорларды алдымен құрықта сен.

Ел-жұртыңа қарайлас анда-санда,

Дертке дауға болсын деп, сыныққа ем.

 

Көкейімде тұр менің сұрақ танып,

Қашқанына қарамай құлап-тұрып.

Қан жылаттың қолдарына бұрап тұрып,

Қайда сонда сен айтқан тұрақтылық ?

 

Авторы: Сұраш Ұзақбай Арапбайұлы

Поштасы  24122019n@gmail.com

Жасұлан
Tagged on: