Ағаға арнау.

 

Дей алмаймын жан біткенге кейідің,

Ерек еді елге деген пейілің.

Бəрімізге қамқор болып жүруші ең,

Ортаймасын көзіңдегі мейірім.

 

Жаралған ғой жаныңыз тек жақұттан,

Тапқан ерсіз өз орынын уақыттан.

\”Қарақтарым\” деп сөйлеген сізді əркез

Жаратқаным айырмасы бақыттан.

 

Уақыт шіркін, жылдам сынды кейде тым,

Көрген жансыз тіршіліктің бейнетіне.

Пайғамбар жасқа, жете алмай кеттің-ау,

Бейнеттің тек көріңізші зейнетін !

———————————————————

 

         Әрбір қазақ жалғызым.

 

Өлең, жырдың арасын айыратын,

Заманының дүлдүлі, шайыр ақын.

Мұқағали, Төлеген қайдасыңдар – ?

Сәкен, Ілияс, Бәйімбет, Тайыр, Қасым.

 

Кімнің дұрыс екенін, кімнің бұрыс,

Білмей тұрып жыр жазу ауыр жұмыс.

Жақсысы мен жаманы тең жүретін,

Әрбір қазақ жалғызым, бауыр, туыс !

———————————————————

 

Қадірін де білгенсің жоқ пен бардың,

Көтеріп жүрдің АҒА жүгін нардың.

Осы бір жыр жолдарын бауырымның,

Арнаймын Əруағына Ағалардың !

———————————————————

 

Авторы: Сұраш Ұзақбай Арапбайұлы

Поштасы  24122019n@gmail.com

Серік
Tagged on: