Ізбас

Ізбас жас кезінде, 19 жасында жыныс мүшесіне ауруға шалдығып, көп уақыт үйленбей жүріпті. Емделу үшін емші іздеп, сауда керуеніне еріп Бұқара жағына барып, сол елде бір емші қожаның қолында қызметші болып жүріп, ұзақ жыл емделіп жүріпті. Жасы отызға жуықтаған шағында ауруынан сауалып, елге қайтпақшы болғанда емші қожа оған:

– \\\”Балам, сен ауруыңнан сауалдың, енді үйленуіңе болады, қайтар жолда саған бір сұлу қара торы келіншек кездесер, соған үйленсең ұрпағың көбейер, кейін оның үстіне қыздай әйел аларсың\\\”, – деп батасын беріп қайтарыпты.

Сол қожа айтқандай, қайтып келе жатқан жолда бір сұлу қара торы келіншек жолығыпты, аты Ранайкул еді. Бір шежіреде Ранайкул сол емші қожаның ерінен айрылған қызы деп те айтылады. Ақиқатын кім білген. Сол келіншекпен сөйлесіп, үйленуге келісіп, елге алып келіп той жасап, ауруынан сауалғанын қоса тойлап Райанкулге үйленіпті. Райанкул кейін (қара кемпір) атанып кетіпті, кейінінрек оның үстіне бір әйел алыпты, аты Мақтым еді.

Ізбастың әкесі Малайға Тыным деген бір батыр жігіт жауынгершілікте ығысып келіп паналап бала болып, Ізбастың еншілес інісі есебінде жүріпті. Малай оған Бикем деген қызды әйелдікке алып беріп, бір шаңырақ етіп қойыпты. Бұлар Шілік деген бір балалы болғанда Тыным батыр Қалмақтармен болған бір соғыста шейіп болыпты, Бикемді ағасы Ізбасқа некелеп қосыпты.

 

\\\”Ізбас атаның ұрпақтары\\\” шежіре кітабынан.

 

Нурбек

 

nkulmurzaev@gmail.com

 

+77018083387

Мақаланың авторы: Кенжебай Мырзағалиев
Ізбас ата
Tagged on: