Қалжың-шыны аралас, қайныма.

 

Қулығымен түлкіні құрықтаған,

Жүз жыл бұрын бергенін ұмытпаған.

Шығайбайдың нақ өзі шық бермейтін,

Жылан сауып,жүн қырққан жұмыртқадан

 

Бір жомарттық жасауға шамаң бар ма ?

Ол қасиет тəн емес сараңдарға.

Қаттылығың соншалық қыстың күні,

Қар сұраса бермейсің адамдарға.

 

Берген уəде сертіңді бұрмалама,

Сараңдығың мазалап тұр ма бала ?

Ақиқаттың алдында шыныңды айт,

Жылпостанбай көзіме тура қара !

 

Орындалып жатса да қос арманың,

Сараңдығың ол сенің осал жағың.

Жігіттері жуып бер, ең болмаса,

Аман-есен келіннің босанғанын.

 

Біз баратын Ақтоғай, бұлақ қайда ?

Бір қозының сырбазы,, шұбат қайда ?

Барлығына осының уəде берген,

Өтірікші, өрмекші, суайт қайда ? 

 

Мәселені шешпейтін туындаған,

Əбекелеп, Сəке деп зуылдаған.

Қайдан ғана қайын ғып бере салды ?

Жаңатастың су жұқпас қуын маған.

 

Ұната ма, жоқ əлде ұнатпай ма ?

Қуанышын біздермен ұзартпай ма ?

Ақиретте алдынан шығып жүрер,

Қарыздарын бермесе Ұзақбайға.

 

Айтып-айтпай не керек басқа жағын,

Судыр Ахмет, қомағай, ашқарағым.

Бердім бата, қолың жай таусылмасын,

Сатып жүрген қауын деп асқабағың.

 

Авторы: Сұраш Ұзақбай Арапбайұлы

Поштасы  24122019n@gmail.com

Жұмабек
Tagged on: