Сиқымов Ғалым Бітімбайұлы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі төреші – 1974 жылы 29 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.  1990-1994 жылдары Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетінде білім алған. 1994-1998 жылдар аралығында Х.Ш.Бектұрғанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ауыр атлетика бөлімшесінде жаттықтырушы болып жұмыс атқарған. Осы ретте әлемдік деңгейдегі зілтеміршілердің лидері болған, екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ильин Илья Анатольевичтің тұңғыш бапкері ретінде, соңғының спортқа деген ынта-жігерін және сүйіспеншілігін оятуға себепші болған.  1998-1999 жылдары ҚР \”Ұлттық Ұлан\” Қарулы Күштерінің қатарында әскери борышын өтеген.  1999-2000 жылдары- Қызылорда қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2000-2001 жылдары – қалалық дене шынықтыру және туризм  комитетінің маманы, 2001-2007 жылдары – Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты директорының орынбасары лауазымын атқарып, осы ретте еліміздің зіл темір көтерудің хас шеберлері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері Өтешов Алмас пен Әлем чемпионы Александр Зайчиковтың спортқа қадам басуларына себепкер болған. 2007-2010 жылдары – Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, 2010 жылдан бастап облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында, бұқаралық спорт бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді. 

 

Ғалым
Tagged on: