Сиқымов Бітімбай, 1946 жылғы 27 наурызда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Карл Маркс атындағы совхозында (қазіргі Бекарыстан Би ауылы) дүниеге келген, осы ауылдың 24 Үрмаш Түктібаев атындағы орта мектепті бітірген. 1964 жылы Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында оқып жүріп, 1966 жылдан бастап \”Ленин жолы\” газетінде корректр болып жұмыс істейді және баспадағы цензураға жауапты болады. \”Сырдария\”, \”Ленин жолы\” газетінде әдеби қызметкер болады. Қазақ ССР журналисттер одағының мүшесі. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін облыстық баспасөз құпиясын сақтау басқармасында аға-редактор қызметін атқарды. \”Әкең жақсы кісі еді,
Жел жағыңа пана еді….\”, дегендей, осы сөздерді кішкентайымда көп еститін едім және естіген құлағыма жағымды еді. Әкем ана өмірлік болғанда небәрі 12 де болдым. Әкемнің туған жеріне барғанды жақсы көретін мін, тіпті үш ай жазғы демалыс бойы болатынын. Неліктен десеңіз, ауылда балалардан \”кімнің баласының?\”-деген сұрақ көп қоя тын. Ол сұраққа мәртебелі тұрде \”Бітімбайдың!\”-деп жауап беретінмін. Сонда: \”Еее, әкең жақсы кісі еді…деп әкемнің айтқан сөздерін, жасаған игі істерін айтқанда, марқайып, әкемнің бұл өмірде жоқ екенін де сезбейтін едім. \”….. әкеңді көрген өлмесін \”-деген нақыл сөз осыған орай ма деймін.
Өсе келе,отбасылы болғанда, әкенің орны тіпті бөлек екенін сездім. Әке-асқар тау! Қуанғанда, қиналған сәттерде ананың мейірімімен қоса әкенің қамқорлығын да іздейді екенің. Анашымның қасында әкем де бірге қуанғанда ғой деп армандап қоясың…. ©Бітімбайқызы АқШолпан

Бітімбай
Tagged on: