\”Темеш\” руы \”Арғын\” ру-тайпасының бір негізгі тармағы болып саналады, сонымен қатар тарихи деректер бойынша Арғын ру-тайпасының құрамында Сырдария бойынан Сарыарқа  аймағына келіп қоныстайды.             

         Бізге жеткен аңыздар бойынша \”Темеш\” руы Қарқаралы жерлерін мекендеп, Қаракесек руымен араздасып, Нұра өзенінің маңайымен жағалатып, қазіргі Нұра ауданы және Қорғалжын ауданы орналасқан жерлерге келіп орнығады.

        Аталарымыздан келе жатқан шежірелер бойынша Темеш руы Қуандық атамыздан тарайтындығы көрсетіледі, әғни \”алты ата Қуандық\” аталуының ішіне кіреді деп көрсетіледі (Қуандықтан алты бала тарайды; Алтай, Қарпық, Темеш, Қалқаман, Ағыс, Бөрші).

        \”Темеш\” атауы Еуразия кеңістігінде түрлі тарихи-географиялық жәдігерлерде көптен кездеседі. Мысалы ушін, Дунай өзенінің сол жақ сағалары Тиса және Темеш өзендері. Кезінде Ғұн империясының әйгілі қағаны, Рим империясын тізе бүктірген, Құдайдын қамшысы атанған атақты бабамыз Еділ (Аттила) патшаның ордасы Темеш өзеннің жағасында тұрғаны тарихтан белгілі. Осы мәліметтің өзі Темештердің сол кезендердің өзінде \”Ғұндардың бірлестігінің құрамында болған ба екен?\” деген сауалға жауап бергендей. Қазіргі таңда ғұндардың тікелей ұрпағы екені даусыз Арғын( Арғұн) тайпасының санатында журген Темеш руы сол көне замандардың бүгінгі сабақтастығы деп білеміз.

       Темеш атауы орыс деректерінде  XV аяқ кезендерінен бастап кездеседі.

       Тарихи деректер бойынша \”Темеш\” руы XIX ғасырдың ортасында Қарпық және Тінәлі болыстардың құрамынан шығып, жеке болыс болып бекітілген.

 

 

           

Темеш Руы туралы қысқаша бір ауыз сөз,
Tagged on: