Домалақ ана.

        Қандай бір халық болсын белгілі бір дін жолын ұстанады. Солар ұстанған діндерді сараптағанда олардың көнесі, уақыт белесімен алғанда ең жасы болады. Жер бетіндегі көне діндер туралы айтқанда ең алдымен ауызға ілінетіні – зороастризм. Одан кейінгілері будда, яһудизм, христиан діні, ал ең жасы ислам – мұсылмандық болып табылады. Бұл дінді адамзатқа таратқан Мұхаммед Пайғамбар. Ол 570 жылы 12 қыркүйекте, дүйсенбі күні Мекке қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Əзіреті Ысмайылдан тарайды. Атасы – Əбділмүтəліп. Өз əкесі – Абдолла. Анасының аты – Əмина. Сүт анасы – Қалима. Немере ағасы – Əбутəліп.

        Мұхаммед Пайғамбарымыздың ісін алға апарушылардың алдыңғы шебінде Əбубəкір (568-634) – бірінші халифа, Омар (585-664) – екінші халифа, Оспан (575-656) – үшінші халифа, Əліі (т.ж.б.-661) – төртінші халифа. Əзіреті  Əлі, ол Пайғамбардың немере інісі жəне туған күйеуі баласы. Қызы Фатимаға үйленген батыр.

        Мұхаммед Пайғамбардың ұрпақ өрбімеген. Үш ұлы жастай шетінеген. Қыздары Рухия, Зейнеп, Үммі-Гүлсім, Фатима.

        Мұсылмандықты өз еркімен қабыл алған, Мұхаммед Пайғамбарымыздың қызы атанған, Əлінің екінші əйелінен Мұхаммед-Ханапия есімді ұл дүниеге келген. Мұхаммед-Ханапиядан Əбілпатта, одан Əбдіжəлел, одан Әбдіжаппар, одан Əбдікаһар тарапты. Əбдікаһардан ұрпақ Əбдірахман  Бап болып Тараз қаласына келіп Қарахан әулиеү атанған. Əбдірахман баптан Ысқақ бап жəне Əбдіжəлел (əскербасы) дейтін екі бала тарайды.

        Ысқақ баптан (Баба атадан) Ысмайыл шайқыны, одан Омар шайқыны, одан  Қосайын шайқыны, одан Мақсұт шайқыны, одан Қаһар шайқыны, одан Ибрахим атаны, Ибрахим атадан Əзіреті Садыр мен Құл Қожа Ахмет  Йасауиді таратады. Ал, Əзіреті Садырдан – Əзіреті Əлеудин, Əзіреті Қамалдин, Əзіреті Насырдин сияқты бұтақтар тарапты.

        Осы Əзіреті Садырдан тараған ұлы ұрпақтың бірі Ұлы жүз Бəйдібектің үшінші əйелі Нұрилə  (Домалақ ана, Бибі-Ажар).

        Қожа Ахмет Йасауидің қызы  Гауһар бибінің ұрпағы Мақтым Ағзам Түркістандағы Баба Араб мешітінің имамы екен. Оның жалғыз ұлы Əли Сыман 1348 жылы туылыпты. Ол ер жеткен соң Уəйіс ханның əпкесі Нұрбикеге үйленіпті. Отыз жасқа келгенде  Нұрбикеден қызы Нұрилəні көріпті. 1378 жылы дүниеге келген Нұрилə Əлиқызы Мақтым Ағзам немересі 1456 жылы мəңгіге көз жұмыпты.

        Дулат балаларының алғашқы қыз алысуы Жаныс пен Сиқымда басталады.

        Жаныстың жұрағаты Əлібектің қызына Сиқымның сегізінші ұрпағы Қарабатыр үйленеді. Бұл атақты Төле бидің əкесі болып келеді.

        Дулат бабамыз иісі қазаққа, тіпті алты Алашқа мəшһүр қолбасшы, əрі бек Бəйдібектің ұя басар кенже ұлы, шаңырақ иесі Жарықшақтың екінші əйелі Қожа қызы Бибі Фатимадан туған. Ал, Албан мен Суан  – Жарықшақтың бəйбішесінен туған балалары. Қасиетті Домалақ ана – Нұрилə жалғыз ұлы Жарықшаққа өзі шыққан Пайғамбар əулетінен жақын сіңлісі Бибі Фатиманы алып берген. Сол Бибі Фатимадан тараған төрт немере ұл – Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр өздерінің ата-жұртына да, нағашы жұртына да тартқан жандар болды.

         Ұлы жүздің ішінде аға баласы Қаңлы болып саналады. Ежелден сақталған ғұрып-əдет бойынша той-жиынды Қаңлы бастайды. Қаңлы болмаса, Жалайыр бастауға жол алады. Жалайыр болмаса, Сарыүйсін , ол болмаса Ошақты бастайды.

        Ал, \”У ішсең руыңмен\”, \”Жеті атасын білмеген – жетесіз\”, \”Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер\”, \”Жеті атасын білмеген жетімдіктің  салдары\” деген қазақ жеті атасын төмендегідей таратқан:

1, Əке, 2. Бала, 3, Немере, 4. Шөбере, 5.Шөпшек, 6. Немене, 7. Туажат, 8. Жүрежат, 9. Жұрағат, 10. Жекжат, … … … т.т.  (бір нұсқасы деп біліңіэдер).

Дереккөз: Ел аузынан.

Мақала авторы: Сұраш Ұзақбай Арапбайұлы

Поштасы  24122019n@gmail.com

Дулат
Tagged on: