Арғын-Алтай-Мойын-Сарша-Қараке-Тоқбура-Әлгөшек-Бектас ұрпағы.

1959 жылы 31 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келді.  Заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі.
Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1989-2000 жылдары – Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі,  доценті, заң факультетінің деканы, профессоры. 2000-2001 жылдары – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2001-2004 жылдары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 2004-2019 жылдары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі, 2 монографиясы  мен оқулығы жарық көрген.  Қазіргі таңда Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы құқықтық зерттеулер және мемлекеттану институтының директоры. Қарағанды облыстық маслихаты депутаты.

Еркін Қинаятұлы Көбеев

Еркін Қинаятұлы Көбеев.
Tagged on: