Қазанғап -ұлы Бекен 1922 жылы Қызылғой ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың 15 сентябрінде 19 жасында Шет аудандық әскери коммисариатынан әскерге алынған. Ол кездегі Шеттің военкомы Галай екен. Ленинград қаласынан соғыстан эвакуациямен Петропавловск қаласына орналасқан Селищинский әскери школдың авиомеханиктер оқытатын бөліміне курсант болып қабылданады. Ол мектепті ойдағыдай аяқтап Барабинск қаласындағы ұшқыштардың оқу – жаттығу эскадриласына жолдама алады. Ол эскадриля № 91 оқу – жаттығу эскадриласы болып шоғырланып Хакасиядағы Абакан қаласына орналасқан. Одан Туркмен әскери округіндегі Чарджоу қаласында Ли – 2 самолетінің бортмеханигі болып әскери міндетін атқарған. Киев қаласы жаудан азат етілген соң ,ұшқыштар бөлімін сол қалаға ауыстырған.

Осы қалада ұш ай Ли – 2 маркалы самолетте ұшу жаттығу сабақтарын аяқтаған соң 10 – гвардиялык, авиатранспорт  дивизиясының 3 – Вильнюсский авиаполк  кұрамында соғысқа қатынасатын армия қатарында болған. Соғысқа қатысатын самолеттерді ұшуға дайындаған. Сосын осы авиаполк Польша жеріне ауыстырылған. Висла өзеніндегі өткелді – көпірлерді неміс әскерлері талқандап кетуіне байланысты, Польша жерінен жаралы жауынгерлерді Белосток станциясында орналасқан полевой госпиталға Ли – 2 самолетімен

1 айда 30000 жаралы жауынгерлерді тасуға қатысқан. Соғыстың бітуін осы Польша жерінде қарсы алған. Ол жерде авиаполкте атқаратын тапсырма болмаған соң Қазақстанға сұранып  Алматыдағы азаматтық әуе флотына ауыстырылған. 1 ай демалыс алып Қызылғойға келген. Демалыстан кейін Қарағанды азаматтық әуе флотында:

Ю -52 (юнкерс неміс самолеты)

Ли – 2 (Лисунов авиоконструктор)

Си – 47(Сикорский-)

Маркалы  самолеттердің  авиомеханигі болған. 1946 жылы Туркстан әскери округіне шақырылып онда ұшқыштар сұрыптау орталығының шешімімен денсаулығына байланысты 40 күн демалыс алып Қарағандыға келген.  Әскери Указ 1947 жылы шыққан, онда аэродромда істейтін әскери ұшқыштарды әскерден босатқан. 1947 жылдың ақпан айына дейін Қарағанды  аэропортында аэропорт кезекшісі міндетін атқарған. Қызылғой ауылынан соғысқа аттанып сол ауылдан шыққан алғашқы кәсіпқой ұшқыш, аэродром  басшыларынан рұқсат алып  жаралы жауынгер  әкесі   Омар – ұлы  Қазанғапты қалаға алып кету үшін алғашқы рет өзінің туған ауылы Қызылғойға самолет қондырды, қонатын жерін буы бұрқырап қатпай жататын Тескен – суды меже қылып қонғанда, қыстың суығына, қалың қарына қарамай ауылдастары ұшып кеткенше самолетін  тамашалады,  өйткені бұл олардың көрген бірінші самолёты еді. Ал ағамыз  Қазангап – ұлы Бекеннің сол қырғын соғыстан аман-есен қалып, отты жылдардан өмір мен өлімнің ортасынан қайтқан ұшқыш – солдаттың ауылдастарына өмірінінің есебін бергендей тартуы еді. Осындай қиын қыстау қырғын соғыстан аман қалған ағамыз 2001 жылы Жеңіс күніне 2 күн қалғанда өмірден озды. Орындық арқасында ілулі тұрған костюмімен тағылған өңіріндегі орден – медалдары Жеңіс күнінің шеруіне қатыса алмай кеткен ағамызды тосып тұрғандай.

Қазанғапұлы Олжаш

Қызылғой 2015 жыл

 

                   

 

 

Аға кешкен отты жылдардан өмірдерек
Tagged on: