Адамзат тарихында ең каһарлы, ең қатал қантөгіс – Дүниежүзілік Екінші Соғыс. 22 июнь 1941 жылы неміс басқыншыларының Совет Одағының шекарасына басып кірумен басталды. Ұлы Отан соғысында Қазақстан Одақтың бір мүшесі ретіңде сол сұрапыл соғысқа қатысты. Соғысқа қатыскан қазақстандық жауынгерлер саны 1.196.144 адамды кұрады. Біздің елде, өткен соғыстың зардабын, қайғы-қасіретін, қиыншылықтарын көріп, оның от жалынына шарпылмаған бірде-бір отбасын кездестіру қиын шығар. Осындай отбасынан шыққан 1917 жылы туған Қызылғой ауылының тумасы Абеуұлы Тлеуқабыл ағамыз еді. Отан алдындағы әскери борышын атқару үшін 1939 жылы 17 октябрьде Қызылғой ауылында бухгалтер болып жүргенде әскерге шақырылды. Әскери борышының мезгілі бітіп елге қайтам деп жүргенде Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Соғыстың алғашкы күндерін ағамыз Балтық жағалауындағы елдерде қарсы алғанын елдегі әке-шеше, туысқандар бейхабар еді. Өйткені соғыс басталысымен хабар-ошар caп тыйылған болатын. Елдегі әке-шешесі өмірінің ақырына дейін бір жақсылық хабар тосумен болды. Бірақ, ол арман орындалмай, ағаға жар сүйіп, бала көруге, ата-анасына немере сыйлау пешенесіне жазылмады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында аға алдындағы борышын орындау мақсатымен жер-жерге хабарласып, Абеуұлы Тұрар Қорғаныс Министрлігінің архивінен 33-фонд, тіркеу номері 34824267 құжатында 1941 жылдан бастап лейтенант Абеуұлы Тлеуқабыл Литва жерін неміс басқыншыларынан корғап, азат ету ұрыстарына 156 атқыштар дивизиясының, 434 артелистер полкінің взвод командирі болып қатысқаны белгілі болды. Қысқа да, нұска жазылған архив құжаттарында ағайдың Отан қорғау жолында істеген ерлігі мына деректерден білеміз:

  1. 1943 жылы «За боевые заслуги» медалімен марапатталды.
  2. Рабопотники Казанова деревнясында болған ұрыста Тлеуқабыл ағамыз жеке өзі үш артиллеристік батареяны, екі минометтік батареяны, 7 оқ боратып тұрған нүктені, екі бақылаушылар пунктін, жаудың екі взвотының көзін жойды. 1944 жылдың 7.07 күні Свенцияны қаласы үшін болған ұрыста жаудың екі оқ жаудыратын орынын бағдарлап оны өз қаруымен жоқ кылды. Осындай ерліктері үшін ССР Жоғарғы Советінің Президумы атынан «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.
  3. 08.1944 жылы Биржай елді мекенінде болған ұрыста алдыңғы шепке орналасып, жаудың жаяу әскері мен танкгеріне оқ жаудырды. Жау әскерінің күші басымдық ала бастап, біздің әскер шегініске ұшырағанда ол өзі жау шебінде қалып, артиллериялық батареяның зеңбіректерінің өзі жатқан жердің координатына оқ жаудыруына бұйрық берген, айналасындағы неміс офицерлері мен солдаттары қырылып өзі де солармен қоса 27 жастың жас өмірін елі үшін, жері үшін, ер намысы үшін, елім деп туған ер екендігін, өз қыршын өмірінді қиып, арың үшін нар тәуекелге қалай бардың , қайран аға.

Ата-мекен, Отан, Туған ел, Туған жер, ата-ана, аға-бауыр, құрбы-құрдас, бала- шаға, ұшкан ұя, отбасын, анаңның ақ сүтін, ардақты әкеңді, ошақ басында ошарыла аңыраған Абеу ата мен Мария анамыздың көз жасын қайда қоярсың, жастығынның жалын шоғын ерте сөндірдің, қырау соққан гүлдей ерте солдың ғой, жан аға. Сондағы өміріннің төлеуі II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталғаның ба? Сіздің ерлік істеріңіз біз үшін, артта қалған ұрпағыңыз үшін мақтан болса да, еш кеткен еңбегін, босқа төгілген қан мен терің үшін өкінеміз. Сол қан-құйлы соғыстың жеңіспен аяқталғанына 70 жыл болсада, сіздің ерлік істеріңізді дәріптеп, сіздің рухыңыздың алдында жауапкершілік сезініп сіздің атыңызға туған үйіңізде тақта ашып, атыңызға көше беру ешкімнің ойына келер емес. Тіпті жеңістің 70 жылдығы құрметіне сіздің атыңызға әке-шешеңіз жатқан жер Қармыстың бір көшесін беруге көмектесіңіз деп Шет аудандық коммисариатына жазған хатымыз жауапсыз қалды. Ерлік елеусіз қалмауы тиіс. Ағалар ерлігі дүниедегі елеулі ерлік, ерліктің шыңы. Ал енді сол ерлікті қалай мәңгі есте қалдырамыз, оны есте қалдыру кімге міндет, кімге борыш. Ердің есімін де, ерлігін де естен шығармай, қаза болғандардың есімін қадыр тұтып қастерлеу – баршамызға ортақ борыш. Қолдан келгені ағайын – туыс бауырлардың жадында мәңгі атыңыз сақталсын деген ниетпен бауырыңыз Мейірманның сіздің тегіңізге Тлеуқабылов болып жазылғаны. Енді қалған міндет сіздің Литва жеріндегі жер бесігіңізге өзің туған ауылында, жалаң аяқ жүрген балалығыңның куәсі, елім-жерім деп жас өмірінді қиған, ата-бабаң жатқан жердің бір уыс топырағы бұйырса екен дейміз.

Олжатай Қазанғапов.

Атаусыз қалған жан аға!
Tagged on: