Жылдарды жылдар жетелейді

Бұғанасы қатпай жатып соғыс өртінің жалынына қанаты күйіп, балалықтың не екенін білмей, еңбекке ерте араласқан, еңселерін өмір зілі басқан шақта, уақыт ауыртпашылығын өгіздей өрге сүйрегендер бар. Солардың бірі әкеміз Сәкен Әбішүлы.

    Адамгершілік, Отан сүйер қасиет, инабат- иман, өнер – не жақсы мінездің, сананың бәрі бір адамның бойына дару ол – тектілік.

Сәкен Әбішүлы 1909 жылы Бұгылыда дүниеге келген. ¥зақ жылдар бойы партия, совет органдарында қызмет атқарған қайраткер «Құрмет белгісі» орденімен көптеген медальдармен марапатталган. Өнерге жақын болған. Домбырашы атағы ерте шыққан. Шешесі де домбырашы екен. Сәкен әкеміз екі жасында анасынан, төрт жасында әкесінен айырылып, ағайыны Мұқаш әкесінің тәрбиесінде болады. Өмірдің тауқыметін көп көріп жетім өскендігін, домбыраны қолына алып шерткенде естіген күйің, сай – сүйегінді сырқыратып, алпыс екі тамырыңды иітетін мұңлы әуен – өткен өмірінің бізге жеткізген сарыны іспеттес болушы еді. Іштегі ойын, көрген қайғы қасыретін көкіректен шыққан сазбен жеткізген домбыра үні тыңдаушысын көкке жеткізгендей баурап алатын. Зейнет жасына таянған жылдары қыз баласы Алмаш екеуі теледидар арқылы талай рет шертпе күйдің кұдіретін Әбди, Аққыз, Әбікен, Сембек күйлері арқылы құлак құрышын қандыра, тамсандыра көрерменге жеткізген.

    Сәкен әкемізді тәрбиелеген әкесі Мұқаш болыс болған кісі. Атақты құсбегі болыпты. Содан елде оба білінгенде бір күнде Әбеудің әкесі Суанбек екеуі кайтыс болады. Сәкен әкеміздің тәрбиесі енді Мұкаштың баласы Жәнібекке көшеді. Жәнібек өте аңқос адам болған. Төрінде: Бесқырқа, Күшікә  деген тазылары жатады, кермеде көк аты байлаулы, қыран бүркіті Алшын қыстағында балдағына отырғызғанда екі көзі қанталап тұрушы еді.

Деріпсалы, Бекеттегі Карлаг офицерлері келіп, соңынан еріп жүріп аң аулайтын. Сәкен әкеміз мектеп табалдырығын ауылда ашады.

    1926 жылы бір топ ағайындарымен Қарқаралыға оқуға барады, онда Қаркаралы кеңестік партия мектебінде оқиды. Ол оку орны жабылып қалган соң елге оралады. Күн көріс қамымен  Қарагандыға келіп, жер қазып алып Горбачев шахтасына жұмысқа ілігеді.  Ол  кезде «жеке стол» деген қызмет болган, соған меңгеруші болады. Бұл ол кездегі айтарлықтай қызмет. Ашаршалақ жылдары болғандықтан карточка таратумен шұгылданады. Осы жұмыста үш жыл  жүреді. Осы қиын да қыстау жылдарда туған-туыс, көрші – қолаң, ауылдастарының  қүлағанын сүйеп, жылағанын уаткан  Сәкен әкеміздің тіршіліктің тірегіне айналған туған жеріне, елдегі туыстарға деген сағынышы ешқашанда басылған емес. Басын қатерге тігіп жүріп талай туған-

туыстарын ашаршылықтан аман алып қалған. Дүкен меңгерушусі болып істейді.

Біреулер бай баласы  Есбайдың тұкымы деп көрсетіп, жұмысынан алып тастайды.

    Ауылға қайтып, жақсы мінездеме әкеліп Костенко шахтасына жұмыска ілігеді.  Мал дайындау инспекторы  болып  істейді. Көп ұзамай партия жұмысына ауысады.

    1940 жылы Ленин аудандық партия комитетінде, 1945 жылы обкомда нұсқаушы  қызметінде болады.  Сол жылы Тельман ауданына аупартком хатшысы болып жіберіледі. 1948 жылы екі жылдық Алматы кеңестік партия мектебінде оқиды.  Елге қайтып оралғаннан кейін шахтада партком хатшысы болады.  1951 жылы 8 – негізгі шахтасында директордың  орынбасары болып қызмет істейді.

    1954 жылы обкомның шешімімен Тың жерді көтеру ұранымен Щербаков атындағы совхозды көтеруге жібереді. 1957 жылы  Қарағанды қалалық сауда ұйымының кадр бөлімінің бастығы болып орналасады.  Кейінде Майқүдықтағы  мүгедектер үйінің  директоры  болады.

    Осы өмір жолында балаларының анасы Орынбала шешеймен қол ұстасып бақытты да базарлы өмір сүрді.  Өмірге 3 ұл, 3 қыз әкелген Орынбала шешей өмірден ерте қайтты. Балалары  Мекеш пен Күләнда  Жәнібек ағасының колында ержетті. Тәңірдің мандайға жазган «сыйы» екі үлы Амантай мен Сапар анасының артынан өмірден озды. Көмірлі қаламыз Қарағандының  26 – ықшам ауданында Сәкен әкеміздің үйі, оның ауласындағы жазғы ас үйінің жатын орын тауып, ауылдан келіп жогарғы оку орындарына түсуді талап қылып келген баспанасы жоқ, ауыл жастары осы үйден пана тауып,  максаттарына жеткендерін санын санап, түсін түстеу де мүмкін емес еді.  Сондықтан да болар  Қармыс, Құттыбай,  Шет совхозы көлемінде тұратын ағайын жұрт  Сәкен әкеміз ауылға келсе төредей күтетін. Саздауға біткен сары ағаш едің Сәкен әкей.

    Мекешім көтер басынды, тура қарашы маған, көзіңнен от көрейін – деп артында калған жалғыз ұлының жасы келген сайын жасқаншақ тартып бара жатқанын жан – тәнімен түсініп,  Мекешім бос оймен жанынды жаралама, рухыңа сызат түсірме, өмірдің бетіне тік қара құлыным сілкін,  менің кіндігімнің  жалғасы емессің ба деп тұрғандай, қайран Сәкен әкеміз.

Олжатай Қазанғапұлы

 

 

 

Сағындық әке сазыңды
Tagged on: