Бекмұханбет Нұрмұханбетов (17.5.1935 жылы туған, Алматы облысы Ақсу ауданы Еңбек ауылы) – археолог, “Алтын адам” жәдігерін табушы. ҚазМУ-ды бітірген (1962). 1962 – 93 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атынд. Тарих,археология және этнография институтында лоборант, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1993 – 98 жылдары Алматы облысыЕсік қаласында ашылған облыстық өлкетану мұражайының директоры, 1998 жылдан Қазақ Ұлттық ғылым академиясының Ә.Марғұлан атындағы Археологиялық институтында ғылыми кеңесші, осындағы археологиялыұ мұражайдың қор сақтаушысы. Ол Қазақстан аумағында академия Ә.Марғұлан мен К.Ақышев басқарған ғылыми экспедицияларға қатысты. Кейін Жетісуархеологиялық экспедицииясын басқарды. Зерттеушілік жолы қола дәуірінен (б.з.б. 14 ғ.) ортағасырлық (б.з. 10 – 12 ғ-лар) кезеңдерге дейінгі аралықты қамтиды. Қаңлы заманын (б.з. 2 – 4 ғ-лар), көне түркі дәуірін (б.з. 4 – 8 ғ-лар) тұрақты зерттеді. Атап айтқанда, Отырар өңірінің Көкмардан, Күйікмардан қалаларының жұрттарындағы зираттарға, Арыс өз. бойындағы Бөріжар, Қарааспан, Бөген обаларында қазба жұмыстарын жүргізді. Көне мұраларды қорғау және пайдалану жұмыстарын жолға қою мақсатымен 1980 ж. жедел көмек тобын құрды. Бұл шағын топ кейін Қазақстан аумағын түгел қамтып, сақ қорғандары ШұбартМолалыҚырғауылдыБоралдай,Есік,Түрген обаларын қамқорлыққа алды. 1999 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында “Алтын адам” Ұрпақтар сабақтастығы ассоциациясын құрды. Ассоциацияның басты мақсаты – “Алтын адам” табылған Есік обаларын ашық аспан астындағы мұражай-қорыққа айналдыру. Бекмұханбет Нұрмұханбетов осы обалардың қоғамдық негіздегі шырақшысы міндетін атқарып келеді. Археолог-ғалымның 50 шақты ғылыми мақалалары, көпшілікке арналған 200-дей материалдары жарық көрген.

– https://kk.wikipedia.org/wiki/Бекмұханбет_Нұрмұханбетов

Бекмұханбет
Tagged on: