Досымалы

Қазыбай атамыздың Барша деп айтатын жаңағылыштың Қарамырзасының қызы ,Қазыбай атамыздың екінші әйелі.Қазыбай атамыздан анамыз Барша 3 балалы болады; Досымалы,Байдос және шаңырақтағы Шам.Қазыбай атамыз әруақты Тілеу бабамыздың шөбересі.Оны айта кетсек Тілеу бабамыздың бір баласы Әлдеберді одан Жалтума,Құлтума .Жалтумадан Тәңірберген,Қазыбай <Бәйібшесінен>.Мекен еткен жерлері Ұлықұм бойын қыстап жайлауы Шаған бойын жағалап Доңызтаумен Шошқакөлден де әрі өтіп Үлкенмиалыменен Маңғазтауды іргелеп сол жерлерде мекен ететін Адай,Төменгі етектегі ел Жарғамыс өңіріндегі,кіші миалы маңындағы Кете анамыздан тарайтын Ақ кете,Қара кете,Жарты Шүрен руларымен іргелес, қоныстас боп,қыз алып қыз берісіп құдандалы жекжат болған.

                                           Шежіре

                                                                                                               Автор; Әлжанов Самат Өтеуұлы

              Бір істі қолға алдым,қолдаса Алла

Болмай тұр жазып шығу оңай шаруа

Кімнен шықтық бабамыз кім болғанын

Жас ұрпақ есіне алар анда-санда

Үлкендердің әңгімесін тыңдамадық құлақ түріп,

Уақытты өтікіздік біз босқа жүріп,

Ұлан байтақ жерімізді қорғап өткен

Бабалардың шыққан тегі ата түрік

Кімнен кім таралады білмей анық

Әркімнің айтқанына жүрдік нанып

Бүгінде сұрайын десең көне көз жоқ

Ата –баба қай жерде білер анық

Сонда да сұрастырып әркімдерден

Сұрадым мен шалдадан көпті көрген

Сол кезде бала болған бүгінде шал

Шежіре айтқан шалдардаң соңына ерген

Айтқанын сол шалдардың сараладым

Сұрадым кімнен кімнің тарағанын

Бабалар қайда туды қайда өлді

Бірталай бейіттерді араладым

Қаратаспен қалаған бейіттер тек

Қарайтқан келер ұрпақ ұмытпас деп

Бұл жерде жатқан біздің ұрпақтардың

Көбінде белгі болар құлаптас жоқ

Ұлы құмнан өткесін шыңға қарай

Жолдары тармақталар тарай-тарай

Алақозы жолының оң жағында

Дейтіндер бар қасынан өттік талай

Қасынан сол моланың өткен кезде

Жалған өмір аларсың миға тоқып.

Аллаға шын жүрекпен ықылас қыл,

Мұсылман болсаң өтерсің құран оқып

Бұл жерде жатқан біздің бабаларды

Әлжан әкем жыр қылып айтушы еді

Атқа мініп ,мінгізіп мені алдына

Әруақтарға құран бағыштап қайтушы еді

 

Қарасаң шыңға шығып көзін салып,

Бір жол бар ұлы құмды кесіп өткен,

Ноғайлының босқыны болған кезде

Осы жолмен ноғайлар көшіп кеткен

Ол кезде жаугершілік заман солай

Босқынға ұшыраған қалың ноғай

Ноғай жолы болғанмен шөбі шүйгін

Жейде өскен шілікпен қалың тоғай

Қыс болс ұлы құмды паналаған

Қыс ызғарын жазда-ақ шамалаған

Мыңғыраған малменен аман шығып

Қуалай көшкен өзенде үлкен Шаған

Ойласаң сыймайтын адам қиялына

Төрт түлік мал бір жерге сыяды ма

Шошқакөл доңыз таудан әрі жайлап

Тірелген Маңғазтаудан Миялыға

Жер азса мал қалады таңдақ болып,

Қой жайылған жер тозар шаңдақ болып,

Екі жұмадан сірә артық отырмаған

Жаңа жер ,жаңа жайлау алмақ болып

Бабалар осылайша көше берген

Ұрпағы соңына ерген өсе берген

Батырда ,бай да шыққан ел болыппыз

Деп айтатын қариялар көпті көрген

Барша анам ұлы құмды қылған мекен

Досмал-Байдос-Шам үш ұлымен тұрған екен

Қазыбайдың тараған ұрпағымыз

Кімнен тудық оны айтпай қалай кетем

Тілеудің бір баласы Әлдеберді

Жалтума, Құлтумасы соңына ерді

Жалтумадан тарайтын Қазыбай бабам

Бай болыпты билеген талай жерді

Қазыбай атам бай болған бала бастан

Жұбай қылды Барша анамды ауғанда орта жастан

Жаңғылыштан тарайтын Қарамырза

Шектінің мырзасы екен байлығы асқан

Сол байдың қызы екен Барша анам

Ол туралы баяндайын келсе шамам

Барша қызды көргеннен көңіл ауып,

Жіберіпті құдатүсіп бірнеше адам

Қайтыпты барған адам разы болып,

Ел іргесін байқапты көзбен шолып

Барша қыз текті жердің қызы екен деп

Барғандардың қайтыпты көңілі толып.

Жем Сағыз өлке еді шөбі майда

Аққан су талмай ағар терең сайда

Жаңқылыштың ерке өскен бұлаң қызы

Тұрмысқа шықты атамыз Қазыбайға

 

 

Бұл жерді мекендеген Назар-Шүрен

Аралас Адай,Кете, Жекейменен

Олардан да қыз алып, қыз берісіп

Іргесін еліміздің бекемдеген

Анамыздың келін боп түскен елі

Жалтуманың Қазыбай деген еді

Қазыбай Тілеу бабам шөбересі

Айнала қаумалаған қалың елі

Айт бабамның арғы тегі хан болыпты

Қалудан туған бөлек бабам ерекше жан болыпты

Солардың біз тараған ұрпағы едік

Қалмақтарға жасаған сан жорықты

Ұрпақтың қамын ойлап бабаларым

Суытпаған өзге румен араларын

Жеріне көз алартқан дұшпан келсе,

Бір тудың астына жиылған даналарым

Жүк артқан қайыспайтын қара нарға

Бүгінде жауға шабар аға бар ма

Осындай ұлан байтақ жер қалдырған

Көптен көп біз ырзамыз бабаларға

Баубек атам көп тарап алған бата

Жанқылыштың мекені Қыздар шыққан Қошқар ата

Жаз жайлау көк теңізді бойлай көшкен

Оралған қыстауына сулар қата

Солармен құда болған Жалтума әкем

Ұлы құм Жем-Сағызды қылған мекен

Байлығы ұшан теңізтасып жатқан

Тілеудің ұрпақтары солар екен

Тұрмыс құру керек екен барып жатқа

Қыз жасы толса егер балиғатқа

Төрт әйел алуға да болат дейді

Бәрін бірдей ұста дейді шариғатта

Барша анамыз салмақты болған момын

Аттамай келе атқан ата жолын

Тұрмыс құрды Қазыбайдай атаменен

Білетін адам екен оң мен солын

Келін боп түскен жері құмы майда

Көршілес қонған екен Кете Адайда

Осы жерді жайлау қылғым кеп отыр деп

Барша анам қолқа салды Қазыбайға

Байлығы жатса дағы асып-тасып

Үлкендермен алды атам ақылдасып,

Сынапты да сұрапты алпыс байтал

Ада, Кете Жары Шүрен шадары ақылдасып,

Болмасын депті ішінде ала-құла

Алпыс байтал болсын депті меңсіз қара

Алпыс байтал таба алмас біз сынайық

Бір үйірден шығды біреу қана

 

 

Ат шаптырды елге  кеп сауын айтып,

Адай кете сұраған дауын айтып,

Шектінің ауыз бірлігін сынап отыр,

Бұлар қалай табар деп енді қайтіп,

Ағайын назымықты қалай қимақ,

Қазыбайдай атамызды халық силап,

Екі айдың шамасында көп күттірмей,

60 байтал алыпты түгел жинап,

Төрт түліктің бәрі бар қазыбайда,

60 байтал шықты міне жалымайда,

Көп көтерген жүк жеңіл деген сөз бар,

Білінер татулығы осындайда,
Бұл жылқы бізге болды үлкен сынақ,

Кете,Адай,Жарты шүрен отыр сынап,

Әйгілі біз Тілеудің ұрпағымыз,

Сөзден,істен сүрінбедік біздер бірақ,

Сұраған жылқыларың барды айдап,

Жиналды тама табын ,ауыл аймақ,

Адайлар Кетелер бар жарты шүрен,

Сөз бастады билері сонда жайлап,

Ау ағайын татулықты көрдік деді,

Ендігі жерде орнасын тату бірліктері,

Сұрағандарың Құм шағыл ата қоныс ,

Ешбір даусыз,сендерге бердік деді,

Қазыбай ел тұтқасы қатарымсың ,

Ендеше ақсақалдар бата қылсын,

Өздерің сұрап алған Құмшық төбе,

Барша құм боп қалған жерде аталынсын,

Келісім арты үлкен тойға жалғасады,

Барша құмның іргесін мал басады,

Бұл тойда ең қызығы аламан бәйге,

Аллаға аян кім қалып кім озады

Досымал
Tagged on: