5 Өрдек Есен Өтебайынан тараған Уәли Мұңатұлы деген кәкеміз болды. 1902 жылы туған. Ол кәкеміз күйші, домбыраны сөйлететін әнші болған. Өзі алып денелі, мұрын жотасының үстерінде қылшықтары бар, саусақтары бақандай болатын. Мына бір күй тартқанда домбыра пернелеріне саусақтарын қалай сыйғызып тартатынына жұрт таң қалысатын еді. Тартқан күйлерінің \”ыңы\” болатын. Сол кәкеміздің мына ас қорыту, асты жеу жағы өте күрделі еді. Ағайын жұрт соғым сойғанда, аруана түйе өркешінің жартысын асып, сол кәкемізді шақыратын. Ол кәкеміз ет жемейтін, тек май жейтін. Сондықтан келіндері «май жейтін ата», «май жейтін қайын аға» деуші еді. Бір қойдың құйрық майын бұйым көрмейді. Былай дым болмаса, 25-30 қолдың тауығының жұмыртқасын бір зеренге шағып, шикілей ішіп қоятын. Сол кәкеміз 81-82 қараған жасында өмірден өтті. Мына дәрігерлер айтады ғой, май жесең холестерин тамырларың тромб болады деп, ол кәкеміз 80 жас асып барып өмірден өтті, бірақ еш ауырған емес.
Сол кәкеміз бір күні шілде айының ішінде тойға шақырылады. Содан той жасап жатқан адамдар:
– Уәке, Уәке! – деп майдың бәрін жегізіпті. Түрікменстанда мал суаратын құдықтардың алдында үлкен аудандары (бассейн) болады, 40-50 тонна су кететін. Жаңағы кәкеміз тойдан шыққаннан кейін шыдай алмай, манағы аудандардың біріне суға түсіп, таңға қарай ауданнан шығып қайтады. Таңертең мал суаруға барған адамдар қараса, судың беті майланып, май болып жатыр екен. Ол жарықтық – сол кәкеміздің майы екен. Есен ауылында осындай алыптар көп болған дейді әкем Шамаби.

Суретте: Уали Мұңатұлы. 1951-52 жылдар, 49-50 жас шамасында.

Уәли
Tagged on: