Байдуллаев Әбдіманап Әбдіқалықұлы еңбек жолын 1976 жылы Жетісай ауданы Қ.Әбдәлиев орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1979-1980 жылдары Жетісай ауданы Абай ұжымшарында комсомол комитетінің хатшысы, 1980-1983 жылдары Жетісай аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1983-1984 жылдары Жетісай аудандық партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы, 1984-1992 жылдары Жетісай ауданы Қ.Әбдәлиев орта мектебінің директоры, 1992-1997 жылдары Жетісай ауданы әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1997-1998 жылдары іріленген Мақтарал ауданы әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 1998-1999 жылдары Мақтарал ауданы Абай селолық округінің әкімі, 1999-2002 жылдары Мақтарал ауданы, Достық селолық округінің әкімі, 2002-2007 жылдары Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары, «Отан» ХДП Мақтарал аудандық филиалының төрағасы, 2007-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шыққан.

Сонымен қатар 2005, 2011, 2015 және 2019,2022 жылдардағы сайлау науқандарында ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевты және ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау бойынша құрылған Мақтаарал аудандық штабының төрағасы, 2022 жылы өткен кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау бойынша құрылған Мақтарал аудандық қоғамдық штабының төрағасы, 2020-2021 жылдар аралығындағы ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясы сайлауалды штабының төрағасы, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу бойынша «AMANAT» партиясының Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы қызметтерін нәтижелі атқарды. \’

Байдуллаев Әбдіманап Әбдіқалықұлы саналы өмірін ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және ауылшаруашылық салаларының дамуына арнаған. Осы еңбектері еленіп 1973 жылы «Еңбектегі үздік шыққаны үшін», 2009 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальімен, 2001 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл»,  2005 жылы «Ұлы Жеңістің 60 жылдығы», 2005 жылы «Тыңға 50 жыл» 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2005, 2011, 2015, 2016 жылдары  «ҚР Президентінің алғыс хаты», 2015 жылы «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР мәслихатына 20 жыл» медальдармен, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі», «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төс белгілерімен, 2019, 2022 «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хаттары», 2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі 2001-2012 жылдар аралағында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарлары Б.Жұмағұлов, Б.Сағынтаев, Б.Байбек, А.Мырзахметов, М.Әшімбаев, Н.Нығматуллинның алғыс хаттарымен, 2007, 2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының құрмет грамоталары, 2021 жылы Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтың алғыс хаты, 2023 жылы «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошановтың алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қазандағы №377 Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен марапатталған. Қазіргі таңда «Байдулла» шаруа қожалығын басқарып отыр.

«AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы     _______________ М.Сәрсенов

Әбдіманап
Tagged on: