КӨКЕНАЙ шамамен 1648-1728 ж. Сыр
бойында туып, өмір кешкен Орта жүзге
әйгілі батыр, би. Ел тарихын зерттей шолып
жинаған, жүйөлөп шығуға тырысқан Қабден
Есенғариннің жазбасында Есболаттан шық-
қан Құнанбай, Оразбайлармен замандас
әрі ақын, әрі шежіре Әкімжан Қошқарбайұ-
лы (оны Тобықтылар Балта ақын деп ата-
ған) жазып қалдырған шежіресіндегі мына
деректерді келтіреді:
…1647 ж. шамасында сол кездегі Орта
жүздің қолбасшы батыры Сүйірбасұлы
Қожабергеннің жекпе-жекте басын кескен
қалмақ батыры қолбасшысы Улан-уды 1660
жылдар шамасында Арғын Олжас батыр-
ды сөріктікке алып Сары батыр жекпе-жек-
те жеңіп, ағасының кегін қайтарады. Оның
сұлу жалғыз қызын өзінің бәйбішесінен ту-
ған екінші ұлы Үмбетейге қосады. Сол
Үмбетейден Көкенай туған (шын аты Кук-
най, қалмақша жасыл апиын деген мағы-
нада)\” дейді.
Көкенай аса мықты, қатал, тура мінезді,
өткір тілді азамат болып өсіпті. Сыр бойын-
дағы Арғын-Тобықтының барлық ісі Өнет
бабадан кейін
осы
Кекенай батырдың ал-
дынан тарайды екен.
Кекенай 1723 ж. қалмақтардың шабуылы-
на қарсы Ақтал, Қаратал деген жерде (Сыр
бойында болуы керек. Қ.Е.) Орта жүздің 5000
әскерімен шеп құрып, бір ай бойы соғысып,
қалың елі Қаратаудан асқанша жауды ұстап
тұрған екен. Сол соғыста езінің 6 баласы,
Әнет бабаның 5 баласы шейіт болыпты. Көке-
найдың жауынгерлік қасиеті Тобықтымен
бірге туған Қанжығалыдан шыққан Бегенбай
батыр, Бәсентин Малайсары батыр, Тобық-
ты Мамай, Тоқтамыс, олардың ізбасары Ту
алған Саптаяқ батыр, Қарабас батырларға
жалғасып, ел іргесінө жау жібермей, елдігін
сақтап келе жатқан ұрпаққа үлгі-енеге болып
қалған. Сары батырдың Ақ туы Кекенайдан
Мамай батырға, одан Тоқтамыс батырға
көшіп, еңкеймей бүгінгі ұрпаққа жеткені
белгілі. Көкенай батыр женіндегі деректер
Әнуарбек Исахановтың \”Кекенай – батыр әрі
би\” атты еңбегінде айтылған.

Көкенай батыр
Tagged on: