Мырза батыр ЖҰМАҒҰЛҰЛЫ Тобықты
жұрты Сыр бойында жүргенде дүниеге
келген. Ол атақты батыр, Арғын Тобықтының
туын ұстаған, қолын бастаған сардары –
Мамаймен бірге туған адам. Мамай
бабамыздың мәйітін ардақтап Шыңғыстаудан
Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерлеуге
апарғандардың бірі.
Мырза ұрпақтары \”Батыр шамамен 1712-
13 жылдары туып 1810 жылдары дүниеден
қайтқан\” – деп есептейді. Ордадағы Мамай
батырдың бейітінің қасына жерленген.
Мырза жастайынан қас батыр Бегенбай,
Қабанбай, Мамайлардың қалмақтармен
шайқасқан 1730-31 жылдардағы Аңырақай
соғысынан бастап қазақ жерін жаудан
тазартуға қатынасқан. Ол жорықта
жырынды, құсұйқы, еңсегей бйлы, жүректі
де қарулы адам болған екен. Шаған,
Шыңғыс,
Аякөз,
Тарбағатай
жорықтарындағы ерліктері үшін Қанжығалы
қарт Бөгенбайдан бата алған. Мырза батыр
Мамай сардардың сенімді серігі болған.
Тоқтамыс, Борсықбай, Балағазы, Бақай,
Шонай, Құнанқой, Төлен, Сары, Жанай және
Қарабас батырлармен тізе қосып
Шыңғыстауды алған Тобықты көшінің
қорғаны болған. Тобықты жұрты Шағанды
өрлеп, Кекен тауында біраз аялдап ілгері
жылжығанда ағасы Мамаймен бірге Ордаға
кеш бетін бұрыпты.
Ақын Қалихан Алтынбаевтың \”Мамай
батыр\” дастанында:
\”Торғындай кемкерілген көк жиегі,
Па, шіркін, осы-ақ шығар жер ұйығы.
Орданың исі жұпар ауасынан,
Балқиды ер Мамайдың сар сүйегі.
інісі Мырза айтты: – Жерім екен,
Тамсанып таңдай қағар керім екен.
Бұлағы құлап түскен қыз бұрымы,
Қамшының сұлу біткен өрімі екен\” –
деп суреттейді.

Мырза
Tagged on: