Есім ханның бас қолбасшысының бірі тобықты Сары батыр Сүйірбасұлының шөпшегі Мамай батыр.Ағасы-Қожаберген батыр, Қатаған қырғыны кезінде Есім ханның билігінің негізгі тіректерінің бірі болған, Тұрсын ханның қыздарының бірі Қоңырбикені әйелдіке алған. Сары батыр Сүйірбасұлы Құнанбайдың жетінші атасы, Абайдың сегізінші атасы, Шәкәрім «Сары менің тоғызыншы атам» деп жазады шежіреде. Сарының шөпшегі Мамай батырдың жеті ұлы болған: Жиеншора, Байшора, Молшора (лақап аты – Қарабас), Жолшора (лақап аты – Сарбас), Еламан, Жоламан, Жолбарыс. Ал, Абланбек ата Мамай батырдың үшінші ұлы Молшора – Қарабастан туған ұрпағы. Мамай батырдың кенже ұлы Жолбарыстан Дулат батыр туған. Дулаттан екі қыз туады: бірі Шәкәрімнің екінші Ботантай шешесі мен екіншісі Бегім ханым алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туған шешесі. Бегім ханым деп халық Нұрмұхамед төренің бәйбішесі болғандықтан құрметтеп атаған. Шын аты Бегежан. Шәкәрімнің өз шешесі ерте қайтыс болған. Сондықтан, Шәкәрім Құ¬нан¬байдың қалауымен келін боп түскен екінші Ботантай шешесінің тәрбиесінде өскен. Ботантай мен Бегім ханым Мамай батырдың туған шөберелері, ал Әлихан Бөкейхан оның тікелей шөпшегі. Әлиханның шешесі Бегежан-Бегім ханым тәрбиелі, зиялы адам болыпты.

Тобықты ішіндегі Сүйірбасұлы Сары бидің ағасы Қожабергеннің ауылын қалмақтар шауып, жекпе-жекте Қожабергенді өлтіріп, ақылы мен сұлулығы ел аузында жүрген жас келіншегі Таңсұлуды Хорахулай батырдың қолға түсіруі айтылады

 

Таңсұлуды Хорахулай батыр қалмаққа әйелдікке бермек болады. Таңсұлу 

келіншек іштегі жаңа өсіп келе жатқан баланы қимай, өле алмай, қалмақ 

ноянының зорлығына көнбей, оған әйел болмаймын деп өзінің мұрнын кесіп тастаған. Мұрнының тесігі үңірейген Таңсұлуды көрген ұлалы нояны ызаға булығып, бұдан былай босағадағы күң боласың деген екен. Құлдықта, күңдікте аяғы ауыр келіншек ауыр азап шегеді. Таңсұлудың ішіндегі кеткен нәресте ұл болып туып, өскенше көп қиыншылық көреді. Жапал анасы Таңсұлудың өсиетімен өседі, бұл мезгіл шамамен XVII ғасырдың басы болса керек. Осы XVII ғасырдың 1635 жылы Хорахулайдың ұлы Батур-хунтайшы жоңғар хандығын құрып, Ойрат тайпаларын біріктіреді. Жоңғар хандығы дүниеге келеді. Батур-хунтайшы таққа отырады (1635-1653 жылдары). Жапал жоңғардың жылқысын бағып, олардың жігіттерінен соғыс тәсілін үйренеді, өсіп жетіледі. 

Анасы Таңсұлу ұлы Жапалға бетін ашып көрсетіп, көзіне іркіп жас алып: 

«Сен қазақсың, Арғын деген елің бар, сол елде Момын деген жұртың бар, 

ұраның «Ақжол». Ақжол би ұлы бабаң. Ақжол бидің негізгі аты — 

Дайырқожа. Әз Жәнібек Керейдің тұсында өмір сүрген. Әкең Жеті Момын 

елінен, әкеңнің інісі — Сары, Әлі деген ағаң бар. Елің сенің Қаратауда, Сыр 

бойында» деп, жоңғар елінен жасырын қашырып жібереді. Жапал 16-17 

жасында анасы Таңсұлудың өсиетімен Жоңғар хандығында өткелі жатқан үлкен тойды пайдаланып, хан сарайындағы бәйге атқа мініп, оның жүйрік жорғасын жетелеп қашып кетеді. Жүйріктің жүрісіне шыдай алмай жорға жолда зорығып өледі. Мөлшермен қазіргі Қара Ертістен (Жоңғар елінен) Сыр бойы Қаратауға, әкесінің інісі Сары бидің еліне жетеді. Бұл тарихи шындық. Сары бидің 12 қанат ақ үйіне рұқсатсыз кіріп, төрінде шалқасынан демалып жатқан ұзын бойлы, шегір көздеу ақ құба, батыр денелі, жоңғарша киінген жігітті көргендер Сары биге хабар береді. Есіктен кірген Сары ағасына орнынан тұрып, анасы Таңсұлудың үйрету тәсілімен сәлем береді. Сөйтіп Сары ағасына қауышқан. Жапал анасын елге қайтаруға қол жинайды. Анасы Таңсұлу қалған жоңғар елін шауып, елге қайтып оралады. «Жапал батыр» деген атаққа ие болады. 

Сары
Tagged on: