Сеңгірбаев Тұрғын Исақұлы

Сеңгірбаев Тұрғын Исақұлы 1955 жылы   5- қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы Ақжар елді мекенінде дүниеге келген.

     1974 жылы Шымкент қаласындағы Қазақстанның 40- жылдығы атындағы  №12  мектеп интернатын бітірген соң, Алматы қаласындағы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына оқуға түсіп, аталған оқу орнын 1979 жылы бітіріп, тау- кен инженері мамандығын алып шығады. Еңбек жолын «Ачполиметалл» комбинатына қарасты «Байжансай» кенінде тау шебері қызметінен бастаған. 1981 жылдан мамандандырылған “Қазақвзрывпром” тресінің басқармасындағы жобалау тобының инженері. 1982 жылдан Шымкент қаласындағы “Югстройконструкция”  тресіне қарасты «Кенсіз материалдар комбинаты» мекемесінің № 2  цехында  цех бастығынан бастап, комбинаттың бас инженері қызметін атқарған. 1998  жылдан бері Шымкент қаласындағы  «Шымкент -Тас» ЖШС – ның бас инженері қызметін атқарып келеді. Атқарған еңбегі мен қала құрылысына  қосқан үлесі үшін марапат, алғыс хаттармен марапатталған.

Мәлімет берген: Елікбай Асқар

Тұрғын
Tagged on: