Елікбай БАЙЫСБЕК ҰЛЫ. 

Қазіргі Қайнар бұлақ көлінен бастау алып ағатын, Шұбарсу аталған өзен бойын жағалай қоныстанған, Байысбектің жайлауы, Балпықтың жайлауы атанған жерлерді мекендеген, Қайшылының Наурыз атасынан тараған Байысбек, Балпық аталар мекен етіп, бай-қуатты өмір сүріп, тәрбиелі ұрпақ өсіріп, тату- тәтті ғұмыр кешкен. 

Байысбек атадан; Серікбай, Сеңгірбай, Елікбай, Ортай есімді ұлдары, 

Алтын, Күміс, Ділла есімді қыздары болған. 

Алланың бергін сыйы, жайлаудағы түйе мен жылқы, сиыр мен қой, ешкілерінің молдығынан Байысбек-Байыс Бай атанған.

Аталарымыз небір қилы кезеңдерді өткеріп, алма-ғайып заманда, салт-дәстүрін сақтай отырып, жесірін қаңғытпай-жетімін жылатпаған. Қолда бар байлығымен бөлісіп, жайлаудың төңірегінде медресе ашып, ұстаз жалдап бала оқытып, білімділікке тәрбиелеуге қомақты үлес қосқан. Сол кезеңнің елге белгілі жайдақ руынан СәтБай болыс, шалдар руынан ҚараБай аталармын құда болып өсіп өнген. Байысбек атаның Серікбай ұлының үйленген соң, ұзамай қайтыс болуына байланысты, дене бітімінің ірілігі, медреседе алған білімділігі мен өмірге деген ерекше қабылетін ескеріп, ӘКЕ үмітін ақтар деген сеніммен, жесір қалған келінін 13 жасар Елікбай баласына қосқан. Ол кісілерден Әдей, Әсем, Ұлтай атты қыздар дүниеге келген. 

Мамыра жай өмірге топалаң енгізіп, үкімет басына қызыл күмәністер жайғасып, жұртты теңестіреміз, байдың малын кедейлерге бөліп береміз деген сылтаумен, Ата-апаларымызды қуғын-сүргінге ұшыратты. Биліктің озбырлығына қарсы келген Елікбай аталарды ит жеккен сібірге айдады, түрмеге жапты. Сібір түрмесінде жүріп жергілікті заңға бағынбай, қасындағыларға қорлық көрсетіп, зорлықшыл паһанмен жеке төбелеске шыққан Елікбай,- паһанның маңдайынан бір ұрып талдырып, таңдайын түсірген– ерлігін ескерген түрме бастығының қолдауы мен ақталып елге оралған. 

Елге келген соң қыруар жұмыс басталып, азын аулақ түйелерді жинап, керуен ұйымдастырып, қарамағына білекті жігіттер жинап, керуен басшысы болып, елдегі ағайын туыс, ауылдастар қажеттілігін қамтамасыз ету үшін талай жұмыстар атқарылды. Жолда жүрген керуенге, тонау мақсатында, шабулдаған  қарақшылармен шайқасап, қасындағыларды біліктілігімен ұйымдастра    жүріп талай ұрыстан аман шығуға септігін тигізді. Одан кейінгі жылдары колхоз, совхоздың жерін жыртып, егін егіп, малын бағып, елдің көркейіп өсіп өнуіне қыруар еңбек еткен. 

Елікбай ата осынша еңбекке мойымастан, арасында уақыт тауып, жастарды ұлттық спорт түрлеріне баулу мақсатында, аң аулау, аударыспақ, көкпар шабуға шабандоз-палуандарын үйреткен. Елікбай ата қатысқан көкпардан жүлдесіз қайтпаған. Қай кездеде замандас шабандоздармен бірге көкпардың таза әрі әділ болуына көбірек көңіл бөлген. Көкпарды ердің басына жіппен байлап шабуға қарсылық білдірген. Сондада тәртіп сақтамай көкпарды ердің басына байлап шапқан шабандозбен қатарласа  келген, Елікбай атаның шәкірті Еее-ӘРУАҚ деп көкпарды бір тартқанда, ердің қасасы мен қосып, тәртіпсіздің сан етін жұлып түскін. Аттан құлаған шабандоз күнасын үнсіз мойындап, үйінің төріне, басы жұлынған ерді іліп, өзі шолақ атанып бертінде қайтыс болған. 

Елікбай ата жастайынан басы бұруға келмейтін асау аттарды үйретіп мінуге құмар болған.Тартқанда шыдас бермеген соң ауыздыққа тізгінмен қоса мықты шынжыр пайдаланған.Көкпарда қатар тұрған аттың астынан еңкейіп, серкені көтеріп алуға машықтанған.Елікбай ата тақымына басқанды оңайлықпын жібермесін білетін көпшілік,тартысқа түспеген.Көкпардағы тартыстың бірінде жұлқынған аттың басы мұрнына тиіп, бетімен бірдей етіп тегістеп, жарақат алып үйіне келгенде,бойында  сынықшы қасиеті бар Қымқап апа, мұрынның тесігене жіп иіретін ұршықтың ұшымен көтеріп, орнына келтіріп емдеп жазатын. Бойында бақсылық қасиеті бар Ұмсын апа (Елікбай атаның жеңгесі)әрдайым сапарда,жорықта,көкпарда жүрген ағайын-туыс бауырлардың бәлеқордың-бәлесінен,жалақордың-жаласынан,сұқ пен көзден сақтасын деген ниетпен Алладан-амандық, Жаратушыдан-жақсылық, Құдайдан-қолдау тіліп зікір салатын болған. 

Сұқ пен көздегеннен еске түскені, жұртқа жария етілмеген, Елікбай атаның бауыр-інісі  Балпық ұлы Қарабектің бойында орасан күшті биоэнергетиксы болған. Оған дәлел жоғарыда айтылғандай, түйекеш болып сапарда жүргенде, керуенге шабуыл жасаған қарақшылармен бетпе-бет келгенде, Қарабек атаның қадала қараған көзіндегі сұсы өңменінен өтіп, бойын үрей билеп қарақшыда,мінген атымен қоса қозғалмай қалатын. Айыбын төлеп, атын мінгізіп, шапанын жауып, Елікбай пен Қарабектің ырзалығын алған қарақшылар, бұл екеудің жанына жоламай, аулақ жүретін. Кейінгі тыныштық заманда Қарабек қария, таңертең ұйқыдан тұрғанда бойындағы тасыған энергияны басу үшін, үйден шығып ұзаңқырап барып Қазығұрт тауына бірәзға дейін қарап тұрып, сабасына түсетін. Өз балдарын жай ғана арқасынан қағып, ынта білдірместен, тіке қарамауға тырысатын. Кейінгі жылдары, баяғы Байысбай атаның салдырған медреседе алған білімін пайдаланып, ауылда шәкірт тәрбиелеп, имамдық қызмет атқарған. 

Есте сақтау қабылеті күштілігінің арқасында, Қазақ шежіресіне, тарихына зор үлес қосқан. 

 Елікбай атаның баласы, әрі шәкерті болған Өмірбек Қарабекұлының палуан-шабандоз болып көрсеткен ерлік жетістектері өз алдына батырлық. 

Өмірбек Мырза Қазақтың намысын қорғап талай одақ көлемінде, шет елдергеде шығып көрсеткен жеңісі мен ерлігі үшін, сол кездегі сталинді мойындамаған Будённыйдың қолынан сыйлық алып марапатталған. 

Елікбай ата жетпіске таянған шағында, кезекті көкпардан келіп, алдынан шыққан кенже ұлын көріп, Анартайым-Анатайым деп еңкейіп, білегенен ұстап көтергенде, астындағы асауы ала қашып, баласын қолтығына қысып үлгеріп, ауылдың шетін айнала шауып келіп, қорыққаннан қозғалмай түрып қалған анасының қолына баласын ұстатап, ашу қысып, қолындағы қамшымен астындағы асауды сауырынан салып қалып, шыншыр темірмен қабаттастырып бірге байланған жүгенді шірене тартқанда, ауыздық аттың езуін жыртып, жағын екіге бөліп жіберген. Сырттан бақылап тұрған үлкен ұлы Ілесті шақырып, атты сойып, етін құдайы-садақаға таратып жіберген. Елікбай ата өмірінің соңғы жылдары,Құдай қосқан жары Жұпар-Апа екеуі Ілес ұлын үйлендіріп, немере сүйіп бақытты өмір сүрген. 

Жұпар анамызға Құдайдың қалауымен,бойына Алтын қайшылы ІЗБИКЕ анамыздың тігіншілік өнері дарып, ауылдағы ұзатылар қыздардың көрпе-төсегі, киіз-кілемі, алаша-текеметі, киім-кешегі, жасауын дайындауға қосқан үлесі зор. Төңіректе болатын ас-жиын, тойларда дастарқан дайындауды (пәтнүс жасау) Жұпар апаға сеніп тапсыратын. Істеген қызметіне разы болған ауылдастары, үнемі ақ көйлек киіп, таза жүргендіктен, Жұпар апаны,- Дәу апа-Аппақ апа деп атайтын. 

Асыраған ұл-қыздары, немерелерін тәрбиелеп өсіреп, ағайын-туыс, ауылдастар ықыласына бөленген, Елікбай атаның қас-қабағына қарап, өмірінің соңына дейін бірге болып, атына шаң жуытпастан,отанының төрінде,көпшіліктің ыразалығымен,жетпіс жетіге қараған шағында, 1967 жылы Елікбай атаны мәңгілік мекеніне абыроймен шығарып салған болатын. 

Осындай елі мен ұрпағының жарқын болашағына жасаған еңбектері үшін, АТА-АПАлардың иманы жолдас, жаны жәннатта болуын АЛЛА нәсіп етсін!

Мәлімет берген: Елікбай Асқар

 

Елікбай
Tagged on: