Қарабеков Өмірбек

Қарабеков Өмірбек 1924 жылдың 01 қыркүйек айында ОҚО-ның Қайнарбұлақ елді мекенінде дүниеге келген.

  • 1924-1936 жылдарға дейін Қайнарбұлақ ауылында тұрған.
  • 1936-1941 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасында тұрған.
  • 1941-1947 жылдары Қаратас ауданында Түйекештікпен айналысады.
  • 1948 жылдан бастап Қаратас ауданында Жданов совхозы құрылады (тың игеру науқанында). Осы шаруашылықта аға шопан болып жұмыс жасаған. 
  • 1949 жылы Қазақтың Ұлттық ойыны «Көкпар» командасы құрылып, сол құрамаға мүше болып қабылданады. Құрам негізінде ОҚО және Қазақстан құрамасы болып табылады. Осы құрамада 1970 жылға дейін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Москва, Пятегорск жерлерінде ат ойындарын көрсетті. Совет үкіметі кезінде спортқа қосқан үлесі үшін, бас төреші Будённый, Ворошиловтың қолынан мараппатау қағаздарынын алған.
  • 1962 жылы бұрынғы Бөген ауданында ауылшаруашылық слетнде спорттық жарыстар өтеді. Сол жарыста қазақша күрестен финалдық кезеңде 117 кг салмақта өнер көрсететін спорт шебері Качевпен белдесіп, жеңіске жетіп, «Түйе палуан» атағын алады.
  • 1975 жыхлы Ленин ауданында «Ленин» совхозы құрылып, сол шаруашылықта еңбек етіп, 1984 жылы зейнеткерлікке шығады.
  • 1952 жылы Қарабекова Боранкүл апамызбен отбасын құрып, 5 ұл,  3 қыз тәрбиелеп өсірді. 
  • 1996 жылы Шымкент қаласына көшіп келеді.
  • 2005 жылы 15 наурыз айында дүниеден өтті
  • Мәлімет берген: Елікбай Асқар
Өмірбек
Tagged on: