ҚАЙЫП АТАЛЫҒЫ

 

Нарын өңіріне бұл атадан о бастан аз шаңырақ келген және соңынан келген деп жобалауға болады. Өйткені Қайыптар жері Ысық қонысының түстік батысына орналаскан шағын аумақ, шығыстан батысқа қарай 15-16 шақырым, түстіктен теріскейге қарай 11-12 шақырым. Бірақ Жамастар жржерінен әлдеқайда үлкен аумақты алған. Мұнда Қайып ата ұрпақтарының тым аз болуы 1916 жылдан 1950 жылға дейінгі 2-3 ауқатты шаңырағы тәркілеуге (конфискация) ұшырап, жер ауған. Тағы 2-3 шаңырағы молда, сұпы делініп жер ауған, бірнеше азаматы соғыста қаза болған. 1930, 1945-1950 жылдары біраз отбасы көршілес Астрахан облысына, Қалмақ даласына күнелтіс қуалап, көшіп кеткен. Мұндағы атақоныста қалған санаулы отбасы түрлі ауыртпалық пен жұқпалы індеттерден, аш-жалаңаштықта ұрпақтары шығынға ұшырап, мұндай жаүдай ортақ болса да аз ауылдың шығыны олардың тіпті азазаюына әкеліп соқтырған. Осы аз отбасында да аталық шежіре мәліметтері жадағайлау болса да қолда барын қағазға түсірдік….

Жоғарыдағы Есенкөбектен Айтмаганбетұлы Қалжан, Шәкішке дейінгі деректі ұсынған Жантілеуұлы Имамұрат, Астрахан облысы Нариман ауданы Прикаспий совхозында тұрган.

 

Қаспиев Елемес аксакалдың жазбасынан.

Марат Жұмағұлов. Бәйтерек Төртінші кітап. 292-бет. 2023 жыл.

Қайып
Tagged on: