Сүлгетай (Ақмолда)

Тіліктің құрамындағы Сүлгетайлардың бұрыннан ата-бабаларымен Ысты Тіліктің бір атасы болып келгеніне ешкім күмән туғызбаған. Жазба тарихта да, ауыз екі шежірелер де де, дәлелдей түседі. Бірақ  осы бұлтартпайтын дәлелдерді мойындағысы келмей,  лауазым қуалап, өздерінше “топ” құрғысы келіп жүрген бірді-екілі Сүлгетайдың жігіттері және бұларға еліктеушілер бар. Қазақтың “бір қарын майды бір құмалақ шірітеді”деген мақалы еріксіз тілге оралады.

Тарих көне қолжазбалар және кәріқұлақты қариялардың айтып кеткеніне жүгінейік:

1.Зерттеуші Н.Аристов құймақұлақ көпекөз қариялардан естіген дерегіне сүйеніп,1895 жылы жазылған «Үлкен Орда мен Қара қырғыздардың этникалық құрамын анықтау тәжірибесі» деген жазбасында «Сүлгетай руының ұраны-Жауатар,соған қарағанда, ол Ысты тармағына жатса керек» депті.

2.”Алаш” тарихи-зерттеу орталығы жарыққа шығарған “Қазақ ру-тайпаларының тарихы” атты көп томдықтың екінші кітабының 390-бетінде 1872 жылы Н.А.Маевтың

“Материалы для статистики Туркестанского края” деген еңбегінде Сүлгетайлардың Тілік құрамында “Тілік болысын”құрап отырғанын жазлығанын, осы болыстың құрамында 140 шаңырақ Ошақтылар мен Ойықтардың болғаны айтылады ,айтылады да, авторлар өз ойларын “Тарихи құжаттардың көретілген осындай дәлелдерінен және Н.Артистов, Н.Гродеков, Н.Маев секілді белгілі зерттеушілерідің пікірінен кейін Сүлгетайды-Ысты Тілік тайпасының бір атасы ретінде қарастырғанымыз жөн болады” деп тұжырымдайды.

3.Ел-мен жер тарихын мұқият зерттеген белгілі тұлға Мұхаметжан Тынышпаевтың “Материалы к истории киргиз-казахского народа” атты еңбегінде дерек пен дәйек ретінде қосымша келтірілген шежіресінде ,(Восточное отделение Киргизского Государственного Издательства,Ташкент 1925г.) Ысты-Ойық,Тілік ұрпақтары: Қызылқұрт,Көкшекөз,Ауызүсіген, Сәтек,Тасша-Сүлгетай, Мырзақоңыр,Жырымсыз қоңыр, Құралай қоңыр (Аққойлы,Қарайқойлы) бірге,Сіргелілер бөлек қарастырылған. Бестеректерді Шымырдың құрамында(Чужеродец)(Кірме) деп анық көрсеткен.

Осы жоғарыдағы зерттеушілердің барлығы, ойдан құрап жазған жоқ.Сол кезде көнекөз қариялардың, шежірені қағазға жазғандай етіп айтатын белгілі құймақұлақ кісілерден жазып алғандары айдан анық.”Ақсақ қой түстен кейін маңырайдының”кебін киіп жүргендерге не жосық?! Қолдарында тілге-тиер етерлік дәлелі жоқ.

4.Тортай Сәдуақасовтың 2000 жылы шыққан “Назарбай би және туған өлке тарихы”тарихи-танымдық жинағында да Сүлгетайдың Тілік болысын қарасты екені көрсетілген.

5.Сүлгетайдың Есеншора атасынан шежіреші Сайлаубек Есмырзаұлы 1892 жылы туған кісі. 1947 жылы 21.02 күні баласы Асайынға жаздырған “Ата баян” тек-телгісін келтірейік. Қазандағы Ноғайдың ханы Орманбет өлген соң Ноғайлар ыдырап кеткен, Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстаннан кейінгі ыдыраған Ноғай Ұлысымен дәлме-дәл келіп тұр. XV-XVI ғасырларда тарихшылардың дәлелдеуімен “Қазақ” деген этникалық ұлт болып қалыптасады.

Илбисин (Елбосын ) Ноғай, Сыр бойын жағалап, Құмкенттегі Әзірет Сұлтанға келеді.Әйел алып, үйленеді, одан Томай атты баласы болады. Томайдан-9  бала, 2 баласы Қоңыратқа сіңіп,”Қызыл мая” Қоңырат атанады. 1 баласы Қырғызға сіңіп,”Саяқ-қырғыз” атанады. Бұдан атақты жазушы Шыңғыс Айтматов шығады. 5 баласы Дулаттың Шымырына сіңіп,”Бестерек” болады. Ең кенжесі Ақмолда Сайрамдағы Сүлік ата қарыдан оқып білім алып, «Қара суды теріс ағызатын» айтулы молда болады.Уақыт өте “Сүлік ата” “Сүлгетайға” айналып, Ақмолда аты ұмытылады. Молдалық құрып, ел аралап жүріп Тасшаның бір атасы-Мұсаның немересі «Қоңқас»  аталығына молдалыққа тұрады. Кереметін көрсетіп, бірнеше жыл сал болып жатқан қызын емдеп жазып, бәйбішелікке алады. Жырымсыз Қоңырдың бір қызын тоқалдыққа,үшінші әйелінен, одан: «Төртсарылар» тарайды.

 

 

 

 

  Бәйбішеден– 9 ұл. Ожырай,Бекмұрын(Боқмұрын), Байтығай, Шелек, Зораяқ, Зарын, Құлақан,Тақан, соңғысы белгісіз.

Тоқалынан– 5 ұл. Есеншора, Құжығыр,Көзтамғалы, Шуылдақ,бір баласынан тұқым жоқ. Мысалға:-Сайлаубектің тек-телгісін келтірейік.

Есеншора-Жаратқанқұл, Жарбол        Нәдірбек.

Олжашы, Сауғаш        Дәулетберді    Түгелбай    Орыс    Мәлік

Әйтімбет,Қыдырбай,Тасшабай

Сайлаубек       Есмырза      Есенбай

Асайын      Құндызбек      Ержан     Дәнияр.

Илбисиннен басталып, Дәниярмен қоса есептегенде 17 буын болып,XV ғасырдан бастау алып тұр. Тарихқа жүгінсек: Түркі тілдес халықтардың “Қазақ” деген халық болып, бірігуіміз XV ғасырдан бастау алып, XVI ғасырда тұрақтағанын екерсек,татарға ешқандай қатысы жоқ.Осыдан кейін «Бестеректерді» Ысты емес деп кім айта алады. Сүлгетай,Бестерекпен туысқан,Бестерекке жатпайды.

6. 1993 жылы “Ана тілі” газетінде жарияланған Ыстының шежіресінде де ,анық көрсетілген:-Ысты Тілік Ыстық  Мұса       Ақментей,Қамеш.

Тасша,Сүлгетай(Ақмолда).

“Бестаңбалы” Тілік, бірімен-бірі қыз алысатын нағашылы-жиенді ағайындар.

Тарихты бұрмалаушылар не дейді:

№ 149-150 3.10.2009 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне шыққан «Ақмолда әулие және оынң ұрпақтары» атты Әбдуәлі Әліұлының жазған шимай-шатпағын саралап оқыған адамға,белгілі журналист жазды деуге аузың бармайды. Дәлелді, ауыз тұшырлық бір сөз жоқ. Бәрі ойдан құрастырылған теңеулер, дала. Бүркіт қартайса тышқан аулайдының кебі.

Әңгімені мақала жүйесімен бастасақ, Біріншіден, Ақмолда ұрпақтары Шаян, Байжансай жеріне аяқ баспаған. Екіншіден, бұл жер Сіргелілер мен Шымырлардың аралас тұратын жері. Үшіншіден, Ақмолда әулие болмаған, сауатты арабша Сайрамдағы Сүлік қарыдан оқып-білім алған. Қазақшалап айтқанда, «Қара суды» теріс ағызатын молда болғандығы белгілі. Ақмолданы Сіргеліге ешкім жатқызбаған, Мұхамметжан Тынышбаевтың шежіресінде Тіліктің құрамында анық тұр. Әбдуәлі мырзаның көру қабілеті төмендеген болуы мүмкін. Шежірешілер басын  ауыртпай,”Бестерек” шежіресін құрастырушы Мақсат Райқұловтан көшіріп алған дейді. 2002 жылы Тараз қаласында Қуаныш Дәуренбековтың үйінде балаларын,немерелерін өзі жаздырған. Бұл кезде Әбдуәлі Әліұлының Ыстының Тілігі болып жүрген кезі болатын.

Марқұм Мақсат Райқұлов “Бестерек”шежіресін жинаған кезде, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сүлгетайлардап,Сүлгетайдың шежіресін жинап жүрміз деп, деректерді алдап алғандығы турал Ділдәбек Тойжанов, т.б. күйіне айтады. Бұл кітапта: “Қазаннан бір татар қазақ жеріне,қазақтарға мата, шәй-қант секілді тауарларын малға, тері-терсек, жүн-жұрқаларға айырбастап алуға өзінің бір көмекшсімен келеді-міс. Малы, басқа тері-терсек, жүн-жұрқалары көбейген соң қазақтардан сауаты бар адам іздейді-міс.Ол адам-Шымырды Бекболатының Мырзамбеті болыпты. Татар Қазанға қайта алмай қалып, көмекшісінен әйеліне хат жазып беріпті-міс. “Мына қазаққа қызды көрсетпе”деп,көмеші татар ұйықтап жатқанда  Мырзамбет хатты алып оқып, ”Mына қазаққа қызды бер” деп жазып қалтасына қайта салып қойыпты-мыс. Қыс өтіп, келесі жазда татар Қазандағы үйіне келсе, қызы туайын деп отырғанын көріп, келісімін береді. Мырзамбет татарға “күшік күйеу” болып, төрт баланын әкесі атанған кезінде, орыстар финдермен соғыс ашып, Мырзамбетті соғысқа алып кетеді.Соғыста жүріп, Мырзамбет балаларына хат жазып, «Сендер қазақсыңдар, Бекболат аталарыңа барыңдар» депті-міс.Сонымен қасына бір бала қосылып, Бекболатқа келіп, «Бестерек» бола қалыпты.

 

Осыған байланысты бұл ертегішілерге заңды сұрақ қойылады.

Біріншіден, қазақ жеріне татарлар орыстармен бірге келді. Екіншіден, орыстар финдермен XX ғасырдың басында соғысты. Бір ғасырда 17 ұрпақ қалай өседі?    (Қоян емес қой)

Бұл аз болғандай, Әбдуәлі мырза,үш күн жүріп, Бабатадағы туысқандарына аз Ыстының ішінде жүргенше, көп шымырмен бірге болайық дейтіндей не басына күн туды?

Белгілі зерттеуші Нысанбек Төреқұлдың “Даланың дара ділмәрләрі” деген кітабында Алдаберген Нұрмаханұлының Сүлгетайдың – Бибігүліне жолдаған хатына, Зұлпыхар Балғабаевтың берген жауап хатын зерделеп оқыған саналы адамға,Сүлгетайдың Бестерекпен туысқан екенін,Тасшаға молда болғандығын айтады. Жоғарыда айтылған жайлар Сайлаубек Есмырзаұлының сөзін толықтырып тұр ғой.

Өзіңмен осы жолда бірге болған жолсеріктеріне келейік.

Қайратбек Нұртаев – Ешқандай да шежіремен айналыспаған, жұмысы ауылдан аспаған, қәзір молдасымақ болып жүр. Ералиев Шынайдар – 2008 жылы біздер Тілік бабаға кесене қоятын кезде,Түркістан ауылдық аймақтың әкімі Болат Асқарбекұлының үйіндегі жиында мен Бестерек пен Сүлгетайдың кім екенін айтып бергендігі айтқан сөзі, «Тұрсынбек Рысбеков ағамыз қайда болса, мен сондамын» дегеннен басқа айтары болмады.Рысбеков Тұрсынбек-Ешқандай да шежіреші болған емес, жасы 70-тен енді асты. Біздің ойымызша біреулердің сілтеуімен ел арасына жік салуда.Сіргелілер Ақмешітке қойған Ақмолданың тас белгісін, шырақшысымен бірге шығарып тастады.Осыдан кейін ел бетіне қалай қарайсыңдар?

Бір шындық, Ақмолданың өзінің ұрпағы тараған жерінен қаңғырып кетіп өлетін қылмыскер емес екендігі ақиқат. Ақмолданың (Сүлгетайдың) таза ұрпақтары бабаларының тас белгісін “Бабатадағы” ұрпақтарының арасына орнықтырды.

                   

                                                                              Серікбек Еркінбекұлы

АқмолдаСүлгетай
Tagged on: