Тоқан молда Мұстафа ұлы  1893 дүниеге бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Белтерек өнірінде келген.  Уақ руынын Шөкше деген тармағынан тарайды. Онын ішінде Қалдыбай, Қопабай аталарымыздан.

Қалдыбай Қопабайұлы  1866-1868  жылдары Аягөз сыртқы округіне аға сұлтан болған. Қарадан шыққан хан атанған Шоға Үңгіт Шөкше атасынан.

1866 жылғы сайлауға Тобықты Құнанбаймен бірге түсіп жеңіс алған. 868 жылы Ресейде аға сұлтандық жүйе жоғалғандықтан, қазақтан шыққан ең соңғы аға сұлтан. Қалдыбайдың немере қызы Мәлике (Уакбайдың қызы) Құнанбайдың Ысқақ деген ұлына ұзатылған.

         Тоқтамыс батырдан Байғабыл, Өтеп, Ақтілеу, Отыншы, Ергей тарайды.

Тоқтамыс батырдын баласы  Өтептен Қарамолда, одан Мұстафа молда, Мұстафадан Тоқан молда, Қоқан  молда тарайды. Бұл  адамдар жеті атасынан молдалық үзілмеген дін иелері болып, халқына адал қызмет еткен. Тоқан молда дін жолын ұстаумен қатар білгір мықты тамыршы, емші, қазіргі тілмен айтқанда білікті дәрігер болған. Тоқан молда атамыздын шипасы тиген емшілік қасиеттері  мен молдалық дарындары жайлы әлі күнге дейін аңыз қылып ел айтады.

         Тоқан молда зираты Жаңғыз Төбе аулынын жанында Алматы тас жолынын бойында, осы күнге дейін  көп адамдар арнайы іздеп келіп құран дұға бағыштап, ем шипа тілейді. Атамыз жайлы басқа кітаптарда толық мәліметтер көп жазылған.

 

Тоқан молда
Tagged on: