Есен батыр талай соғысты басынан өткерген, қалмақтармен шайқаста көзге түсіп \\\” Батыр \\\” атанған адам болыпты. Адай елінде үлкен ақсақалдар тілімен айтылатын: \\\” Есен, Сары, Ер Жанақ, Тұрмамбет, Өмір, Ер Ылабақ… \\\” деп келетін шумақтағы Есен батыр осы, Өрдектің баласы, ал Сары Жомарттың Солтангелдісінің 4 баласының бірі деп пайымдаймыз…

Адайда \\\\\\\”би\\\\\\\” деп айтулы

\\\\\\\”Бес Өрдектің\\\\\\\” Есенін,

Биліктің білген есебін.

Тәңірдің берген заманында

Ер қылған ауыл есерін,

Жүйрік етіп жүлде алған

Жүрмейтін шабан есегін.

Тілді терең би шыққан

Еріні қалың екі елі.

Бал тамызған таңдайдан

Қызыл тілмен екі ерін.

Білгірлер шыққан білімді

Дүниенің білген бекерін,

Фәнидің бастан өтерін.

Ағайын \\\\\\\”ащщы болмаң\\\\\\\” деп,

Айтулы ғой ақсақал

Тұр, Жұбатұр кешегі

Сынабай шешен, сірәдан,

Хандарды байқап сынаған,

Балталы ханға барған күн

Сайраған бұлбұл-шешенім.

Таңдайға дәмі татыған.

Лебізі шырын шекерім,

Сымбатты сұлу шекелім.

Хан ордасы қақ төрде

Шашағын жиып ескеріп,

Тентегін тиып тексеріп,

Түйілген жерін шешерім.

Ермембет би ежелден

Жан екен Қыдыр дарыған…

Түмен Балтабасұлының Есен ата ұрпақтарына арнаған жыры.

Біраз жылдардан бері қырбай болып, ара-тұра найза кезесіп алған екі халық- Қазақ пен Қалмақ арасы осы соңғы 3-4 жыл маңайында бейбіт, әсіресе Қалмақтың әулетті бір қоңтайшысымен қоныстас Қазақтың Өрдек байының ауылының арасы жақсы. Білем деушілер Өрдектің шешесі Қалмақ қызы Ақсұқсырдан туылып, әлгі қонтайшыны нағашысы дейді. Қалмақ сұраса келе қарын бөле шыға келетін Қазақ емес. Руға, атаға бөлінбейтін көрінеді бұлар. Қара Қалмақ, құба Қалмақ дейтін екі ғана жұрт. Тілі бір, діні бір бола тұрып, сол екеуінің арасында жиі-жиі қара мысық өтіп жататыны тағы бар. Өрдектің Ақсұқсыр анасы құба Қалмақ. Солардың ханы Аюкенің қызы. Ұзатылып бара жатырған жерінен Қазақтар көшіне тиіп қолға түсірген. Шапқыншылықтан келген қыздың артынан күң атағы қалмаушы еді. Өр, сұлу әрі ханның қызы Ақсұқсырға ондай ат жолаған жоқ. Қайта балағынан бала төгіліп Айтумыс, Жеменей әулетінің басын көбейтіп би бәйбіше болды. Аралас қаннан болғандықтанба, балалары да өңшең сен тұр мен атайын дейтін, сайдың тасындай болып өсті. 

Осыған сүйсінген Өрдек бай нағашы жұртымен сүйек жаңғыртып, бір баласына келінді солардан алмақ болыпта талпынып көрген, біақ Қалмақ жағы қарсы құда болайық, қыз орнына қыз алайық деген соң аяғын тартып қалды. Өзі Өрдек бола тұрып ата жауына жылатып қыз беріп жатса, жандарына жағарма еді шіркіндердің. Қалмақтарға Өрдек балалары нағашы жұртымызғой деп ат ізін салып жатырса кет әрі қабақ танытпайды. Бірақ бұлардың бауырластығы Қазаққа ұқсамайды. Жиен болып ойнағаныңды, жасаған еркелігіңді Қазақ салтына жетіктері болмаса, былайғылары  түсінбейді. Жай қалжыңға күлуін күледі, қаттырақ кетсең қабағын түйеді. Өрдектің екі баласы Олжашы мен Бөкен әкелерінің нағашысының ауылына қонақтап барған, бір айдай аунап-қунаймыз деп арқа-жарқа болып кетіп еді, араға бір жұма салып арса-арса болып жүдеп келіп тұр. Сұрастырып көрсе, Қалмақтар малды бауыздамай сояды екен. Қаны бойында қалған ет дәмді, сөлді болады деп түсіндірген. Соны көріп қалған екеуі ұшынған екен. Бұларға қонақасы бауыздалып сойылсада көңілдерінен күдік қашқан соң татып алмаған.

Ендеше Нағашыларымның 40 серкеші маған бұйырып тұр екен, деп күліп, Есен батыр қалмақ ауылына жол тартты. Бала күнінде Ақсұқсыр әжесін көп төңіректеген, өзге немереден гөрі жақындау болған Есеннің әуелден қалмақша тіл сындырғаны бар еді. Екі ел қоныстас, аралас-құралас болған соң, үнемі көрісіп, білісіп жүріп Қалмақша жақсы сөйлесетін болып алған.

Есен сол сапарда ұзақ болады. Келген соң да ауылда көп болмай әлденені сылтау етіп солай қарай тағы кетті. Күзеуде өрісінің шөбі шүйгін, суыда айдамал емес деп Қалмақ жақ беті алыстау барып қоныстанған. Артынша Қалмақтың Сұқсыр қызымен әуейі екен деген қатын-қалаштың сыпсыңы көбейіп кетті. Қымызды кім ішпейді, қызға кім көз тікпейді, дейтін жұрт оған пәлендей мән беріп жатырған жоқ. Қайта Қалмаққа сауап болған, Есекең босқа қайтпай нағашысына ұрпақ қалдырсын деп қалжыңдап қояды. Есен ағаларының алдынан өтіп көрсе олар азарда-безер болады. Бір қыз үшін Қалмақтармен жауласуға бармайды. Жалғыз жолы алып қашу. Келіп қалған келінді қайтарып жібермесі анық. Намысқа тырысады. Алып қашуға ыңғайлы мезгіл көктем. Әзірге жылқыны тебіндетемін деген сылтаумен ауылдан кетіп қалып қызбен жолығып жүр. Қыз жеңгесінің көңілін тапқан, жолықтыратын сол. Ақыры көктемде келіп жетті, өзен жиегінің қопалы қамысын қыстап шыққан ел, масасы, сонасы аз кең жайлау төріне ұзап көшті. Қалмақтарда іргесін алып көшті, Есен батыр үшін ұрымтал сәт туды. Есен батыр інісі Кенженің баласы Қонайды жанына серік қылып, жараулы аттарымен жолға шығады. Есен мен Қонай қалмақ ауылының сыртын торауылдап отыр. Уәделі күндері бүгін. Әлден уақытта ай қарасында қызда көрінеді. Аймаласып тұрар мұрша жоқ. Құшақ айқастырып көріскен бойда қыз жетектегі сәйгүліктің үстіне қонды. 

Әттеген-ай, қос аттан алып шықпаған екенсіңдер деді қыз.

Осы аттарда бір қараға жеткізер деді, Есен батыр.

Жайшылықта жеткізеді. Қуғыншылар шықса қиын. Ауыл құлақтанып қалыпты, қууға дайын отыр. Алда торауыл бар, жеңгем айтқан, екеу-ақ жүрсіңдерма деді қыз. 

Еее, қыз алып қашуға қалың қол ерітудің қажеті не?- қамсыз Есен ақырын күліп қойды. Қонайдың да көңілінде қорқыныш жоқ. Әйтседе қыз қауіпі расқа шықты. Ай еңкейе бір бүйірден тосқауылшылар қарасы көрінді, біраз адам. Есен әуелі, қыз ауылының таныс- біліс қалмақтары болып тіл табысып қалармыз, ішінде достасып жүрген жігіттер бар шығар, жауласуға бара қоймас деп үміттенген, жоқ, олай болмай шықты. Қырсыққанда бұлар қыздың айттырулы жағынан екен, бірден-ақ жебе боратты.Енді ұрыста-тұрыс жоқ, бұларда қорамсапқа қол салды. Қонай мерген болғанда, әкесі одан өткен. Садақтарын 2-3 тартып үлгергенде қуғыншылардың алдынғы легін селдіртіп-ақ тастады. Өзгелердің беті қайтқанын пайдаланып ілгері сырғи береді. Бірақ қуғын қара үздірер емес. Есен мен Қонай екеуі кезекпен  кезек арта қалып жасқаумен қашып таңды да атырды. Жарық түскенде көрді, қуғыншылар қарасы түндегіденде молайып қалыпты. Сірә, қыздың ауылындағылар да арттарынан жеткен болды. Ішінде жебесін алысқа ұзатар садақшылары жоқ екен. Сол сеп болып, бұл жолы ілгері қыздың өзін оздырып тосқауылдаған екі ноян тағы алдыңғы лекті жебе ұшына байлап селдіретіп тастады. Осы жағдай екі-үш рет қайталанды. Күн түстен ауды. Қуғыншылар қалар емес. Бесіннен төмен түсті, Қалмақтар борбайлап келеді. Алдан өзен көрінеді, оқ жетер жерге жетсе, көп көптігін істер. Өзеннің ортасына бармайақ үшеуі жебеге жем болады. Алдымен Есен батыр тілге келеді.

Мен тосқауылда қалайын, сен шешеңді алып әрі өте бер.

Мен қаламын, әке, серік болып несіне еріп келе жатырмын деді, Қонай батыр.

Жоқ айналайын, әке айтты-заң. Егер жазым болып кетсем, беті аулақ, әйткенмен шешеңнің ішінде үш айлық бала бар. Ұл туса атын Өтебай қойыңдар, менің өтемім болар. Қыз туса өздерің білерсіңдер. Шешең аманат, Алла жолдарыңды ашық қылсын. Өзеннен өткен соң артыңа қарамада, қарайлама. Осыны айтып, көзі жасаурап тұрған қызбен, Қонайдың маңдайларынан сүйген, Есен батыр қыраңнан бері асқан көп Қалмақтың алдынан ат ойнатып шыға келеді. 

Өзен тасып жатыр еді, бірақ қос арғымақ танаулары пырылдап көп қиналмастан жүзіп өтті. Қиналу былай тұрсын сүргін шабыстан қызған денелері салқындап, сергіп қалған сыңайлы. Тастақты жағалауға шыққан соң сілкініп-сілкініп алды. Жүрістеріде жайлы болып сала берді. 

Бауыры түскір жаманғой, әкесі артыңа қарама деп айтқанмен шыдай алмаған Қонай батыр шешесін бір қырдан асырып тастап кері салды. Өзенге жақындағанда көрді, қуғыншылар жетіпті. Есен батыр ендігі кезекті найзаға беріпті. Суға бас қойып жатқан адамсыз аттардың саны біршама көп. Соған қарағанда жалғыз атты Есен олар үшн оңай жау болмаған. Қонай атының аяғы өзен суына тие бергенде әкесінің денесі біраз найзаның ұшында тұрғанын көреді. Қонайдың келе жатырғанын көзі шалып қалса керек, соңғы демін алған күйі қолын сілке сермеп үлгерді. Оның бұл соңғы қимылы қоштасқаны емес кетіп үлгер дегені еді. 

Екі атты ай жарығы әлсіз түн қойнына сіңіп келеді. Қуғыннан құтылған Қонай тізгін бойы алда, онысы бора-бора болып шұбырған көз жасын шешесі болсада төмен етектіге көрсеткісі келмегендігісі. Шапанының екі өңірі суға малшынған қыздыңда моншақтаған көз жасы тиылар емес. Таң алдында алдынан ит үрді, елге аман жетті…

Жерге қырау түскенде өмірге шекесі торсықтай ұл бала келді, Есен батырдың аманаты бойынша аты Өтебай қойылды. Есен батырдан тараған үш бала Сейіт, Сейтімбет, Өтебай арысы болып таралады.

Ағасының жыл садақасын бергенен кейін Кенже жеңгесінің басына жаулық салды. Жылдар жылжып, ғасырлар өтседе азбайтын, тозбайтын ел жады дерегі бұл аңызды осылай тарқатады.

 
Есен батыр
Tagged on: