Ибраимұлы Бектен (Бектеміс)

       Ибраемов Бектен 1909-1972 жылы  Бөкей ордасының Нарын құмы Айбас елді мекенінде  Ибраем мен Қалипа әжеміздің отбасында жеті баланың ішіндегі төртеуі ұлдар солардың  кенжесі болып дүниеге келген. Ұлдары Құбаш, Әйіп, Елемес, Бектен, қыздары Әния, Бапан, Кенжебай. Әйіп пен Елемес Ұлы Отан соғысына қатысып сол соғыста қаза болды. Әйіптен –Нәсіп, Елеместен – Қалима  қыздары қалып олардан өрбіген ұрпақтары Орал, Атырау облыстарының жерінде тұрып жатыр. Үлкені Құбаштан Сырым, Шамен тараған балалары Алматы, Астана, Маңғыстау, Атырау жерінде тұрып жатыр. Қыздардан тараған жиен-жиеншарлар баршылық. Ибраемұлы  Бектен жастық шағы кеңес үкіметі кезінде аласапыран кезге тап болып, тек қана қара танып, оқи алмаған. Әкесі сауатты болған. Сол кездегі басқару жүйесінде ауыл старшыны болған. Орта шаруа болуымен қатар елге сыйлы болған.

            Нарын құмының  берекетін алған патша үкіметінің Ақ гвардияшылар армиясы осы Нарын құмы арқылы босып қашқанда, талай қиыншылықты бастан кешіп отырған елінен ешқайда кетпей, өз отбасын сақтап қалған бірден-бір отбасы болған. Бектен 1931 жылы Сисенғалиқызы Марфуғамен (Мәрпіш) отбасын құрып он ұрпақты дүниеге әкелген.  Қызы Жаңылсын мен ұлы Шамұрат жас кезінде қайтыс болады. Басқа төрт ұлымен төрт қызынан  ұрпақ бар, ал жастай қайтыс болған баласы Абаттан  ұрпақ  жоқ. Жеке шарушылықтар таратылып, «ТОЗ» одан кейін колхоздарға мүше болып,  мал емдейтін санитарлық жұмыс жасаған. Гурьев қаласында мал дәрігерлер даярлайтын қысқа мерзімдегі үш айлық курста мамандығын жетілдіріп,  өмірінің соңына дейін осы өңірдің Новобогат ауданы Чапаев совхозында мал дәрігері болып жұмыс жасады.

            Ұлы Отан соғысына шақырылып Чкалов қаласында оқу жаттығуда екі айдай болып, ден саулығына байланысты елге қайтарылады.  Сол соғыс жылдары Нарын құмындағы төрт колхоздың мал дәрігері болып жұмыс жасаған. 1972 жылы 63 жасында қайтыс болды. Үлкен ұлы Мұрат мұнайшы Құрмет белгісінің иегері, Исатай  ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Мұнайшылар өмірі және басқа өңір өткелдерінен жазған бес кітаптың авторы. Баласы Самат Бектенұлы. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан мәдениет қайреткері,  Республикалық  газет журналдардың бас редакторы, басқа да жауапты қызмет атқарған. Қазақстан Журналистер Акедемиясының Акедемигі, ұрпақтары жоғары білімді мұнайшы, заңгер, қаржыгер, энергия саласында, т,б салаларда еңбек етеді.  Кіші баласы Таңат  Бектенұлы мұнай саласында энергетик болып қызмет атқарады.

 

Сәуір айы 2020 жыл.

Ибраимұлы Бектен (Бектеміс)
Tagged on: