Назар аудары

Ақын, Жазушы, Журналист. Халықаралық жазушылар одағаының, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналисттер одағының  мүшесі, Қазақстан Респбликасының Құрметті журналисі. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, құрметті туындыгері, \”Шоған абыз Сүйерқұлұлы\” қоғамдық қорының Ревизиялық комиссия мүшесі.                             

          1950 жылы 7 маусымда Жамбыл облысы Талас  ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген.1967 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм сегізжылдық мектебін бітірген, 1967 жылы Алматы облысындағы Алматы қаласындағы ГПТУ № 142- училищесінде оқыған. Оқи жүріп,  сол оқу орнында киномеханик жұмысын атқарған. 1967 жылдан бастап, аудандық, облыстық « Жетісу»  газеттерінде «Көктем»,« Мектебім» сияқты өлеңдері, түрлі тақырыптағы мақалары газет бетіне жарыққа шыға бастады. Училище де оқып жүргенде Алматы облысы « Жетісу», « Лениншіл жас» газеттеріне штаттан тыс тілші де болды. 1968 жылғы көктемде Алматы облыстық кәсіптік техникалық білім басқармасының ұйымдастыруымен болған, Алматы қаласында өткен облыстық көркемөнерпаздарының байқауында сатира өлеңдерді нақышына келтіріп оқығаны үшін Алматы облыстық білім басқармасының әділқазылар алқасы төрағасы Тарасенко, Аталықовтың алғысымен «екінші дәрежелі диплом» жеңіп алған. 1968 – 1971 жылдың желтоқсан айына дейін Қиыр шығыста Владивосток қаласында атом сүңгуір қайығында торпедист моряк болып қызмет істеген. Үш жарым жылғы қызметте  жүргенде, үздік қызметіне байланысты жиырма жасымда коммунисттік партия мүшелігіне өтіп, сол жерде екі жылдық кешкі партия мектебінің түлегі  атанды. Саяси білім алды. Су асты сүгуір қайықта жүргенде  республикалық газаттерден қол үзбей көптеген мақалалар, өлеңдер жазып шығармашылығын  шыңдай түсті. Екі жылдық партия мектебі ерте есейтіп, өміріне үлкен жолдама, білім берді. Саясаттан басқа орыс, шетел әдебиеттерін оқып сусындауға мүмкіншілік алды. Орыс тілін жақсы меңгерді. Көп оқып білімін, өз бетінше жетілдірді. Әдебиетке деген құштарлығым  жыл өткен сайын  арта түсті.. Басқа ұлыттардың ішінде жалғыз қазақ  болып  қызмет етсе де, өз ана тілін жоғалтпай, қайта шыңдап, қоржынына салып  Қиыр шығысқа алып кеткен  Ұлы Абайдың  таңдамалы бір томдығынан, нәр алып, үш жарым жыл  Абайдың өлеңдерімен тілдесіп  келген азамат. Борышын өтеп келген соң партия мектебін бітіруне байланысты, 1972 жылы мамыр айында Алматы облысының партия комитеті Еңбекшіқазақ ауданының  ішкі – істер басқармасына қызметке жолдама береді. Содан бері 50  жыл Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласының тұрғылықты тұрғыны. Осы қызметте ұзақ жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Осында үй – жайлы болды. Қызметте жүріп Еңбекшіқазақ ауданының намысын қорғап, облыстық ақындар айтысына он төрт рет қатысты. Бұл айтыстан ентікпе ауруына байланысты бір жотала қол үзді. 1975 жылдан бастап 1986 жылға дейін Алматы облыстық ақындар айтысында бірнеше рет екінші орынды иемденді. Еңбекшіқазақ аудандық көмитетінің сыйлығы ретінде екі пәтерлі үйді кезектен тыс берді. Мұқағалидың елу жасқа толған мерекесіндегі Нарынқолда  болған облыстық ақындар айтысында лаурянт атанды. Бұл жөнінде 1981 жылы «Дружба» журналының арнаулы тілшісі Разия Гапурова Шаяхмет Құсайынұлы  шығармашылығы қақында « Поющее сердце» деген көлемді мақала жазды. Ол журнал Орыс және Болғар тілінде шықты. Сол жылдары  СССР Журналистер Одағының мүшелігіне өтті. « Қылмысты құтылмайды» 1985 ж «Ерекше тапсырма» 1986 ж, «Із кесу» 1989 ж  Бұл кітаптар көлемді данамен «Қазақстан» баспасынан жарық көрді. Шаяхмет үшін 1980 жылдың басынан аяғына дейін шығармашылығының елеулі  жылдары  болды. «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жетісу», «Ана тілі» газеттері өлең, мақала, әңгімелері жиі  жарияланып тұрды. Төселген ақын, жазушыға айналды.1990 жылдан 1993 жылға дейін жазушылар одағының шығармашылық үйінің директоры. 1994- 1998 жылға дейін республикалық «Ақбаян», «Тамаша» газеттерінің бас редакторының орынбасары, 2005 жылдан 2014 жылға дейін  Халықаралық «Қазақстан – Zamah» газетінің сын бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылы Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне өтті. «Жолбарыс жүрек» 2001ж , «Ғаламат пен зұлымдық» 2002ж, «Жырлайды менің жүрегім» 2003ж, «Өлеңім – өмірім» 2002 ж, «Атам қазақ» 2004 ж, «Ғасырлар ағыны» 2005ж, «Ғұмыр жүрек» 2006ж «Жауһар сөздер» 2007ж тақырыбы айтып тұрғандай, Шығыс даналарындай төрт таған өлеңін, әр тарауға бөліп  жеке кітап етіп шығарды. Төрт таған сияқты даналық сөздерімді қазіргі кезде мұғалімдер, оқушылар жаттап айтып жүр. Осы жылдары «Аралым қайта туса» өлеңдері «Алматыкітап» баспасысының құрастыруымен 4 сынып оқулығына кіріп,мектеп бағдарламарларына енді. 2016 жылы «Мектеп» баспасының құрастыруымен 7-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына «Боран» деген әңгімесінен үзінді келтіріпті.  Осындай даналық сөздерден  «Өмір- дәрия», «Өлең – өрім» атты  кітаптары да оқырмандардың ықыласына бөленді. Елу жылдық шығармашылықта жүріп, жиырма беске жуық поээиялық, прозалық кітаптардың авторы атанды. 2010 жылы «Қазақстан» «ҰТА» «Таңшолпан» ақпаратты сазды бағдарламасының «Таңғы шық» айдарында өткен ақындардың мүшайрасында, оқыған  өлеңі  көпшіліктің басым дауыс беруімен үздік атанып, бірінші орынды иемденді.2015 жылы  Республикалық «Хабар» телеарнасының ұйымдастырумен болған «Наурыз жыр» бәйгесінде оқыған «Наурыз» жайлы өлеңі көпшілік ақындардың ішінен бас жүдені жеңіп алды.  Қазакстан Республикасы Мәдениет және  Ақпарат Министрлігі Тіл комитеті М. Сқақовтың қолынан Құрмет грамоталарын, Қазақстан  Журналистер Одағының бірнеше рет дипломдарымен  марапатталдым. Қытай Халық Республикасында шығатын төте жазу әріпімен басылатын  көптеген газеттермен, Халақаралық «Көкжиек» журналында бірнеше  рет «Қазақ болып туғаныма мақтанам», «Атам қазақ» өлеңдер топтамалары, «Абай, Абай, ұлы Абай» атты поэмасы оқырмандардың ықыласына бөленді. Облыстық «Іле айдыны» журналында көптеген лирикалық өлеңдері бірнеше рет жарық көрді. Елу  жылдан астам уақытта, мыңнан асық өлеңдер мен поэмалар, дастандар жазылып, екі роман, бірнеше повестілер, әңгімелер, жеке кітап болып шықты. Бұл кітаптар Қазақстан Республикасының Ұлыттық кітапханасы мен Астана қаласындағы Республикалық акедемиялық кітапхананың электронды оқулығынан орын алған.

         Шаяхмет Құсайынұлы шығармаларында егеменділігіміздің құрылуына, оның өркендеуіне, салиқалы-сараптал саясатына,  еңбегімнен де, қаламыммен де, қолдау көрсетіп келе жатқан белгілі ақын, жазушы, үлкен азамат. Бұған Аламаты қаласы мен Алматы облысындағы аудандар, Павлодар қаласы, Екібастұз, Ертіс, Ақсу аудандары, Шымкенттің Түкістан, Отырар, Жамбыл облысының Тараз, Қаратау, Талас, Мойынқұм, Жаңатас, Ақтау, Атырау, Оралдарда бірнеше рет журналистік іс – сапармен жүргендегі  көптеген әдеби шығармашылық кештері куә. Қай жерде жүрсе де  Отанды, жерді, елді жырлау ең басты бағдар шамы. 2014 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» сазды бағдарламасының ұйымдастыруымен  өткен «Жырлаймын туған елімді атты» мүшайрада «Отан деген» өлеңін диктор нақышына келтіре оқыды. Қазақстан теленарнасында өтетін «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламасының кейіпкері және қонағы, өзінің айтар ойы, жеке пікірі бар адам. Бұл жөнінде миллиондаған халық біледі. Анасыз қалған төрт кішкентай жемімектерді, балалар үйіне өткізбей, өзімнің жалғыздығына қарамай, қиын –қыстау 1990  жылдардан  аман – есен тәрбиелеп шығарады. Осындай қиындықта да,  шығармашылықпен  шұғылданып, ұрпақтарын  жоғары білімді  етіп тәрбиеледі. «Ғасырлар ағыны» атты таңдамалы жыр жинағы, Қазақстан Жазушылар одағының жыл қортындысында ақын Қасымхан Бегімовтың баяндамасында мақтауға ілікті. Есіктен табылған «Алтын адам» жадігері жайында «Алтын киген ханзада» атты  тарихи – шежірелі жыр дастанын жазып бітірді. Оған Жазушылар мен ғалымдар жақсы пікірлерде жазды.   

ныңыз, Шаяхмет туралы мақала енгізудесіз

Шаяхмет Құсайынұлы
Tagged on: