Назар ау

Айбол Құдайбергенов сері, SAYAT дәстүрлі саятшылық орталығы мүшесі, Халықаралық Қазақ саятшылар қауымдастығының кеңесшілер төрағасы, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, әнші, күйші және композитор

 

Айбол Құдайбергенов – 1979 жылы 10 сәуірде, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол селосында ағаш ұста шебері, саят дәстүрлі өнер иегерлері отбасында  дүниеге  келді дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын 2003 жылы және Аспирантурасын 2009 жылы аяқтады.

Шертер аспабына халық күйлерін, халық арасынан шықан және қазіргі заман композиторларының күйлері мен шығармаларын лайықтауда үлкен еңбек атқарып жүрген Айбол Құдайбергенов «Жеті саз» бағдарламасына шақырылып, оның шертермен орындаған бірнеше күйлері осы күндері «Қазақстан» ұлттық телеарнасының алтын қорында сақтаулы. Қазақтың тарихи-мәдени және рухани мұралары мен  қазақтың дәстүрлі саятшылығын сақтау, дамыту және дәріптеу жолында барынша еңбек етіп ұлттық өнердің бірнеше бағытын қатар алып келе жатқан ұлтжанды сері азамат.

2002 жылдан Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына фольклорлы-этнографиялық «Адырна», қосалқы «Қобыз сарыны» ансамбльдерге жұмысқа аспапшы артист және өңдеуші ретінде қабылданып, кейін 2012 жылдан бастап фольклорлы-этнографиялық «Сазген» ансамблінде жұмыс жасап келеді. Филармония артистері құрамымен еліміздің түкпір-түкпірінде, шет елдерде (Ресей, Оңтүстік Корея, Израиль, Түркия, Египет, ҚХР, Германия, Венгрия, Сербия т.б.) гастрольдік сапарларда өнер көрсетті.

2013 жылдан \”Тиграхауд\” этно-рок тобының белді мүшесі.

2017 жылдан бастап қосымша Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінде шертер класын ашып, ұстаздық қызмет етуде. Осы колледжде  фольклорлық \”Мерей\” ансамблін құрып, жетекшілік етіп келеді.

Қазақтың ұлттық аспаптарын атап айтсақ – домбыра, шертер, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, жетіген, барбыт, қобыз т.б жетік меңгерген. Қожеке Назарұлы, Байсерке Құлышұлы бастаған Жетісу күйшілерін насихаттауда. Бірталай халық және халық композиторларының күйлері мен әндерін өңдеп, фольклорлық-этнографиялық «Адырна», «Сазген», «Қобыз сарыны», «Алтынай» би ансамбльдеріне лайықтап, репертуар қорларын толықтыруда толассыз еңбек ете жүре, өз жанынан халық аспаптарына арнап күйлер шығаруда.

Айбол Құдайбергенов Халықаралық және Республикалық конкурстарының лауреаты, әнші, күйші және композитор Айбол Құдайбергенов, сонымен қоса қазақтың көне аспаптары мен күйлерін зерттеушісі.

Шертер аспабының сүйемелдеуіменен 1998 жылдан бастап, халық әндерін нақышына келтіріп шырқайтын Қазақстандағы жалғыз орындаушы.

2001 ж. Алматы қаласында өткен Республикалық фольклорлық форум-фестивалінде Әміре Қашаубаев атындағы №1 музыка мектебінің арнайы сыйлығының дипломымен марапатталды.

2003 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының намысын қорғап, алғашқы рет Астана қаласында өткен Құрманғазы атындағы V халықаралық конкурсында үшінші жүлделі орынға ие болып, лауреат атанды.

2007 жылы Алматы қаласында өткен «Мәңгілік сарын» дәстүрлі музыка фестивалінің сахибы атанып, бас жүлдесін ұтып алды.

2019 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Алматы облысы әкімінің \”ҮЗДІК АСПАПШЫ\” номинациясы дипломымен марапатталды.

2019 жылы Моңғол Халық партиясының \”ҚҰРМЕТ\” медалімен (ХҮНДЭТ ТЭМДЭГ Дугаар № 015) марапатталды.

2021 жылы Қазақстан салалалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» төсбелгісімен (куәлік № 1162) марапатталды.

2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, Ұлы Абайдың музыкалық мұрасын насихаттау жолында

 

Огни Алатау газетіне «Вечная поэзия – вечные ценности» атты мақаласы жарыққа шықты. https://ognialatau.kz/news/cat-27/8262/ (газет бетіне 15.02.2020 №19)

Шертершілер ансамбліне Абайдың «Торжорға» және авторлық «Желдірме» күйін Қазақстанның қалаларынан құрылған шертершілер ансамбліне өңдеп интернет желісіндегі фейсбук, инстаграм, ютюб парақшаларында видеожазба жарияланды. Қазақстанның облыстық газеттер бетіне яғни Огни Алатау, Солтүстік Қазақстан, Кызылординские вести, сол секілді облыстық телеарналарында шертершілер ансамблі көрсетілді.

Жетісу телеарнасының «Қазақ әні» бағдарламасында Абайдың әндерін шертермен орындалған. https://www.youtube.com/watch?v=2WiZaNvXkhw

Абай күйлерін насихаттаушысы Айбол Құдайбергенов Жетісу телеарнасында үш ішекті домбыра, екі ішекті домбыра және шертер аспабымен «Қазақ үні» Абайдың күйлері бағдарламасымен шықты. https://www.youtube.com/watch?v=VjhpTvYszSc

24.11.2020 Талдықорған қаласының балалар кітапханасының фейсбук парақшасында тікелей эфирде кездесу өтіп, Абай күйлерін екі ішекті домбырада орындады. (Талдықорған Қаласының Кітапханалар Жүйесі фейсбук парақшасы)

Ұлы Абай Құнанбайұлының күйлерін шәкірттері мен ұлдарына үйретуде.

19.11.2020 жылы Алматы қаласында өткен Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына арналған «Абайдың рухани мұрасы және қазіргі заманғы өнертанудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағына.  ҚР Еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, професор Е.Б.Басықарамен бірігіп жазған «Абайдың әндері мен күйлерінің үш ішекті аспаптарда орындалуы» атты мақаласы жарияланды.

2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, Абайдың «Май түні» және «Торжорға» күйлерін ФЭ Сазген ансамбліне өңдеп түсірген. А.Құдайбергеновтің өңдеуіндегі осы екі күй Қазақстан телеарнасында көрсетіліп жатқан «Абай» телехикаясында қолданылды.

дарыныңыз, Айбол туралы мақала енгізудесіз

Айбол
Tagged on: