Егізбаев Құрақбай Үсенұлы (1947—2007) — қазақтың  атақты мүсіншісі, мәдениет қайраткері. Алматы обылысы Райымбек ауданы Шоғансай өңірі, Ұлы жүз Албан ішіндегі Шоған абыз-Назар руының Ыстыбай тармағынан.

Егізбаев Құрақбай Үсенұлы 1947 жылы 5 қыркүйекте Нарынқолда туып өсті. Атасы Өтеген, апасы Алишаның қолында өскен. Бала кезінен үлкен кісілердің тарихи әңгімелеріне құмар болған ол, жаны өнерге, тарихқа, ұлттық өнерге жақын болды.

Арғы ата-бабасынан  бері қол өнер ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан Құрақбайдың ауылын Ыстыбай шебердің ауылы, ягыни Шаңырақшылар ауыла деп атайтын.

Шаңырақтан бастап, киіз үйдің керек-жарағын түгел өзі дайындаумен қатар, ер-тұрман әбзелдерін жасап, қамшы өріп, етік тігетін болыпты. Әжесіде үйдің жасау жабдықтарын түгелдей өз қолынан шығарады екен. Сырмақ сырып, кілем, алаша тоқыған, құрақ құрап, киіз басқан. Үйдің айналасына ұстайтын ши тоқыған.

Өз әкесі Үсен – ағаш шебері болған кісі. Есік, терезе, сандық жасаумен, жиһаз жасаумен айналысып өткен кісі. Үсеннің кіндігінен  тараған он бір баланың 7-еуі ұл, 4-еуі қыз. Солардың ішінде ата кәсібін жалғаған, ең үлкені Құрақбай ғана.

1975 жылы Құрақбай Алматыдағы көркем сурет училищесінің мүсін бөліміне түсіп, екі жылдан соң оның қолөнер бөліміне ауысып, 1980 жылы темірді көркемдеп өңдеу бөлімін тамамдаған. Құрақбай оны бітіргеннен кейін қазақ қол өнерінің үлкен жанашыры Дәркембай Шоқпарұлының қарамағындағы «Мирас» атты қолөнер шеберлеріңің бірлестігінде шәкірт болып, шеберлігін шыңдады. Ұстамен бірге ұлттық нақышта музыкалық аспаптардың барлық түрін,  домбырадан бастап, шаңқобыз, нарқобыз, қылқобыз, шертер, жетіген, дауылпаз, тағыда басқа аспаптарды жасауға қатысты. Солардың ішінде ерекше бір айта кететін нәрсе, Отырардан әкелінген ХVII ғасырдағы бақсы қобызын қалпына қайта келтірумен, сұйық тамақ құюға арналған әшекейлі торсық тігіп, мүсін жасаумен айналысқан, ол өз әкесінің, сондай –ақ Ораз Жандосов сияқты тұлғалардың мүсінімен бірге, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мүсінін жасады.

Әскери болышын Украинаның Одесса қаласында өтеп жүріп, сурет салуғада уақыт тапты. Гипстен мүсіндер жасаумен айналысты.

Құрақбай – нар тұлғалы, алпамса денелі, қазақтың батыр жігіттерінің бірі ғана емес, бірегейі.

Алпамса денесіне қарамай, өзіндік әзіл-қалжыңы, серілігіне қоса әртістігі бар еді. Өз тарихымызға, өткенімізге үңілген әттегенайларымызды еске алып, өз батыр бабаларымызды түгендей бастаған елеулі оқиғалардан Құрақбай да қалыс қалмады, оның жасап кеткен еңбектері оған куә:

  1. Райымбек ауданы Саржаз тауындағы Райымбек батырдың ескерткіші;
  2. Казіргі Райымбек ауданы мен Еңбекшіқазақ ауданының шекарасындағы Райымбек ауданының аркасы (Райымбек батыр бейнесі);
  3. Райымбек ауданы Қаратоған ауылындағы Байсейіт батыр Төлесұлының ескерткіші;
  4. Райымбек ауданы Сарбастау ауылындағы Ұзақ батыр Сауырықұлының ескерткіші;
  5. Райымбек ауданы Қайнар ауылындағы Шоған абыз ескерткіші;
  6. Райымбек ауданы Қақпақ ауылындағы Жәмеңке шешен Мәмбетұлының ескерткіші;
  7. Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы Ораз Жандосов ескерткіші;
  8. Райымбек ауданы Сүмбе ауылындағы Шоқан Уәлиханов ескеткіші;
  9. Райымбек ауданы Қызылшекара ауылындағы Көдек Байшығанұлының ескерткіші;
  10. Райымбек ауданы Қарасаз ауылындағы ақын Еркін Ібітановтың ескерткіші;
  11. Райымбекауданы Қарасаз ауылындағы Албан Асан Барманбекұлының ескерткіші;
  12. Райымбек ауданы Сарбастау ауылындағы Сұраншы Сауранбаевтың ескеткіші;
  13. Талғар қаласындағы Дінмұхамет Ахмедұлы Қонаевтың ескерткіші;
  14. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылындағы ұйғыр ақыны Һезим Искәндеровтың ескеткіші;
  15. Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылындағы Қарақұл батырдың ескеткіші;
  16. Ұйғыр ауданы Жаңасай ауылындағы Құмай болыстың ескерткіші;
  17. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылындағы Құлан Аян Құлмамбеттің ескерткіші;
  18. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батырдың ескеткіші;
  19. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы Мөңке бидің ескерткіші;
  20. Жамбыл облысы Мерке ауылындағы Жауғаш батырдың ескеткіші;
  21. Қызылорда облысы Шиелі ауылындағы Мұстафа Шоқайдың ескерткіші т.б алштың атақтылар мүсінін жасаған.

Құрақбайдың жан жары Ақынсара Жүмәділ қызы, Райымбек ауданы Сүмбе ауылының тумасы. Орта мектепті өз аулында бітіріп, Жамбыл облысы қазіргі Тараз қаласында, Музыкалық училищені оқып, бітіріп, өз аулына келіп ұстаздықпен, музыка пәнінен сабақ берумен айналысады, сонымен қатар, Аудандық оркестрдің қобызшысы болып, түрлі конкурстарға қатысқан, Лауреат төс белгісі бар, диплом, наградалары бар.

1978 жылы Құрақбай мен Ақынсара шаңырақ көтеріп, Алматыға қоныс аударады. Алматыда № 125, № 146 мектептерде музыка пәнінен мұғалім болып қызмет атқарып, Құрақбайдың қолынан шыққан, қазақ ұлттық аспаптарды оқушылардың қолына ұстатып, оларға үйретіп, ансабль құрып, үйірме ашып ұрпақ тәрбиесіне, қоғамға ұлттық рұх сіңіруге үлкен үлес қосқан. Ардақты ұстаз ретінде, көп балалы ана, Құрақбайдай нар тұлғаға нәр берген, асыл жар болып қала береді.

Құрақбайдың артында Гүлзат, Гаухар, Құралай, Динагүл, Фариза атты бес қызы, Мұқағали атты бір ұлы бар. Олар Алматы қаласында тұрады. Әр қайсысы өз жолымен, өз кәсіптерімен айналысады.

Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын оқып бітірген Гаухар әке жолын жалғастырып жүр. Өзінің «Мүсінші Құрақбай» атты кітабында Құрақбай Үсенұлының кісілік болмысын, өнер жолындағы ұлан ғайыр еңбегін, өнерпаздық қабілет – қарымын, көк тіреген Хантәңірінің етегінде айбынды батыр, ағынды дария қақ жарылып жол берген қасиетті Райымбек бабамыздың аруақты тұлғасын асқақтата көтергені, Қарасай, Жауғыш, Байсейт, Ұазақ, Қарақұл батырлардың, елім деп егілген Шоған абыз, ұрпағымды басқыншыға құл етпеймін деген Жәрмеңке, халқымның болашағы қайтсе жақсы болады деген Ораз Жандосов, сөз зергерлері ақтөбелік Мөңке би, аспантаулық Албан – Асан, заманының қуғын – сүргінімен өмірі өткен Көдек ақын, патшалық Ресейге де, Кеңес өкіметіне де жақпай, азапты өмірді арқалап кеткен Құмай болыс, күллі қазақ баласының жан – жүрегін баураған «Менің атым Қожа» атты кітап пен фильмнің авторы жазушы Бердібек Соқпақбаев, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев сияқты асыл тұлғалардың келбетін мүсіндеп, халқына қайтарып, ұмытылмастай із қалдырғаны туралы толық суреттелген.         

Құрақбай Үсенұлының қолынан туған әр алуан мүсіндік туындылар динамикаға құрылған композиц. бірлігімен, бірегей табиғи тұтастығымен ерекшеленді. Ол қолданбалы өнер саласында да жемісті еңбек етіп, көптеген муз. аспаптарды жасады, мұражайлар қорындағы көнерген экспонаттарды қалпына келтіру жұмысына да елеулі үлес қосты. Оның қолынан шыққан дабыл, домбыра, нарқобыз, кепшік, шертер, шіңкілдек, т.б. халық музыкалық аспаптары Алматы қаласындағы Орталық тарихи, халық музыка аспаптары және Абай (Шығыс Қазақстан облысы) мұражайыларында сақтаулы

Құрақбай
Tagged on:

Егізбаев Құрақбай Үсенұлы 1947 жылы 5 қыркүйекте Нарынқолда туып өсті(1947-2007). Атасы Өтеген, апасы Алишаның қолында өскен. Бала кезінен үлкен кісілердің тарихи әңгімелеріне құмар болған ол, жаны өнерге, тарихқа, ұлттық өнерге жақын болды.

  21. Қызылорда облысы Шиелі ауылындағы Мұстафа Шоқайдың ескерткіші.