Құдайберген Қайрат Жолдыбайұлы  Қазақстан республикасының құрметті мәдениет қайраткері, актер, сазгер ақын 26.02.1960  жылы  Алматы  облысы  Нарынқол  ауданы  Қайнар ауылында, ағаш ұста шебері, өнерлі отбасында  дүниеге  келді.  Ұлы жүз, Албан руының абыз Шоған би ұрпағының Елібай тармағынан.

 1967-1977  жылдары  Нарынқол ауданы Текес орта мектебін аяқтаған. Отбасылы, 2 ұл 1 қыздың тәрбиелеп, 6 немеренің атасы.  1977-1982 жылдары  Москва  Мемлекеттік Театр Өнер Иститутында  («ГИТИС» имени А.В. Луначарского РАТИ) актер драма және кино актері мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1982 жылдан осы уақытқа  дейін  жалғастырып  келеді. 1982  жылы  С. Сейфуллин  атындағы  Қарағанды  облыстық  театрынан  бастаған. 1983-1985 жылдары  Кеңес  армия қатарында, 1985-1986 жылдары Қарағанды облыстық филармониясында эстрада вокалды  “Гакку” ансамблінде көркемсөз  әртісі  болып жұмыс  атқарған. 1986жылдан  Алматы облыстық  Сүйінбай  атындағы филармониясының  директоры  К.Туяқавтың шақыруы бойынша көркемсөз әртісі болып жұмысқа қабылданды. 1980  жылдан  осы  уақытқа  дейін Украин киностудиясы Довженко, В.Кетлинская романы   бойынша “Мужество” фильмінде,  Мосфильм ”Великий  самоед” фильмінде, Қазақфильм “Отчим” , Ақын 2021жыл.  Әртүрлі киностудияларымен  түсірілген  “Олимп шыңы”, “Саған сенемін”,   “Ауыл сақшысы”, Аяулы арман” т.б 30 дан астам кинофильмдерде  және 2 деректі фильмдерде, 2 музыкалық бейнебаянда, 1 жарнама  ролигінде әртүрлі рөлдерді сомдады. 1992жылдары Марат  Сахатовтың қазақ телевидениесінде “Кеш  жарық” , Қойшығұл Жылқышиевтің бастауымен  Қазақ телевидениесінде Телевизиялық  тамаша театры  “ТТТ’, 2005 жылдарында белгілі сатирик Көпен Әмірбектің  “Ара болады , шаққан жері жара болады”,  Қазақстан халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаев театрында, “Терісқақпай” комедия театрында актер болып қызмет істеді. Осы  күнге  дейін жұмыстан  тысшәкірт дайындаумен келеді. Шәкіртері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дархан Дайырбек болса ,  шәкірттері Жүргенов атындағы театр және өнер академиясына, Ж.Елебеков  атындағы Республикалық цирк және эстрада колледжіне актер мамандықтары  бойынша  оқуға  қабылданды. М.Мақатаевтың  сөзіне  жазылған «Соқпақ» өлеңіне әуен, және де «Шетел және қазақ музыкасының қосындысы» (Шақыр-шұқыр пародия), Ойбай салдым, Үридім айдай сияқты әзіл әндердің авторы.  Қазақстан авторлық қоғамының мүшесімін. Осы уақытқа дейін Халықаралық және 1-Республикалық эстрада әртістері байқауының 1 ші жүлде лауреаты атанып, Қазақ хандығының  550  жылдық  мерекесінің  естелік  медалін  және ТURKSOY  алғыс  хатының иегері. 2019  жылы “Ұлыдала” Респуликалық қоғамдық бірлестігінің  Қасым-Хан атындағы “Алмас Қылыш”сыйлығымен, 2021 жылы  Мұқағали  Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қорының дипломымен, 2021 жылы Алматы облыстық мәдениет және тілдер басқармасының бастығы Көлбаев Марлен  Қапашұлынан “Құрмет  грамотасы” сонымен қатар Қоғамдық марапаттар  жөніндегі  Республикалық  Кеңестіңеліміздің  мәдениет  саласына  сіңірген  еңбегі  үшін “Қазақ мәдениетінің қайраткері” атағымен  марапатталған. 2011  жылы  Талдықорған қаласы әкімінің қолдауымен «Талдықорған әуендері» фольклорлық ән би ансамблін құрып көркемдік жетекші қызметін, 2015-2017  жылдары  аралығында  Сүйінбай  атындағы  облыстық филармониясында  бас  директордың  орынбасары  қызметін атқарды. Осы  күнге  дейін мәдениет  саласында  қызметін жалғастырып келе жатқан дарынды мәдениет қайраткері.

Қайрат
Tagged on: